Бүгін облыс орталығында Жеңіс алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған митинг өтті. Митингке қатысушылар өмірден озған ҰОС ардагерлерінің рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. - Аталарымыз бен апаларымыздың ерлігі мен еңбегінің арқасында келген Жеңістің қадірі қашан да қымбат. Ұлы Жеңіс үшін, майдан алаңыдарында ерлікпен шайқасқан жауынгерлер мен Жеңісті жақындатуға аянбай жұмыс істеген тыл еңбеккерлерінің еңбегін бүгінгі ұрпаққа насихаттау – біздің қастерлі борышымыз, - деді облыс әкімі. Облыс әкімі бастаған басшылар және ҰОС, тыл мен еңбек ардагерлері, жиналған жұртшылық мәңгілік алаудың жанына гүл шоқтарын қойды. Салтанатты мереке қалалық мәдениет және демалыс саябында жалғасты. Ардагерлер үшін мерекелік дастархан жайылып, тұрғындар солдат ботқасынан дәм татты. Анықтама үшін: Соғысқа облыстан 80 мыңға жуық азамат аттанды. Соның тек жартысы ғана елге жеңіспен оралды. 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батырларының ішінде 40 азамат облыстың тумалары. Бүгінгі күні өңірде ҰОС 108 ардагері бар. __________ Сегодня в областном центре на площади Победы прошел митинг, посвященный 73-годовщине Победы в Великой Отечественной войне. Собравшиеся почтили минутой молчания память погибших солдат на полях сражений ВОВ. Выступая на церемонии, аким области Алтай Кульгинов пожелал ветеранам войны, тыла и труда крепкого здоровья и долголетия. - Это – великий праздник, который стал ярким примером несгибаемого духа и бесконечного героизма нашего народа во имя защиты Родины. Наша страна всегда будет помнить героизм, который Вы проявили в годы Великой Отечественной войны. Для нас большая честь быть рядом с Вами и спасибо за то, что Вы есть, - сказал аким области. Ветераны Великой Отечественной войны, труженики тыла и ветераны труда, участники митинга возложили цветы и венки к вечному огню. Торжественное мероприятие продолжилось в городском парке культуры и отдыха. Для ветеранов был накрыт праздничный стол. В ходе праздничного гуляния жители попробовали солдатскую кашу. Источник @batys_kz Video by @aqjaiyq
Просмотреть в Instagram https://ift.tt/2InjRYa
Просмотреть в Instagram https://ift.tt/2InjRYa
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Орал қаласының әкімдігі
Бүгін облыс орталығында Жеңіс алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған митинг өтті. Митингке қатысушылар өмірден озған ҰОС ардагерлерінің рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Алтай Көлгінов соғыс, тыл және еңбек ардагерле...