Nazerke Sultanbek

@nazerkesportlife Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Спорт журналистикасы және Қазақстан балуандары жайында.
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Здоровье и Спорт
Добавлен в индекс
19.11.2017 13:03
реклама
TGAlertsBot
Мониторинг упоминаний ключевых слов в каналах и чатах.
TGStat Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
112
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~3
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Nazerke Sultanbek 8 Feb 2019, 11:00
Сделай мужа миллионером - бірінші кезекте өзіңізді, яғни әйел адамды жақсартуға, өзгертуге арналған кітап. Бірақ оқыған кезде ішкі фильтіріңізді жақсылап іске қосыңыз, кітаптың дінімізге және менталитетімізге қайшы тұстары бар.
Nazerke Sultanbek 8 Feb 2019, 10:58
Оқыған кітаптарыммен арасында бөлісіп тұрамын.😊
Nazerke Sultanbek 8 Feb 2019, 10:57
Attached file
Nazerke Sultanbek 12 Apr 2018, 13:37
Tengrinews бүгін қарсылас екі клубтың фанаты болып, топ-топпен қала сыртында кездесіп, төбелесетін фанаттар жайлы емес, көрген спорттық шара туралы саралап жазып жүрген жанкүйер қыздар жайлы шолу жасаған екен☺️
Арасында мен туралы да ақпарат бар екен...

https://tengrinews.kz/allsports/zidannyin-shashyi-bar-keznen-fanatpyin-kazak-kyizdaryi-kay-341926/
Nazerke Sultanbek 6 Apr 2018, 17:01
жиі ұйымдастырып тұрады екен. Сырттан келгендерді жатсынбайды!:)
Nazerke Sultanbek 6 Apr 2018, 17:01
Жақында Саясат Нұрбекпен кездесуде болдым. Мен үшін жаңа әлем ашылғандай әсер алдым. Пайдалы дүниені өзім ғана біліп қоймай, сіздермен де бөлісейін.

Қазіргі уақытта еңбек нарығы өте ауқымды деформацияға ұшырауда. Материалды емес активтер (интелектуалдық меншік, авторлық құқық, технологиялар) материалдық активтерден әлдеқайда қымбат боп кетті. Сол үшін тек қара жұмысқа, күшке сенетін заман өтуде. Өйткені дамыған елдерде роботтар көп нәрсені істей алады. Мысалға, Adidas өз өндірісін жүз пайызға автоматтандырды. Сіздің жаңа кроссовкиіңізді адам емес, автомат тіккен. Қытай – ең арзан жұмыс күшінің елі деген кез бітті. Бірақ креативті ойлауды және адамдармен байланыс орнатуды қажет ететін шы психолог, педагог және тағы басқа мамандықтарды тек адамдар жасай алады. Тіпті журналистиканың өзі белгісіз. Өйткені қазірдің өзінде жаңалықтарды жазатын роботтар бар.

Бізде өз мүмкіндігімізді бағалай алмайтын ауру бар. Ата-аналар балаларын дұрыс мамандыққа бағыттай алмай жатады. Оның себебі олар еңбек нарығындағы қазіргі жағдайдан бейхабар. Еңбек министрлігінің статистикасы бойынша, Қазақстанда 2,5 миллион адам өз бетімен жұмыс істеуде. Олар не істеп жүр?

Қазіргі уақытта әлем тез өзгеріп жатқандығы соншалық, бірнеше жылға стратегия құру мүмкін емес. Не боларын алдын ала болжай алмайсыз, әлем түсініксіз боп барады. Сол үшін үлкен компаниялар заман талабына сай ыңғайланып, жарысып жатыр.

Ойлану жүйесіндегі өз нұсқаңызды саралап көріңіз. Дұрыс құралды пайдалана білу керек. Мысалға «Тор» фильміндегі басты кейіпкер балғасын жоғалтып алғанда, бар күшінен айырылды деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде күш адамның өзінің ішінде. Ал, балға тек құрал.

Адамның абстракты ойлануының басты құралы, өз миымызда кез келген нәрсені бейнелей алу қасиеті. Адамзаттың прогрессі осы қасиетпен тығыз байланысты. Ойымызды дұрыс құру өте маңызды. Адамның ойлану жүйесін, фантазиясын дамытудың бірден бір жолы – кітап оқу. Технология қанша дамыса да, адамға кітап сияқты әсер ететін дүние жоқ. Әсіресе, ғылыми фантастика мен ертегілердің әсері мықты.

Біздің ми – әлемдегі ең мықты, әрі қайталанбас суперкомпьютер және оған электртоғы қажет емес. Біз концепциялармен ойланамыз, біздің даралығымыз сонда. Жасанды интеллектте сезіну, сана жоқ. Сіздің кез келген жобаңызды, жұмысыңызды ұрлап алуы мүмкін. Сіздің ең басты ресурсыңыз – жаңа идеялар шығара білу қабілетіңіз.

Бұрын белгілі бір салада кәсіпқой атану үшін 15-20 жыл жұмыс істеу керек болатын. Қазір data science, machine learning, big data меңгергендер өзі үшін жат салаларды жаулауда.

Технологиялар спортқа да жетті. Үлкен компаниялар виртуалды жаттықтырушы ойлап табуда. Ол ойынның тек тактикалық емес, стратегиялық тұсын жоспарлайды. Әр спортшының траекториясы, барлық физикалық көрсеткіштері сараланады.

Ең бастысы денсаулығыңызға жақсы қараңыз, салғырттық танытпаңыз. Өзіңізге ұнайтын спорт түрін табыңыз, күтініңіз.

Өмір – спринт емес, ол марафон. Яғни, сіз ұзақ ойнауыңыз керек. Қазіргі заманда адамазатқа жетіспейтін басты нәрсе – зейін қою (концентрация). Бұрынғының қолбасшылары неге өте жас кезінде түгел бір елдерді жаулап алуға қауқары жеткен? Өйткені, олардың ойын бөлетін, алаңдататын нәрселер жоқ болған. Қолбасшы және әлем, бітті. Санасы өте таза. Біздің ой шашыраңқы. Кітап оқып отырып, смске жауап береміз, кино қарап отырып, инстаграм ақтарамыз т.б.

Біздің елде адамдарды ерте қартайтып жібереді. «Өй, мен шалмын ғой» немесе «Сен уже шалсың» деп миына құяды. Шын мәнінде әлемде «60 is new 40» теориясы дамып кетті. Алпыс жасқа келген адамның мүмкіндіктері 40тағыдан кем емес. Зейнетке шығу – ол өмірдің соңы деп санау қате.

Шешілмейтін проблема жоқ. Ол туралы көп ойлансаңыз және ең бастысы зейін қойсаңыз, бәрі де болады.

Бұл сіздің өміріңіз! Ата-анаңыздың не балаларыңыздың өмірі емес. Және шешім қабылдайтын сіз ғана.

3.5 сағатқа созылған керемет кездесуді бір постқа сыйғызу қиын, әрине. Дегенмен, басты нәрселерді жазуға тырыстым. Осы кездесуді ұйымдастырған Британияда оқыған қазақ студенттерінің қауымдастығына @ukalumny алғыс білдіремін. Айтпақшы, бұл білімді қыз-жігіттер көптеген пайдалы шаралар
Читать полностью
Nazerke Sultanbek 31 Mar 2018, 12:37
Репост из: Kazakhstan Wrestling Online
Доброго времени суток, болельщики борьбы!
Все вы знаете и многие из вас успели полюбить наше детище вконтакте - Kazakhstan Wrestling Online.
Почти за 7 лет своего сушествования эта страница стала ресурсом о казахстанской борьбе номер один. Сегодня Kazakhstan Wrestling Online - это большая семья, на странице насчитывается более 72 тысяч подписчиков и опубликовано около 10 000 записей.
Долго думая мы решили открыть страницу в инстаграм и телеграм канал, дабы дать болельщикам больше возможности узнать о наших борцах, стать очевидцем истории.
На нашем телеграм канале будет много новостей, текстовые трансляции соревновании, также вы сможете скачать здесь видео и фотографии борцов.
Преимущество телеграма в том, что каждая наша публикация будет приходить к вам, как личное сообщение в мессенджере. А это значит мы будем еще ближе к вам!
Спасибо, вашу искреннюю любовь к борьбе!❤️
Читать полностью
Nazerke Sultanbek 31 Mar 2018, 12:37
Лучший борцовский паблик теперь в Телеграм! Подпишитесь, будет много интересного!😉
Nazerke Sultanbek 28 Mar 2018, 20:04
"Ұят парад" баяғыдан ұнайды. Бұл жолы да бәрін дәл айтыпты. Қарап көріңіз.
Nazerke Sultanbek 28 Mar 2018, 20:02
Сейфуллинның бойында қыздарды сабап журген Жан Ахмадиевтың видеосын көрген боларсыздар? Шынымды айтсам, мен көргенде жиіркендим. Тек атақ жинау сияқты.
Nazerke Sultanbek 28 Mar 2018, 08:51
Nazerke Sultanbek 28 Mar 2018, 08:51
Осы демалыста Алматыда менің сүйікті турнирлерімнің бірі өтеді😊 Дәулет Тұрлыxановтың жүлдесіне арналған жарысты нағыз таланттардың іріктеуі деп атар едім. Қазір Ұлттық құраманың сапында нәтиже көрсетіп жүрген балуандардың барлығы кезінде осы турнирде жеңімпаз атанған.
Nazerke Sultanbek 27 Mar 2018, 18:15
Nazerke Sultanbek 27 Mar 2018, 18:15
Выписала для вас некоторые мотивирующие моменты из книги Марии Шараповой "Неудержимая".

Плохих новостей не существует. Во всем есть положительная сторона. Всегда есть возможность посмотреть на вещи под другим углом зрения. Всегда есть план Б, потому что все это наша судьба. И нам надо просто найти свой путь и держаться его.

Теннис - это спорт головоломка, испытание на выносливость. Для победы идешь на все. Он был моим другом и врагом ночным кошмаром и исцелением от этого кошмара, мое раной и бальзамом для этой раны. Спросите любого кто сделал эту игру своей жизнью, кто встал на грунт еще до того как был в состоянии понять что принесет ему его непонятный ранний талант. Я знаю что вы хотите чтобы мы любили эту игру. Потому что тогда за нами интереснее наблюдать, но мы не любим но и ненавидим. Он просто есть и был всегда.

Я восхищаюсь своим отцом он ни на минуту не потерял свою веру не сдался не стал искать легких путей что нас тогда спасло что сделала возможной мою карьеру этот момент был не из тех когда он принимал вызов и говорил да люди вообще Слишком много внимания уделяют тому как и когда говорится Да но главную роль в моей судьбе сыграли его нет для него обычно до определенного момента было до А после него нет в этом заключался его бунт его мятеж он просто не мог позволить мне стать частью плана чужого человека были только я и он и так Это и будет до тех пор пока он не найдет человека которому будет доверять А в момент искушения Под этим я понимаю появление возможности пойти лёгким путём он всегда говорил Нет и никогда потом не приходил в отчаяние потомучто у него была цель в которую он верил он Верил в то что все его мечты о моем будущем станут реальностью.

Может быть в спорте надо быть достаточно тупым, чтобы верить что шанс есть всегда и память тоже должна быть плохой. Надо уметь забывать. Сделала вынужденную ошибку, промазала по легкому мячу, не зацикливайся и мысленно не возвращайся к этому. Забудь как будто этого никогда не было. Если ты попыталась что-то сделать и это не сработало, надо быть достаточно тупым чтобы повторить это еще раз когда представится шанс и на этот раз это обязательно сработает. Надо быть достаточно тупым, чтобы не бояться каждый раз. Выходя на корт я верю в свою победу независимо от того с кем я играю и каковы мои шансы. Именно поэтому меня так трудно победить

Любой может быть хладнокровным и невозмутимым, когда он побеждает, когда все идет по плану. Но что вы делаете во время проигрыша, это большой вопрос и ответ на него это то, что отличает настоящих профессионалов от героев всяких поучительных историй и действительно проигрыши могут рассказать вам гораздо больше, че победы и о вашей игре и вас самих. Можете ли вы встать когда вас сбивают с ног? Можете ли вы продолжать, когда ваша работа вдруг начинает казаться вам бессмысленной, когда вы играете ради самой игрой, когда вы дергаетесь из-за того что подводите всех и вся. Можете ли вы подниматься чаще, чем падать или вы сдаетесь? Никто не знает как он с реагирует на беду пока беда не постучится к нему в двери...
Читать полностью
Nazerke Sultanbek 14 Mar 2018, 14:15
Белгілі спорт комментаторы, "Егемен Қазақстан" газеті спорт бөлімінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен өз саласы жайында көп қызық оқиғалармен, болашақ спорт журналистеріне жақсы кеңестерімен бөлісті. https://www.youtube.com/watch?v=DgZ27-FeC3c
Nazerke Sultanbek 12 Mar 2018, 17:55
Спортшылар екі типке бөлінеді. Бірі өзі туралы айтып, мақтанып әлек, Инстаграмды «жарып» жүреді, бірақ жарысқа келгенде, бірінші айналымнан «ұшады». Ал, тағы біреулері бар, олар ешкімге ешнәрсені дәлелдейін деген мақсат қоймайды, еңбектенеді, соның арқасында жеңіске жетеді, оны әлемнің әр қиырында таниды, жанкүйерлер жақсы көреді. Бір сөзбен айтқанда ол – халықтың адамы. Қазір кітап шығарушыларды да дәл осындай екі типке бөлуге болады. Әсіресе, қазақ авторларының сөресіне келсеңіз, миллиондарға танымал, бірақ кітабының дәмі жоқ, өсек-аян, ас үйдегі дастархан басындағы әңгіме, ал шын мамандардың еңбегі сұранысқа ие, оны адамдар іздеп жүріп оқиды, қолы жетсе қуанады, талқылайды.
Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» кітабын оқып отырғанда автордың өзімен әңгіме айтып отырғандай сезімде боласың. Құдды бір ағаң саған: «Бауырым, сенің қолыңнан келеді. Мен саған сенемін!» деп арқаңнан қаққандай. Бәрін жеңіл түсіндірген, бірақ миыңда бірнәрсе жыбырлай бастайды, оның айтқаны саған тікелей тиеді.
Қыздар, «Екінші болма» кітабын оқыған, таңертең өзіңізді адам қалпына келтірген күйге ұқсайды. Атып тұрасыз, шашыңыз уда-дуда, көзіңіз ісіп кеткен, бет боялмаған. Салқын душқа түсесіз, бетіңізге түрлі нәрсе жағасыз, сөйтіп өзіңізге сенімді боласыз. Сол сияқты, бұл кітапта жазылған дүние адамдағы одан да маңызды нәрселерді жөндеуге көмектеседі. Ол – сенің начинкаң, өзіңе сенімділігің, жылдар бойы мойныңа жайғасып отырып алған жалқаулықты алып тастау. «Жинал, мақсатыңды анықта, әрекет ет!» Бірақ ең күштісі бұл кітап ұрандардан құралмаған. Біз өзіміз сондайды жақсы көреміз ғой, зиялы қауым «Біз қазақ деген ұлы халықпыз, сол үшін табиғатымыздан мықтымыз! Сен соның ұрпағы болғаның үшін ҒАНА қолыңнан келеді!» Ал, шын мәнінде тіпті мінсіз қазақтардың өзіне заманға сай білім алу керек, өзіңді итермелеу керек. Диванда жатып алып құр ғана «красавчик» болуға болмайды, әлем күн сайын емес, секунд сайын өзгеруде. Сол үшін қазірден бастап «Екінші болма»!
Читать полностью
Nazerke Sultanbek 12 Mar 2018, 17:55
Nazerke Sultanbek 6 Mar 2018, 15:44
2018 жылы оқылған он кітап:
1. Михаил Лабковский "Хочу и буду"
2. Дженни Нордберг "Подпольные девочки Кабула"
3. Исай Калашников "Жестокий век"
4. Қуаныш Шонбай "Екінші болма"
5. Дэниел Киз "Цветы для Элджернона"
6. Рэй Бредбери "451 по Фаренгейту»
7. Эллен Джей «Правила»
8. Тұрысбек Сәукетаев «Мен жындымын»
9. Орxан Памук "Маxаббат музейі"
10. Мадина Байболова "Книга замужней женщины"
Nazerke Sultanbek 5 Mar 2018, 09:34
Данияр Қайсанов үшін Азия чемпионатының қола жүлдесі "не предел". Бірақ мына әдемі сәтке назар аударыңызшы! Ұлына қолдау көрсету үшін арнайы Бішкекке келген әке қуанышы...
Nazerke Sultanbek 4 Mar 2018, 13:22
Дәулет Ниязбеков үш дүркін Азия чемпионы атанды! Осы керемет жеңістің құрметіне Дәулетпен түсірген "Чемпионның бір күнін" көруге кеңес беремін!😉
https://youtu.be/R6NGicpQPwE