Ақ бұлт торласын


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое


Әлемді ақ бұлт (жақсылық, мейірімділік, тазалық) торласын. Ал біз бұлттарға ұмтылайық.

@nurlybekovvva

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций


Түк қалмады жылынарлық
Сезім-жалған!
Біліп алдық.
"Сен болмасаң өлем" деді ол
...Екеуміз де тірі қалдық)
.
Мен аманмын! Ол да аман!
Жалғыз өзім...
Қолда балам!
"Өліп қалам әйтпесе" деп
Үйленіп ед зорға маған)
.
Алладан бақ сұрағанбыз
Уақытша ма ұнаған қыз?
"Сен болмасаң өлем" деген
Екеуміз де дін аманбыз)

Түсірдің бе сезімге кір?
Баққа болдың өзің кепіл!
"Сен болмасаң өлем" дедің
Тым болмаса сөзіңде тұр!

Айдана Сегізбаева


Бәрімізге балалар-бір-бір бақыт.

Балалар-бауырмашыл болады
Балалар-балдай болады
Балалар-балауса, бейкүнә болады
Балалар-басқа бұйырған бақ болады
Бәріміз балалы болайық. Бақыт берекеленсін.

Безілдек безер бала болмасын. Бейғам, бейбақ болмасын. Баланы бейнетке баулиық. Белді, белсенді, биіл болуға бағыттайық. Байыпты, байсалды болсын. Бөлінбесін, бірлікке бастасын. Бала-батыл болсын. Бикеш-ботадай болсын.

Билікке, биттей байлыққа бұрылмасын. Бойдақтар байқаусыз бикешке бадыраңдамасын. Бикештер боз балаға бей-берекет былапыттанбасын. Білтедей болсын. Барынша байқасын.

Бала-бәйтерек. Балалар бақытты болсын.


Тек бір әріптен басталатын мәтін жазып көрдіңіздер ме? Ізденсеңіз, сөздік қорыңызға біраз сөз енеді. Байқап көріңіздер🫰🏻






Бізге лифтінің өздігінен бақылаусыз қозғалғаны, жөндеу көрмейтіні, тежеу механизмінің дұрыс істе­меуі, тіпті онда адамдар қаза тауып жатқаны да қызық емес. Бізге ол лифтінің ішіндегі екі еркектің сүйіскені дау болды. Деңгейіміз.


Тұтас адамзатқа жанымыз ашып бара жатса, өзімізбен қаттырақ алысайық. Сол жеңіс.


Отбасы кінәлі, балалық шағы кінәлі, қоғам кінәлі, көрші кінәлі, Назарбаев кінәлі, тикток кінәлі, туыстары кінәлі, мектеп кінәлі, ене кінәлі, бывший кінәлі, марвел кінәлі. Тек өзі емес. Кез келген ересек адам өзін тәрбиелеу керек және әрбір әрекетіне өзі жауапкершілік ала білуі керек.


Махаббат- ұлы сезім. Азабын татсаң, одан ащысы жоқ. Жалғыз сүйсең, сенен сорлы жоқ.


Уақыт өткен сайын жігітке қояр талап азайып жатыр. Сөйлеуі дұрыс емес, мына әдеті жақпайды, оның принципі мынадай екен деп теріс айналу жоқ. Мен де идеал емеспін. Тек оларды ұстамауды үйрендім. Өтірікпен, қулықпен, манипуляциямен, күшті жігіт қой, кетпесе екен деп жанталасу жоқ. Жеңіл, уайымсыз, тыныш.


Біреуді шартсыз жақсы көруім үшін де “мен оны шартсыз жақсы көруім керек” деген шарт қойылады, қызық.


Түннің құдіреті күшті. Бірақ сәтте сені жалғыз қалдырады. Сен және өз ойларың.


Ерінбей дүкенге барып келуге ерініп тұрмын


6- сыныпта нағашы ата-әжемнің қолында оқыдым. Үйренісу қиын болды, тұйықталып кеттім. Ата-анам мені еркін өсірді. Үй тірлігіне келгенде де ешқандай қысым мен қағида болмайтын. Мұнда бәрі басқаша.

Әжем 90-ға таяған шағы. Таң намазына мені де тұрғызып алатын. Құлағы жақсы естімеген соң, сүресін де, дұғасын да дауыстап оқитын. Мен ұйқылы-ояу әлсін-әлсін тыңдап отырамын. Әр рәкәт сайын мені түртіп оятады. Өзіне қатысты бір ауыз тілегі жоқ, күнде біздің амандығымызды сұрайды. Ал менің жалғыз ғана сұрайтыным: "Ех, Алла, әжем мені күнде таңда тұрғызуды ұмытып кетсінші, ұйықтасам екен" дейтінмін. Қалған намазда түгел ауыз жыбырлатып отырамын.

Одан кейін әжем маған сүре кітапты қолыма ұстатып, отырғызып қоятын болды. "Күнмен таласып ұйықтама" дейтін. Оның шығып біткенін күтіп, көзімді іліп алайын десем, " Күн шыққанда ұйықтама, тірлік қыл" деп төсектен қуатын. Күнде таңертең сүтке нан турап жейтінбіз. Сары майды нанның арасына жағып, ауызымызға тығатын еді.

Таңертең осы естеліктер есіме түсіп, жазып отырмын. Әй, балалық, ғазиз әжемнің баяу жүрісіне дейін жыным келіп, талай ренжіттік. Қазір де өскенім шамалы, "жұмысбастысың, келмейсің" деп қапа қылам. 98 жыл ғұмырында бір ретте қате шешімі мен алжыған кемпірдің тірлігін көрсетпепті. Басынан қандай нәубет өтсе де, өмірге налыған емес. Дана. Көреген. Биік.


Университетке енді түскен бойжеткен кезім. Түнді таңға жалғап, телефонмен уақыт өткізіп, түрлі пабликтерде отыруды өмірдің қызығына балайтын едім.

Бір күні "Признавашкиде" жас жігіттің ақша сұрағандарға "қанша керек?" деп салып жүргенін байқадым. Сұрағандарын береді. Ой тоба, бұл не деген жомарттық әлде босқа мал шашпақ па? Білмеймін, әйтеуір бұл әрекетіне ішім жылып сала берді. Кейін менің жекеме де жазды:
⁃ Сәлем.
⁃ Сәлем.
⁃ киви кошелек бар ма?
⁃ Маған ақша қажет емес. Бірақ сіз жарайсыз👍
⁃ Жоқ, мен қарапайым адаммын.
⁃ Сізде сонша көп ақша қайдан бар?
⁃ Жұмыс жасадым. Өмірімнің соңына дейін жаратып үлгермеймін.

Осылай танысып кеттік. 23 жаста екен. Ата-анасыз өскен, балалар үйінен. Жалғыз досы иті екен. "Единственная подруга моя" деп суреттерін жіберетін.

Менің қалама келуге, кездесуге жиі ұсыныс айтатын. "Барсам күтіп аласың ба?" дейтін. Көңілімнің таза болмағаны сондай "педофил емессің бе?" дегенім де бар. Ол көңілі түсіп, қыз баласын ешқашан ренжітпейтінін және аққан (гемотология) ауруымен ауыратынын айтты.

Ооо, Алла, кездесуге асыққаны да, ақшаны "на жизнь не успею потратить" дегені де сол екен ғой. Одан кейін біршама күн жазбай кетті. Қатты ауырды ма екен, кім білсін. Бірнеше күннен кейін "сәлем" деп жазып жіберіпті. Соңғы хаты. Жауап беріп те үлгермедім...

Оны танитын тірі пендені білмеймін. Біз тек желіде сөйлестік. Қанша жыл өтседе жүректің бір түпкірінде тұрады. Біраз уақыт "аман шығар" деген үмітпен де жүрдім. 4 жылға жуықтады. Ол парақшасына бір рет те кірмеді. Жазып тұрамын, оқитын секілді. Мендегі ең әсерлі, ең ыстық, ең жылы, ең махаббатқа толы желі таныстығы сол болды❤️


Бұрын анамның айтуымен ғана қолдарыма күтім жасайтынмын. Тек терім құрғап, жарыла бастағанда крем жағатын едім. Тырнағымды тістелеп, қанатып жіберетін әдетім болды. Қазір бәрі керісінше...

Қолымды, саусақтарымды, тырнағымды жақсы көремін. Табиғи, лаксыз да сүйем. Ұзындығы мен пішіні де ұнайды. Тек жақсы адамдармен сәлемдесіп, тек адал дүниелерді ұстауға тырысамын.

Жұмысымның көп бөлігі компьютер алдында өтеді. Сол кезде маған жәрдемші болатын- қолдарым. Талай армандарым мен мақсаттарымды қағаз бетіне түсірген де- қолдарым. Таңға дейін қымбат адамдарыммен хат алмасқан да- қолдарым. Жылағанда көз жасымды сүрткен де- қолдарым. Періште бөпе жылағанда алақанға салып мәпелеген де- қолдарым. Анама үй тірлікке көмектескен де- қолдарым.

Алақан жайып дұға етіп, үлкенге қызмет қылып, жақындарымның қолдарынан жылу алып, жылу сыйлайтын, жұмысымдағы несібемді алатын, жарымнан неке жүзік тағатын қолдарым- Алланың аманаты.

Қол жеткізу, қол соғу, қол ұшын беру, қол жұмсау, қолжетімді, қол бұлғау, қол шығару, қол үзу, қол жетпес, қол жаю. Мағынаға да бай сөз. Тәніміздің бөлшегі- қолымыздың қадірін білейік.


Махаббаттың құдіреті күшті. Азабын татсаң, одан ащысы жоқ. Жалғыз сүйсең, сенен сорлы жоқ.


Үш күннен бері жұмысқа бармадым. Себепсіз. Бүгін күні бойы нәр тартпадым. Себепсіз. Түннің қақ ортасында арнам бар екені есіме түсіп, жазғым кеп кетті. Тағы да себепсіз. Өз арнама өзім қош келдім🥲😅


-Мені ойлама
-Оны өзім білем


"Мен бұдан да жақсыға лайықпын" деп мінсіздікке ұмтылудан шаршамадың ба?

Показано 20 последних публикаций.

203

подписчиков
Статистика канала