Былтыр орыстың аузы дуалы, қалтасы долларлы деген бір-екі ұстазының алдынан өттім. Жаман қорқытады екен-ей. Жаныңды иманыңнан айыра жаздайды, астапыралла.. Бір тренер былай деді: келер жылдан бастап роботқа адаммен қатар құқық беріледі ал. Мысалы үйіңізде шыр айналып жүретін әлгі дөңгелек шаңсорғыш бар ғой, соның астынан суы ма, майы ма, ағып кетті делік. Әлде Сіз белгілеген он метрге жетпей, қырсығып жатып алды бір қуыста. Қазір құйрығынан теуіп қалсаңыз да, тоқ бермей, «аштан» қатырсаңыз да, ешкім ештеңе демейді. Ал келер жылдан бастап әлгі шаңсорғышты соғып қалсаңыз, 15 минуттан кейін есігіңізді полиция тоқылдатып кеп тұрады. Себебі ол интернет арқылы тып-тыныш қана жергілікті полицейге «маған жәбір көрсетті» деп арыз жазып жібереді. Сенімен бірдей құқық онда да бар. Сол лекциядан кейін үйдегі шаңсорғышымның керісінше мен шаңын үріп кеттім ғой)
Бірақ технология деген қорқынышты болмау керек еді ғой. Түп идеясында. Мысалы картаңды алмай-ақ, телефоныңды терминалға жанап төлей салатын NFC төлем тамаша емес пе? Бізге ол Apple Pay күйінде таныс боп қалды. Енді бүгіннен бастап тұңғыш рет Samsung Pay сервисі іске қосылды. Елімізде. Қуаныштысы дейміз бе, Samsung Pay тек Halyk Bank клиентері үшін ресми тестілеуін бастады. Бұл салтанаттың құрметіне Halyk Bank әлгі Samsung Pay арқылы төленген әр төлемнің 10%-ін қайтарып беремін деп отыр. Самсунгыңыз, дұрысы Самсоныңызды сервиске қалай қосып аламын десеңіз, мына жерде нұсқауы тұр:⠀https://halykbank.kz/samsung. Айтпақшы, Самсон Пэйдің Apple Pay-ден бір артықшылығын айтпаса болмайды. Ол тек жаңа терминалдармен емес, картаңның магнит жолағын тигізбесең істемейтін ескі терминалдармен де тіл табыса береді.
Halyk Bank та осылайша әлемдік трендтердің төбесінде жүргісі келіп жатыр. Бәсеке ғой. Ендеше, Samsung Pay арқылы алғашқы бонустарыңызды жинауға ұмтылыңыз! ... деген сөйлемді жазбасам, мұның қай жері жарнама деп ойлап қаларсыздар тағы)