Репост из: журфак
Бүгін HOLA NEWS-тің ақпарат министрі Аида Балаевамен «экслюзив» интервьюі туралы сөйлессек.
HOLA өзін «тәуелсіз медиа» санайды. Әрине, уәж жоқ. Қалай айтса да өз еркі, дауласпаймын.
Авторы жоқ интервьюді де, анонсын да оқып шықтым. «Егемен Қазақстанның» шенеунік көсіліп есеп беретін сұхбаттарынан еш айырмасы жоқ. Қызықтыру үшін митингіге шыққандар жаппай ұсталып жатқанда полицияның қалпағын ұшырған экобелсенді, сонысы үшін бостандығы шектелген Әсия Төлесова туралы сұрақ қосқан. Бірақ онда Балаеваның позициясы («айыптауы» деп оқыңыз — Ж.) ғана берілген. Жалғас сұрақ қойылмайды.
Сұрақ пен жауап міне:
— Как вы лично относитесь к решению суда по Асе Тулесовой? Даже не сколько как министр, а как человек с активной гражданской позицией?
— Мы живем в правовом государстве. Парадокс, что иногда люди, выступающие в защиту прав и свобод других, забывают, что закон незыблем и для них тоже. Почему общество осудило применение физической силы в отношении полицейского во время инцидента в Кордае, но эти же люди теперь оправдывают поступок Аси Тулесовой? Закон един для всех. В других странах нападение на полицейского может повлечь за собой гораздо более серьезные последствия.
Бас-аяғы — осы. Ақыры өзі «құқықтық мемлекет» туралы айтып отырған министрге HOLA неге полицияның азаматтарды жаппай ұстап әкетуі туралы сұрақ қоймайды?
Бұл сұхбатты шенеуніктің есеп материалы деуге негіз бар. Таяуда Балаеваның ақпарат министрі болғанына 100 күн толған.
Сұхбат жарияланбастан бұрын HOLA жаңа министрдің жүз күнде не істегенін тізбектеп шықты. Қалай орындалғанына, идеяның дұрыс-бұрыстығына қатысты бірде-бір сөз жоқ. Тәуелсіз басылым шенеуніктің не істегені көрсетілген құр тізім жариялайды. Абсудр па? Иә.
Сұхбатта Балаева тағы бір мәрте «есеп береді».
Сұрақтардың бір-біріне еш байланысы жоқ. Сұрақтан-сұрақ шықпайды. Журналист сауалды алдын ала жазып жіберіп, министр де жауабын сала салған сияқты.
Мына бір сұраққа күлкім келді:
— Вы недавно наградили Тамару Калееву, не раз критиковавшую деятельность вашего министерства. Можно ли это считать перезагрузкой или надеждой на позитивное обнуление во взаимоотношениях между информационным ведомством и независимыми СМИ?
«Перезагрузка» или «позитивное обнуление» дейді. WTF? Екеуін бір-біріне қарсы қоятындай сондай қарама-қайшы ұғым ба?
Оның үстіне HOLA-ның «Әділ сөз» ұйымының басшысын марапаттауды «өзгеріс нышаны» ретінде көрсетуге тырысуы — Калеева мен әріптестерінің елдегі сөз бостандығының ахуалы мен БАҚ туралы заңның кемшіліктерін көп жылдан бері айтып келе жатқанына, естір құлақ таппай күресіп жүргеніне түкіре салу. Бұл сұрақтан соң, автордың ойынша, оқырман «мәссаған, министрдің өзі Калееваны марапаттады ма?! Енді масқара демократиялы қоғам болар екенбіз ғой!» деуі керек деп топшыладым.
Қалған сұрақтардың да нобайы осындай.
Неге мыжып отырмын?
Былтыр HOLA-ның редакторы, журналист Гүлнар Бажкенова «Біз — мемлекеттік тапсырысқа байланбаған тәуелсіз басылымбыз» деп жазған. Содан бері не өзгергенін білмеймін. Бірақ мынау тәуелсіз басылымның материалына ұқсамайды.
Қазақстандағы сөз бостандығы мен БАҚ мүмкіндігін ескерсек, тапсырыс алған басылымды айыптайтын жағдайда еместігімізді түсінемін. Бірақ биліктен тапсырыс алса, шыншыл медиа ретінде солай жазып қоюы керек.
Тапсырыс болмаса, жай ғана сәтсіз сұхбат.
💕