ACM ICPC Finals Салем, бұйырса
17-19 қыркүйек аралығында Астанада боламын. Мақсат - ACM ICPC Finals (әлемдік спорттық бағдарламалау финалы) біздің елордада өтеді. Бұл не мағына береді дегенде жауап берейін.
Мен мектеп кезінен информатикадан есеп шығарып, олимпиадаларға қатысатын едім. Басында ол аудандық, қалалық басталып, кейін республикалық және халықаралық жарыстар ауысады. Мен бәріне қатысып шықтым.
Алайда, университетке түскенде бұл мүлдем басқа деңгейге өтеді. Біз әлемдік чемпионаттарға қатыса бастадық. Кәдімгі спорттағыдай ол жерде ширек-финал, жартылай-финал және финал кезеңдері бар.
Бұл командалық спорт түрі. 3 адамға 5 сағатқа 10 шақты есеп беріп, кім алға шықса, келесі кезеңге өтеді. Менің командам жартылай финалдан ары қарай өтпеді.
Ал, Қазақстан болса біраз уақыт финалға шыға алмай келді. Басты себебі, өту үшін ресейлік командалармен бәсекеге түсу қажет, олар болса осал емес.
Бірақ, соңғы жылдары жағдай өзгеріп, тіпті қазақтың баласы жақында алтын алып, чемпион атанып келді. Ал кезінде әлемнің түкпір түкпірінде өтетін біз армандаған финал осы Астанада өтеді. Жүз жылда бір болатын жағдай мен үшін.
Бұл финалға кезінде осы телеграмның негізін қалаушысы Павел Дуровтың ағасы Николай Дуров кезінде алтын алып топ жарған. Қазіргі күні ChatGPT жасайтын адамның біразы осы финалдарға қатысқан. Қысқасы, біздің мамандықтың іріктелген мықтылары жиналады.
Сіздерге Аман екеуміз
@amanutemuratov бұйырса қазақ тілінде лайв трансляция жасауға тырысамыз.
Фотоларда менің мектептегі және универдегі кездерім)