Ortan Terek | Коронавирус

@ortan_terek Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Тек қана юмор, тек қана xардкор. Сарказм, цитата және өзге де ойлар. Керек болса "мысқылдың" түбін түсіреміз... Қара әзіл 🔞
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Юмор и развлечения
Добавлен в индекс
18.05.2018 02:03
реклама
TGStat Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
SearcheeBot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
TGAlertsBot
Мониторинг упоминаний ключевых слов в каналах и чатах.
170
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~14
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0.15
индекс цитирования
Репосты и упоминания канала
3 упоминаний канала
0 упоминаний публикаций
4 репостов
SandıraⱪTime
ALEMUSIC
ALEMUSIC
ALEMUSIC
🧠 MISIGUSHI
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
Каналы, которые цитирует @ortan_terek
Ernat Temirbekov
Жаңа сөздік
MargulanQ
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
Жаңа сөздік
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
MargulanQ
Ernat Temirbekov
Loser Man
SandıraⱪTime
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
Loser Man
Loser Man
Loser Man
Ernat Temirbekov
Ernat Temirbekov
ALEMUSIC
ALEMUSIC
Ernat Temirbekov
ALEMUSIC
ALEMUSIC
ALEMUSIC
ALEMUSIC
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Репост из: Ernat Temirbekov
Бәлкім, бұл менің соңғы постым шығар. Кім біліпті. Просты, жыл сайын көктем келгенде крутойлығыма қарамастан ауыратын әдетім бар еді. Бірақ коронавируспен қатар ауырған біртүрлі екен. Пока что мойындамай жатырмын.

Соңғы 1 аптада мүмкін емес жағдай орын алып, ставкадан қадалуды қойдым. Жоқ, аяқ астынан капперлік қасиет орнап немесе Бекшиннен жб прогноз алып жүрген ештеңем жоқ. Коронавирустың кесірінен барлық футбол, хоккей, теннис, кёрлинг сияқты танымал спорт матчтарымен қоса, өзге де спорт түрлерін тоқтатып тастады. Сондықтан, міне, бірнеше күннен бері оң қолдан басқа тігетін ештеңе қалмады.
Ақша ұсақтатпақ боп, бір Орбит алып шығайын деп супермаркетке кірсең анталаған қазақтар "Взрыв из прошлого" фильміндегі секілді 35 жыл бункерде тұрайын деп жатқандай тамақ алып, кассада кезекте тұр. Қазақстанда шемешкі майды судың орнына ішетіндей 100 жылдық запаспен алып жатса, Америкада дәретхана қағазына километр кезекке тұрып жатыр.
Осындайда ой келеді: дәретхана қағазына ажиотаж жасап, қырылып жатқан халықты қалайша мықты халық деуге ауыз барады? Google, Facebook, Apple, Amazon-ды құрғандары не керек, қиын кезде көттерін сүртетін альтернатива таба алмай жүрсе. Біздің қазақтар ол альтернативаны баяғыда Егемен Қазақстаннан тауып қойған. Осыдан кейін қазақтар ұлы халық емей немене? Бірақ, екінші жағынан, критикалық ойлауды іске қосып қарасақ, бұл жерден екі халықтың менталитетін көруге болады. Біздің қазақтар ішуін ғана ойлап, тышуында шаруалары жоқ, ал Американдықтар екі мағынада да "артын" ойлайтын халық екені көрінеді. Және оның үстіне Егемен Қазақстан, Казахстанская правда, немесе Сарыарқа самалы деген газеттерден гөрі әлемге танымал USA Today, New York Times, Washington Post-пен қажеттілігіңді өтеп жатқан как минимум біртүрлі, көргенсіздік болып саналатын секілді. Газеттері әлемдік деңгейде болғанына олар кінәлі емес қой.
Әрине, бұл күлетін жағдай емес. Коронавирустың қарқыны қатты. Кеше ғана Қытайда жүрген коронавирус эпицентрі бүгінде Иран, Италия сияқты елдерге ауысты. Вирус Зевс немесе Кришнаға табынғаныңа қарамайды.
Бірақ, коронавирустың таралуынан да жылдам бірнәрсе бар. Ол - мұсылман қауымының вирусты "Құдайдың Қытайға түсірген қарғысы", "КОРАНовирус" деген пікірінің сол вирус енді өздеріне келгенде автоматты түрде "Құдайдың бізге берген сынағы" деген пікірге өту процессі.
Читать полностью
Репост из: Жаңа сөздік
​​Сігілсінші 8 март мерекесі
Игра престолов: қазақша нұсқа. Еліміздің барлық кинотеатрларында!
Репост из: MargulanQ
"Айсұлтанның бастан кешкендері" жақында еліміздің барша таксилерінде.
Кабина жарқ-жұрқ етіп, ішіндегі плазма қабырғаларына бір шапшып, бір қайтып, ақыры тына қалды. Сосын есігі ашылды да, қою түтін будақтап атқылап, ақыры түтін — Әбілқайыр ханның кейпіне еніп, жан-жағына қарады. Естілер-естілмес «әбілдер...» деп кейігендей болды. Бұл кезде кабинаны айнала отырған ғалымдар батылдығын жиып үлгірген болатын. Ақыры ең сақалауы жөткірініп алып, сөзін бастап кетті:
— Ассалаумағалейкүм, Әбілқайыр хан! Сізді 25 ғасырдың технологиясы арқылы о дүниеден уақытша алдырып отырмыз. Тарих Институтының тапсырысы бойынша дәл өзіңізді шақырып отырмыз. Қазір бір топ тарихшыларымыздың түйінді сұрақтарына жауап берсеңіз дейміз.
Әбілқайыр сөйлеушіге алая қарады.
— Не дейд мынау төлеңгіт, нақтың? – деді сосын жекіріп, — Әй Барақ сұлтан, қаралар ханға тура қарап сөйлейтін болған ба, лібәдтар?
Тарихышлар ду ете қалды. Барлығы жамырай:
— Барақ сұлтан? Сізді өлтірген сол емес пе еді, қалайша…
— А? Мына ептібайымайдтар не деп тұр? Қуасыңдар ма нақ? Әй Барақ, сен бе мені өлтірген?
Аспаннан «Қойнақ» деген дауыс шықты: Барақ болса керек.
— Қарап тұрсам, өңшең төлеңгіт бабасстар кілең, мен туралы неше түрлі жазып тастағанға ұқсайсыңдар! Кәне, тағы не сұрайсыңдар?
Аздап жұмсарғандай болған Әбілқайырдың райы ғалым бұтақбастарға қосымша батылдық бергендей болды. Кезектесіп сұрақ қоя бастады. Алдымен Мақтым Поло сөз алды:
— 1730 жылы Сіз башқұрттар арқылы Анна Иоановна патшайымға хат жазып, бодандығына қабылдауды өтініпсіз. Сосын…
Сол-ақ екен: Мақтым Полоның тасының тұсына 150 граммдық күміс сақина тарс ете қалды. Шабын қос қолдап ұстап, құлай кеткен бұтақбас Марко Полоға, Әбілқайыр төніп келіп:
— Шешесстің, мықтап жазған екенсіңдер нақ! Қазір, Барақ сұлтан келсін, басыңды алдырам! – деп бақырды.
— Олай болған жоқ па не? – деді Мақтым Поло жатқан күйі жыламсырап.
— Лібә, қайдағы патшайым Анна деген? Кәпірді пикникке шығарда алдыратынбыз, қымбат алмайтын қатын еді, хе-хе… Не дейсің, патшайым дедің бе жаңа? Бұттан кетті нақ! – деген Әбілқайыр, жата қалып, құлақтан кеткенше күлді. Біресе ішін, біресе басын ұстап, мойын тамыры шығып күлкіден қатып жатқан Әбілқайырды келесі ғалым түртті.
— Рұқсат етсеңіз… Жаңағы… Енді иә, тарих аздап бұрмалатыны рас… Сонда да сұрайын: Сіздер Бұланты өзенінде…
— Ааа, иә, ол отырыс есімде: Барақ сұлтанның туған күнінде жынды отырғанбыз – деді Әбілқайыр күлкісін тиып.
— Ж-жоқ… Бұланты өзенінде жоңғарлармен болған қырғында деймін де, неге жоңғарларды түгелімен мәңгіге жойып жіберуге мүмкіндік боп тұрғанда, Сіз…
Ғалым сөзін әрі қарай жалғасытрайын десе, аузында бірдеңе кедергі болып тұрғанын сезді. Қараса: асатаяқтың бір шеті шығып тұр екен. «Бұл қайдан тап болды?» деп ойлағанша, желкеден кірген асатаяқтың тесігінен қан судай атқылап таусылып, жан тәсілім етті. Асатаяғын кері суырып алған Әбілқайыр хан, кабинаның жанына барып, үнсіз жантайды да: «Ептібайымайд ұрпақтың жадысын-ай… Мені о дүниеге кері қайтарыңдар… Сөзім жоқ уж..» деді.
Сақалау келген ғалым:
— Иә, сүйткен бәрімізге де жақсы сияқты...-деді де, реакторды қосып жіберді. Әбілқайыр хан қайтадан түтінге айналып, кабинаға кері сорыла бастады. Ашылып кеткен шапанының астынан, шалбарының ышқырына қыстырылған екі «Магнум» тапаншалары көрінгендей болды.
— Тапаншааа??? Жетізарядты «Магнумдар» 20 ғасырда ғана...-деп бастап жатқан ғалымға жетекші ғалым:
— Көтіңді қысшы нақ, өзімнің миым ашып кетті ептібайымайдтың!- деп, жекіп тастады…
©Сатыбалды Кербабаев
Читать полностью
Кейде туалетке кіріп, Токио метросындағы газ шабуылына тап келесің. Себебі, шелегінің түбі тесілгір еден жуушы хлорды оңды-солды шашып, туалетті өзінше «залалсыздандырып» қойған! Лібә, өмірде қалған жалғыз қызықтардың бірі — ұлы дәрет азапқа айналып, көзің, көзің несі — барлық жерің удай ашып, жас парлап, мұрныңа ұзын найза тығып алғандай болады. Сондай еден жуушылар хлордың әлемдік запасын туалетке сеуіп қалған кезде — үйіндегі кабельді ТВ-ның 99 каналының барлығынан тек Хабар көрсететін болып қалса! Ох сондай болып қалса, арманым сірә болар ма ед бұ қу пәниде!
Читать полностью
Репост из: Ernat Temirbekov
Григориян күнтізбесі бойынша 2020 жыл, Хижра бойынша 1442, болашақ отанымыз Қытай күнтізбесі бойынша 4717 жыл... Адамдар бір елде өмір сүру керек, бір тілде сөйлеп, бір дінді ұстану керек деп жейтіндерге сол адамдар бас - бастарына календарь ойлап тауып, бір жаңа жылды белгілей алмай жүргенін кейде естеріне салғың келеді. Бірақ, жаңа жыл деген субъективті нәрсе. Әйтеуір, әр халық пен дін өкілдері Пайғамбарының туған күнінен бастап, Адам атаның пайда болған күніне дейін, алғашқы императорының таққа отырған күнінен бастап, паханының ішіп келген күніне дейін жыл санаудың басы қылып белгілей берген. Бұл неғылған пидараздық екенін түсіне алмай, Эмилиани деген ғалым адамдардың ең бірінші цивилизациясы пайда болған кезден жыл санауды ұсынды. Ол календарь бойынша қазір 12020 жыл басталды...

Жалпы, жаңа 12020 жылдың хуево басталғанына бәрі келісетін шығар. 12-ақ күн өтсе де, АҚШ пен Иран арасындағы соғыс, Украиналық ұшақтың құлауы, Австралиядағы өрт, Филиппиндегі вулкан атқылауы, Қытайдағы эпидемия және футболға тіккен ставкамның шықпай қалуы сияқты апаттар мен орны толмас қайғылар орын алды. Бірақ, аталған оқиғалардан да асып түсіп, бәрінің тасын ұстатып, діншіл немесе атеистіне қарамастан синхронды түрде "шешессс" дегізген бір жағдай болды. Ол, әрине, жаңа жылмен Назарбаевтың емес Тоқаевтың құттықтауы. 30 жыл бойы бір ебальникке үйреніп қалған мен алғашында өз көзіме өзім сене алмадым. Түсім шығар деп бетімнен шымшытып, көтімнен тепкіздім. Бірақ, ешқандай ояну реакциясын сезбедім. Енді капсуладағы гиперұйқыдан серіктесімнің оятуын күтуден басқа амал жоқ сияқты. Назарбаев президент емес дегеннен гөрі гиперұйқы дегенге сену оңай екен.
Бүгін осы жағдайды еске түсіріп отырып, кенет неліктен конфликттер мен катаклизмдер болып жатқанын түсіне қойдым:
О, халайық! Назарбаевтың құттықтамауынан тек біз ғана емес, құдайдың өзі "в ахуе" болып, эмоционалдық шоктан Австралия өртеніп, 1,25 миллиард! жануар қырылып, ұшақ құлауынан 180 адам Аид патшалығына аттанып, Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетуге шақ қалды. Қайта Тоқаев сөзінің арасында "лидер нации, Отец - основатель" деп елбасыны мақтап-мақтап жіберіп, құдайға әлі де бар екенін еске салып қойды. Әйтпесе, ақырзаман болып, тек Иса ғана емес, барлық 25 пайғамбар кіріп келер еді.

Иә, осылайша, біз елбасының мотивін енді ғана түсіндік. Биліктен бекерден - бекер кетпей отыр дейсің бе? Ақырзаманды болғызбай, адамзатты ойлап, кетпей отыр! Сондықтан, елбасыны жамандап кезекті комментарий жазар кезде кімнің арқасында аман жүргеніңді есіңе ал!

P.S. Біләәә, бекер шектім ғой дим сол шөпті...
Читать полностью
Репост из: Ernat Temirbekov
Мектептерде ерекше оқытуды талап ететін оқушылары бар сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің жалақысына айына екі мың теңге қосылады, 9×2000=18000. Мен сабақ беретін сыныпта да бар ондай бала. Бірақ, ертеңнен бастап менде ерекше балаларды оқытуды үйрету курсы. Ол жерде әлгі балаларды оқытуға арнайы бір жылға жарамды сертификат беріледі. Бағасы 15 мың. 3 мың теңге пайда за то.
Репост из: Ernat Temirbekov
ҚЫЗДАРДЫ ТҮСІНУ КАК МИНИМУМ МҮМКІН ЕМЕС
© Әулие Евангелие Иоаннадан. Стих 2:69.


Үлкен таудың өзі кішкентай тастардан құралатыны секілді көптеген маңызды оқиғаларға кішкене ғана нәрсе әсер етеді. "Көбелектің қанатының қағысынан басқа бір жерде дауыл пайда болуы мүмкін." "Көбелек эффектісі" деп аталатын бұл құбылысқа мына біз еркектер мен қыздардың арасындағы айырма жақсы дәлел бола алады. Былай қарағанда, физикалық және анатомиялық құрылыс тұрғысынан еркек пен әйелдің еш айырмашылығы жоқ, бірақ, төмен жақтағы 50 грамм бұлшықеттің артық немесе кем болуынан мүлде екі бөлек тіршілік иесі пайда болды. Әйел еркектің қабырғасынан жаратылған дейді. Шындығында, құдай бірінші әйелді жаратқан. Кейін, әйелдердің логикасынан бізді жасаған. Сондықтан, қыздар қауымында логика деген атымен жоқ. Ғайыптан-тайып бар болса да, олардың логикасын түсініп білуден гөрі сингулярлық, қараңғы материя, кванттық механика сияқты ұғымдарды түсіну әлдеқайда оңай. Егер, қыздардың ой-санасын материализациялау мүмкін болса, онда одан шыққан өнім Император, Молот Тора сияқты препараттарды алмастыратын еді. Өйткені, қыздарға "түймедей нәрсені түйедей" етуге тең келер ешкім жоқ. . Жаным, осы аптадан бастап фитнесс клубқа жазылмадық па дегенді, "сен сонда мені семіз дегін келіп тұрма" - деп қабылдап. Өмір бойы жақсы көріп келіп, как будто жақсы көрмеген секілді кете салатын қыздарды түсіну как минимум мүмкін емес болмай немене? Қыздарға қанша көңіл бөлсең де, ақшаны 32-лік құбыр жалғап құйсаң да, алдына 101 розамен қоса 101 еркекті стриптиз билетіп қойып барсаң да көңілі толмайды, проблемасы таусылмайды. Егер өзіңді абсурдтықтың ең жоғары деңгейіне жеттім деп ойлап жүрсең, жәй ғана жоғары қара. Жоғарыдан әрқашан қыздардың сенен де асқан қисынсыз іс-әрекеттерімен "сверху" позасында миыңды итеруге дайындалып отырғанын көресің. Осы жерде неге қыздар біздің миымызды итергеннен рахат алады деген заңды сұрақ туындайды. Не істеп қойдық оларға?
Ең алдымен, еркек әйелдің логикасынан жаралған деген теорияны келісіп алайық. Ал бізді итеру өз логикасын итеру. Осыған сәйкес, логикасын итеру өзін - өзі итерумен тең. Яғни, бұл онанизм! Осылайша, қыздар біздің миымызды итеру арқылы физикалық түрде болмаса да, моральдық түрде ләззат алады екен. Шах и мат, қисық қабырғашылар мен дарвинисттер. Сондықтан, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы еркектердің миын ашыту харам деп тануы керек. Бізде бұдан басқа шанс жоқ. Бұл әлем 18+ болса, өмір - Brazzers. Миың Alice Reece. Ал, қызың онда Jonny Sins.
Читать полностью
Жоқер ана
Репост из: Жаңа сөздік
​​Бәрібіршоптың басты ерекшеліктері:

- Бәрібіршопта шаш қию алдында бас жуу міндетті емес
- Бас жуу қосымша 100 теңге
- Шаштараздың әдетте татуировкісі жоқ. Болса, ол әскерден қалған наколкі
- Қабырғада пездес прическілердің постерлері ілініп тұрады, бірақ шаштараз оларды бәрібір істей алмайды
- Фонда той әндері ойнап тұрады
- Ең әйгілі шаш үлгілері: "қысқартып беру", "полубокс", "модельный" және "өткендегідей".
Читать полностью
Екі таныс кезігіп қалыпты. Бірі екіншісіне: - Сен осы біздің молданы танисың ба? деп сұраса, анау:-Танимын!-депті.
Танысаң, бір өтініш бар. Сен қазір мешітке барсаң, ол сол жерде. 2-3 сағат сөзге айналдыра тұршы, оның әйелінде жұмысым бар еді депті. Танысы өтінішіне әрең көнген ол мешітке барып, молдаға 2-3сағат сұрақ қойып, басын ауыртыпты. Түкке тұрғысыз сұрақ қоя берген молда: "Ей, сұрағың сұйылып кетті ғой, не пәле мынау? Құдайдан қорықсаңшы, не жасырып отырсың?"- деп өзіне тап беріпті. Сөйтсе мынау қорыққанынан бәрін айтып беріпті. "Танысым сенің әйеліңе кетті. Мені саған сені алдай тұру үшін жіберді"- десе, Молда:- "Ойбау-ау, менде әйел жоқ қой Жүгір үйіңе, жүгір"- деген екен.
Читать полностью
Репост из: Ernat Temirbekov
Мур заңы бойынша есептеу машиналарының қуаты 2 жыл сайын екі еселенеді. Соған сәйкес, технологияның қарқынды дамуымен қоршаған орта "диджиталданып", бірте - бірте өмірімізге "кибер" түсінігі ептеп ене бастады.

Ендігіде, қарулы соғыс орнын киберсоғыс, спорттың орнын киберспорт, реал өмірдің орнын киберкеңістік сияқты ұғымдар алмастырды. Бұл тендециядан қалыс қалмай, жоғарыда аталған ұғымдармен қатар дамыған тағы бір ұғым бар. Ол - киберқайыршылық. Инстаграм желісінде киберқайыршылардың көптігі сонша, лайк сұрайтындардан қол алып жүргісіз. "Бәленше нәрсе істеуің үшін неше лайк жинауым керек" деген сарындағы алдын-ала келісіп алған өтірік переписканың скринін салып, жазылушыларынан көмек сұрайтындардан сайпалымның сайпалы шықты. Даудың басы Дауылбайдың көк сиыры демекші, бұл жерде Дауылбай - Тимати болып тұр. Бәленің бәрін бастаған Бләқ Стардың басшысы Тимати деген құдықбасқа жазылған переписканың скрині еді. Бірақ, өмір - төркінге кеткен қатын секілді, өзіңе қайтып келеді. Өзі бастаған трендтен жиналған лайктар клипіне 1.5 миллион дизлайк боп өзіне қайта барды...

Кейбіреулері банальды түрде "Алла разылығы үшін" деп лайк сұраса, креатив пен айлаға тойып алғандары өз аудиториясына АНАЛитика жасап, сол аудиториясының жүрегіне жетіп, көтінен дәл тебетіндей етіп пост шығара бастады. "Мың лайк жинасам, мына қыз берем деп айтты" дегеннен бастап "Екі мың лайк жинасам Эйзи мен Закты сүйістіретін фанфик жазам" деген сарындағы посттарға дейін қаптай бастады. Бұлардан құтылу мүмкін емес деп енді үміт үзе бастаған едім, әлеуметтік желі құдайы құлшылығымызды естіп, бар екенін білдірді: Instagram Inc. қайыршылықпен күресу мақсатында "лайктарды жасыру" функциясын тестілеуді 14 елде бастап кетіпті. Енді, қолданушылар өздері жинаған лайктарды тек өздері ғана көре алатын болады.
Иә, осылайша, құдай мен Instagram басшылығы киберқайыршыларға дәу бұтақтардан тетрис кұрап, тігінен де, көлденеңнен де, диагоналынан да қойып отыр. Соның арқасында, өз лайктарына өздері қолпытқан киберонанист болмаса, бұйырса, киберқайыршылар саны азая түспек.
Читать полностью