"АҚШ-тың бір судьясы қырық жылдай сотта абыройлы қызмет атқарып зейнетке шыққанда оған жергілікті бір аурухана ерекше алғыс айтыпты. Әріптестері мүлдем басқа мекеменің мұндай ықыласын түсіне алмай мәнісін анықтауға тырысыпты. Сөйтсе, бұл судья күн сайын жұмыстан шыққан соң әлгі ауруханаға барып, қатерлі ісікке шалдыққан жас балаларды әлдилеп ұйықтатып жүрген екен. Сырқат балалардың күндіз-түні ауруханадан шықпайтын шаршаңқы ата-аналарының қолын босатып демалтып, әрі сәбилердің көңілін көтеретін еріктілер ұйымының мүшесі болыпты. Бұл ақпаратты өткен айда Вашингтонға барғанымда бір ресми мекеменің ішкі құжаттарынан оқып қалдым. Сол себепті аты-жөнін толық жаза алмай отырмын. Қайырлы ісін қырық жыл жарнама қылмай жасаған неткен тамаша жан һәм сирек судья деп таң қалдым" деп жазыпты @galym.bokash аға фейсбуктегі парақшасында.
⠀
Осыны оқып, жақында бір құрбымның айтқаны еске түсті. Ол біздерге сауапты істің барлығына ұмтыла бермей, нақты біреуімен тұрақты түрде айналысуды айтқан еді. Мысалы, жылдар бойы жасырын садақа беру немесе жылдар бойы тыныш қана тәһажудке тұру, тіпті болмаса әр сенбіде барып, мешіт тазалауға көмектесу, балалар үйіне барып, бір баланы қамқорлыққа алу, әйтеуір біреуі. Алла тағала біздің бір ай ұстап, сосын ұстамай кеткен оразамызды емес, жүйелі түрде аптасына бір ұстаған оразамызды ұнатады екен. Немесе бір апта жақсы амал істеп, кейін айлап ұмытып кеткенімізді емес, тұрақты айналысқанымызды жақсы көреді.
⠀
Жоғарыдағы оқиғаны оқып, судьяның амалына қатты қызықтым. Алла тағала біздерді де бос істермен айналысудан сақтап, жұртқа пайдалы, сауапты амалдармен айналысуды нәсіп қылғай! 😊
⠀
Пост иесі Марфуға Шапиян әпкемнің ислами құндылықтар туралы жазатын каналына тіркеле кетіңіздер
@marfugashapian