Repost from @batys_kz @TopRankRepost #TopRankRepost Бүгін қаладағы «Атамекен» туризм орталығында мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында «Денсаулық күні» шарасы өтуде. Аталған шара жақын күндері Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға қатысатын спортшыларымызды қолдауға арналды. Спорттың шағын футбол, хоккей, волейбол, шаңғы жарысы түрлерінен өткен додаға облыс әкімі Алтай Көлгінов, қала əкімі Мұрат Мұқаев жəне спорттың шорт трек түрінен еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовой қатысты. Орал қалалық әкімдігі мен қалалық спорт басқармасы ұйымдастырған шараға көптеген мемлекеттік мекеме командалары қатысуда. Фото: Нұрбек Оразаев.
Просмотреть в Instagram http://ift.tt/2BRrJdc
Просмотреть в Instagram http://ift.tt/2BRrJdc