Ақпарат барынша ашық болуы тиіс. Бұл жайлы бұрынырақта да жазған-дым: https://t.me/mediainkz/155
Ақпараттың дереккөзі кім, кім өндіріп жатыр, кім таратып жатыр, оны таратып жатқан адамдар кімнен қаржы алып жатыр? Қарапайым оқырман қандай да бір ақпаратты тұтынбас бұрын, осы сауалдарға жауап беріп алғаны жөн. Біз өмір сүріп жатқан заман "пост-шындық дәуірі" деп аталады ғой. Ақпаратты талғаммен тұтынып және сыни пайыммен қарай білмесек, оп-оңай жалған хабар мен манипуляцияның құрбанына айналуымыз мүмкін.
Мысалы, өзім мемлекет қаржыландыратын басылымдардың кез келген хабарына күмәнмен қараймын. Әсіресе zakon.kz және tengrinews хабарларына. Бұлар жариялаған әлдебір жаңалықты немесе шулы мәлімдемені көрген сәтте, оған сенбестен бұрын, "бұл хабардың жариялануына кім мүдделі?" деген сұраққа жауап іздей бастаймын. Кейде тіпті ақпараттық шу жасап, "бұлар тағы қандай былықты назарымыздан жасырып қалғысы келіп отыр?" деп ойланамын. Оқырман сенімінен жұрдай болып, журналистика емес, пропагандамен айналысып кеткен өздері кінәлі.
Өткенде zakon.kz Данияр Акишевке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайлы материал жариялады. Кейін оның фейк екені анықталды. Zakon.kz дереккөз ретінде әлдебір телеграм-каналға сілтеме жасаған. Азаматтық қоғам белсенділері АҚШ мүддесіне жұмыс істейтінін айтатын басылым тағы бір мәрте өзінің кәсіби деңгейінен хабар беріп қалды. Zakon сілтеген канал жайлы ақпаратты қарастырып көрдім. Қазақстан экономикасы жайлы жазатынын айтқанымен, канал сипаттамасында кім тарапынан жүргізілетіні көрсетілмеген. Яғни ақпаратты кім таратып жатқаны белгісіз, бұлыңғыр. Ақылды оқырман мұндай каналға бірден сезікпен қарауы тиіс.
Мақтанғаным емес, осы канал жайлы ақпаратты ашсаңыз, каналды кім жүргізетінін көре аласыз. Демек бұл жерде тазалық бар.
Сонымен, қандай каналдың ақпаратына сеніммен қарауға болады? Мысал үшін өзім оқып жүрген бірнеше каналды көрсетіп өтейін. Бұл канал авторларының көзқарасын қолдағаным үшін немесе жарнама үшін жазып отырған жоқпын. Канал атауы немесі сипаттамасында автордың кім екені көрсетілгені үшін жазып отырмын:
@prkazakh
@shatalkanal
@marketologyblog
@kazecon
@Jourfaculty
@suinbike
@zhardushi
Ал осы уақытқа дейін мен кездестірген, Қазақстандағы саясат пен экономика жайлы жазатын, күмәнмен қарау тиіс каналдар мыналар. Бұл каналдар фейк таратады демеймін, дегенмен авторын жасырғанына қарағанда, бұл жерде бірдеңе дұрыс емес:
@CIS91
@kazebitda
@KazTranzit
@aqsaqalkz
@azattygtany
@kazakhbaroque
@shadowcab
Ізгі ниетпен, канал авторы @Orazay Kydyrbayev 😊