Мұсылман естеліктері


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна
Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg
Арнаның бас редакторы: @altayberish

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


«Сулләм әл-усуль» кітабының түсіндірмесі (2-бөлім)

Автор: Хафиз Хаками (Аллаһ оны рахым етсін)

🎙 Алтай Беріш

21-сабақ
- Дұға — ғибадаттың бір түрі;
- Дұғаның анықтамасы және құлшылық екеніне дәлелдер;
- Дұғаның түрлері;
- Дұға қашан ширк болады;
- Ханафи ғаламдарының дұғаны Аллаһтан басқа біреуге арнауға болмайтыны туралы сөздері.

22-сабақ
- Аллаһтан қорқу (хауф) — ғибадаттың бір түрі;
- Қорқудың анықтамасы;
- Қорқудың діндегі дәрежесі;
- Қорқудың түрлері;
- Қорқудың датталатын жағдайы;
- Қорқудың құлшылық екеніне дәлелдер;
- Хауф, хашия, раһба, уаджал және һайбаның айырмашылығы.

23-сабақ
- Үміт құлшылығы;
- Оның анықтамасы, дәлелдері және түрлері;
- Аллаһтын айласынан амандықта қаламын деген сенімнің дұрыс еместігі;
- Тәуекел құлшылығы;
- Оның анықтамасы, дәлелдері, түрлері және ерекшеліктері;
- Себеп түсінігі және оның түрлері;
- Себептермен дұрыс мәміле қылу әдістемесі;
- Себептерге байланысты адамдардың топтары.

24-сабақ
- Құрбандықтың (забхтың) анықтамасы, шарттары, даналықтары мен түрлері;
- Құрбандық қашан ширк болады?
- Такфири жамағатының ет жеу мәселесіндегі бір күмәніне жауап.
- Дінде білімсіз сөйлеудің қатерлігі.


«Сулләм әл-усуль» кітабының түсіндірмесі

Автор: Хафиз Хаками (Аллаһ оны рахым етсін)

🎙 Алтай Беріш

1-сабақ
- Автордың қысқаша биографиясы;
- Кітаппен таныстыру;
- Автордың кіріспесі.

2-сабақ
- Аллаһ тағала бізді босқа жартпағаны, алайда бір даналық үшін жаратқаны жөнінде;
- Адам пайғамбардың (Аллаһтың сәлемі болсын) ұрпақтары Аллаһқа берген уәделері — фитра.

3-сабақ
- Бүкіл пайғамбарлар таухидке (монотеизмге) шақырған;
- Таухидттың түрлері;
- “Таухидті үшке бөлу дұрыс емес”, — дейтіндерге жауап;
- Мұсылманның ең әуелгі борышы — Аллаһ тағаланы құлшылықта жалғыздау.

4-сабақ
- Аллаһтың бар екендігін бекітетін кейбір дәлелдер;
- Аллаһтың көркем есімдеріне байланысты кейбір қағидалар.

5-сабақ
- Ар-Рабб, Әл-Әууәл, Әл-Әхир, Әл-Ахад, Әс-Самад, Әл-Мухәймин есімдерінің мағыналары

6-сабақ
- Әл-Ғали (Жоғары) есіммінің мағынасы және ғулу (жоғарылық) сипаты туралы

7-сабақ
- Әл-Ғали (Жоғары) есіммінің мағынасы және ғулу (жоғарылық) сипаты туралы (2-ші б.)

8-сабақ
- Әл-Хай (Тірі) және әл-Қаюум (Мақлұқтарды тіршілікпен қамтамассыздандырушы) есімдерінің мағынасы
- Ташбихтің (антропоморфизм) анықтамасы, шығу тарихы
- Сипаттарды жоққа шығаратын джаһмиттер мен кәләмиттердің аһлисуннаны ташбихпен айыптауының қатесі

9-сабақ
- Сипаттарды жоққа шығаратын джаһмиттер мен кәләмиттердің аһлисуннаны ташбихпен айыптауының қатесі (2-б.)
- Аллаһ тағалаға Құран мен Сүннетте келген сипаттарды бекіту ташбих (антропоморфизм) болу мүмкін емес

10-сабақ
- Абстрактық және конкретикалық түсінік қағидасы
- Әрбір Аллаһтың есімдерін немесе сипаттарын жоққа шығаратын тайпалар есім-сипаттан бір нәрсе бекітетін тайпаларды ташбихпен (антропоморфизммен) айыптайды
- Аллаһ тағаланың сипаттары жөніндегі аят-хадистерден антропоморфизм түсіну — Құранды айыптау
- Кейбір сипаттарды бекітіп, кейбіреулерін жоққа шығаратындардың контрадикцияға (қарама-қайшылыққа) түсулері
- Қағида: белгілі бір сипатты жоққа шығару оның терісін бекіту болып саналады

11-сабақ
- Тағдырға иман келтіру
- Тағдырға иманның 4 дәрежесі
- Аллаһ тағаланың қалауының 2-ге бөлінуі және соның маңыздылығы
- Аллаһ тағала жамандықты не үшін болдырады?

12-сабақ
- Имам Бағауидің (512 һ., Аллаһ оны рахым етсін) аһлисуннаның тағдырға иман келтіру жөніндегі сенімінің қысқаша түсіндірмесі
- Хидаят пен адастыру Аллаһ тағаланың қолында және соны қалай дұрыс түсіну керек

13-сабақ
-Аллаһ тағаланың білім, есту, көру және ризық беру сипаттары

14-сабақ
- Аллаһтың сөйлеу сипаты
- «Сөйлеу — мағынаға дәлел болатын дыбыс пен әріптер» — деген тезис бүкіл адамзаттың бір ауыздан келіскен нәрсесі

15-сабақ
- Сөйлеу сипаты Аллаһтың затынан
- Сөйлеу сипатының түрі әуелгі, ал бірліктері Аллаһтың қалауымен болады
- Құран — Аллаһтың сөзі, әрі ол жаралған емес

16-сабақ
- Аллаһтың дүние аспанына түсу сипаты (нузуль) жөнінде аһлисуннаның ақидасы;
- Калам мектебінің имамы Разидің нузуль сипатына байланысты кейбір күдіктеріне жауап.

17-сабақ
- Момындар қиямет күні Аллаһ тағаланы көретіндігі жөнінде;
- Осы мәселенің ақли және нақли дәлелдері.

18-сабақ
- Таухидтің екіге немесе үшке бөлінуіне индуктивті әдіс дәлел;
- Аллаһты құлшылықта жалғыздаудың (таухид ғибаданың) маңыздылығы;
- Кәлима-шаһаданың мағынасы;
- Әбу Мансур Матуридидің улуһия таухидына көзқарасы.

19-сабақ
- Кәлима-шаһаданың шарттары.

20-сабақ
- Аллаһқа құл болудың мағынасы;
- Ғибадаттың анықтамасы;
- Ғибадатқа байланысты 10 қағида.


Намазды тиянақты орында

Бірде Саид ибн Мусайиб[1] намазын тез оқып жатырған кісіні көріп: «бұның жүрегі Аллаһқа шын мәнінде бойсұнғанда намазын тиянақты, тыныштықпен, асықпай оқыр еді» — деген[2].
_______

[1] Ибн Мусайиб — табиғиндердің алғыр ғалымы, Омартанушы.

[2] Қайнаркөз: مصنف ابن أبي شيبة т. 2, б. 86

Дайындаған: Алтай Беріш

@muslimsnotes


«Мұсылманға өмірді жек көруге және Аллаһтың жеңілдігі мен жұбанышынан үміт үзуге тыйым салынған. Ол жазылған тағдырға сабыр етуге міндетті».

Имам Әбдуләзиз ибн Баз

Қара: فتاوى اللجنة الدائمة, т. 25, б. 398

Дайындаған: Алтай Беріш

@muslimsnotes


Достықтың әдептерінен

«Досыңа жүрегін ауыртатын, әрі білуі қажет емес нәрселерді айтпа, себебі бұл — көргенсіздің ісі.

Ал білмесе, зиян тиетін нәрселерді одан жасырма, себебі бұл — жаман адамның ісі».

Ибн Хазм

Қайнаркөз: مداواة النفس، б. 60

Дайындаған: Алтай Беріш

@muslimsnotes


«Бір-бірлеріңмен таласа бермеңдер.

Егер де араларыңда біреу қателессе — таластар мен күрестерге кірмей —, білім иелеріне оралыңдар.

Себебі, бұндай таластар сәләфи дағуатының жоғалуына себеп болып, аһлисуннаға тарихтарында болмаған үлкен зиян келтірді».

Имам Раби ибн Һади

Қара: الذريعة т. 3, б. 215

Дайындаған: Алтай Беріш

@muslimsnotes


«Ғайбат айту — үлкен күнә. Оны намаз да, ораза да, садақа да жуып-шаймайды».

Имам Ибн Усәймин

Қайнаркөз: شرح رياض الصالحين, т. 6/б. 109

Алтай Беріш

@muslimsnotes


«Әрдайым уайымдау ақылды азайтады».

Хафиз Ибн Хиббан

Қайнаркөз: روضة العقلاء, б. 20

Алтай Беріш

@muslimsnotes


«Сендер тозақтың не екенін білгенде, дауыстарыңды жоғалтқанша айқалап, омыртқаларың сынғанша намаз оқыр едіңдер».

Амр ибн Ас (Аллаһ одан разы болсын)

Қайнаркөз: الزهد لابن المبارك, н. 1007

Дайындаған: Алтай Беріш

@muslimsnotes


Сауапқа тоймаудың мысалы

Имам Мухаммад Салих Усәймин өмірінің соңында қатты ауырып, Меккеден Джидда қаласына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Бұл рамазан айының соңы, әрі келесі күн айт намазы болуы мүмкін болғандықтан шейх: «мені қайта Меккеге жеткізіңдер» — деп айтты. Қасындағы балалары мен дәрігерлер уақыт созып жүргенін білгенде: «апармасаңдар, такси шақырып, өзім кете беремін» — деді шейх.

Шейхтің екіленбей тұрғанын көрген балалары мен дәрігерлер оны жедел жәрдем көлігіне жатқызып, Меккеге аттанды.

Бұл күн рамазанның соңғы күні болмай қалыпты. Сондықтан шейх оттегі аппаратына қосылып, арбаның үстінде Харам мешітіне кіріп, мағриб, ища және тарауих намаздарын оқыды. Содан кейін шейх сол қалыпта өміріндегі соңғы дәрістерін берді де: «Джидда емханасында қалғанда, бұндай ұлы сауаптардан айырылып қалар едік» — деді.

📝 Шейхтің Ибраһим есімді баласының естеліктерінен

Дайындаған: Алтай Беріш

@muslimsnotes


Репост из: Алтай Беріш


Мұсылман болудың мағынасы

2-ші (соңғы) аудиожазба

Алтай Беріш

@muslimsnotes


Мұсылман болудың мағынасы

1-ші аудиожазба

Алтай Беріш

@muslimsnotes


Тәкәппарлық Құранды түсінуден тосады

Аллаһ тағала айтады:

سَأَصْرِفُ عَنْ ءَايَٰتِىَ ٱلَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِى ٱلْأَرْضِ بِغَيْرِ ٱلْحَقِّ

«Жер бетінде орынсыз көкірек керіп, дандайсығандарды аяттарымнан сырт айналдырамын» [Құран 7:146].

Имам Қатада ибн Диама Садуси (118 һ.) айтады:

«Бұл аяттың мағынасы: “Мен ондайларды Өзімнің Кітабымды түсінуден тосып қоямын”».

Қара: تفسير القرطبي т. 7, б. 283

Алтай Беріш

@muslimsnotes


«Намаз — ризықтың көбеюінің, денсаулықты сақтаудың, бәлелер мен ауырулардың алыстауының, жүректің күшеюінің, жүздердің ағаруының, жандардың қуануының және еріншектіктің азаюының себебі».

Ибн Қайим

Қара: زاد المعاد т. 4, б. 304

Алтай Беріш

@muslimsnotes


Репост из: Мұсылман естеліктері
Имам Ибн Баз (Аллаһ оны рахым етсін):

«Кәзіргі заман — жұмсақтық, сабырлық және даналық заманы, адамдарға қаттылық танытатын заман емес. Себебі адамдардың көбісі діннен бейхабар, әрі ғапылеттік пен дүниенің қызықтарына батып кеткен. Сондықтан бұндай адамдарға дұрыс дағуат жетіп, діндерін үйренулері үшін оларға сабырлық пен жұмсақтық міндетті түрде таныту қажет. Аллаһ тағаладан баршамызға һидаят сұраймыз!» — деген.

فتاوى ابن باز 8/ 376

Алтай Беріш

@muslimsnotes




Репост из: Алтай Беріш
Достықтың шарттары

«Адамдар үш түрлі болады:

1. Достар. Ондайлар өте аз;
2. Таныстар. Олардан зиян көбірек;
3. Бейтаныс адамдар. Сен олардың зиянынан, олар сенің зиянынан сәлеметтіктесіңдер.

Дос дегеннің өзі жеті түрлі қасиетке ие болуы тиіс:

1. Сүннет иесі;
2. Тақуа, себебі бидағат иесі немесе күнәһар өз досын өз пікіріне тартады немесе адамдар досын сонымен бірдей деп ойлап қалады. Себебі, адам өз досының дінінде;
3. Ақылды болуы керек, себебі ақымақпен дос болудың өзі бәле;
4. Мінез-құлық иесі болуы керек, себебі жаман мінезді адам саған бір мезетте жау болып кетпеуіне кепілдік жоқ;
5. Сенің көзіңше де, сен жоқ уақытта да саған ілтипатты болу. Яғни, ол саған жаулық, немес жауыздық, немесе көре алмаушылық, немесе екіжүзділік дегеннен алыс болуы керек;
6. Саған адал болу керек. Яғни шыдамсыз немесе бейімделмелі болмауы керек;
7. Сен оның ақыларын бергендей ол да сенің ақыларыңды орындауы тиіс, себебі сен оның алдындағы міндеттеріңді орындасаң да сенің алдындағы міндеттеріңді орындамайтын адаммен дос болуда береке болмайды».

Ибн Джузи әл-Ғирнати «القوانين الفقهية», б. 328-329

Ассоц. проф. Абдулла Бухаридің ресми x-парақшасынан

Дайындаған: Алтай Беріш

@altayberish


«Сенің бір фиқһи мәселені үйренуің түні бойы намаз оқығаныңнан абзалырақ. Себебі, түнгі намаз жақсылық болса да, оның жақсылығы сенің өзіңмен ғана шектеулі, ал білім үйренудің пайдасы саған да, басқаларға да тиеді».

Имам Салих әл-Фаузан (Аллаһ оны сақтасын)

Қайнаркөз: الإمداد بتيسير شرح الزاد, т. 1, б. 466

Алтай Беріш

@muslimsnotes



Показано 20 последних публикаций.