ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕМІЗ?
Мың айдан да қайырлы Қадір түні қабыл болсын!
Рамазан айының ең қасиетті түніне аман-есен жеткізген Аллаға шүкір!
Бұл түн - Алла үшін ғибадат ететін түн. Әркім шамасы келгенше намаз, Құран оқып, зікір, истиғфар айтумен бұл түнді өткізеді.
Мына зікірлерді айтсаңыз абзал⬇️
🔻Кешірім тілеп, тәубе ету
"Әстағфируллаһ уә әтубу иләйһ" деп айт
أسْتَغْفِرُ اللَّهَ وَأتُوبُ إلَيهِ
~Алладан кешірім тілеп, Оған тәубе етемін~
🔻Жәннатты сұрап, тозақтан сыйыну
"Аллаһумма инни әс-әлукәл жәннәтә уә а'узу бикә минән-нәр" деп айт
اللَّهمَّ إنِّي أسألُكَ الجنَّةَ، وأَعوذُ بِكَ منَ النَّارِ
~ Я, Алла! Сенен жәннатты сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сыйынамын ~
🔻Қадір түні оқитын дұға
«Аллаһуммә иннәкә Ъафуун, тухиббул-ъафуа фаъфу-ъанни»
«Я, Алла, расында, Сен – Кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Мені кешіре гөр!»
Алла тілеген барлық дұға- тілектерімізді қабыл етсін!