ORTCOM.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі»
«Служба центральных коммуникаций» при Президенте РК
Central Communications Service under the President of the Republic of Kazakhstan

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


🔹Қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта рекорд орнатты

Сингапурда өткен First Lego League Challenge робототехникадан халықаралық чемпионат аяқталды. Оған Оңтүстік Корея, Малайзия, Польша, Индонезия және Қытайдан 100-ден астам оқушы қатысты. Аталған додада қазақстандық оқушылар әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсті. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, рекорд орнатты.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

🔸Казахстанские школьники установили рекорд на международном чемпионате по робототехнике

В Сингапуре завершился международный чемпионат по робототехнике FIRST LEGO League Challenge. В нем приняли участие более 100 школьников из шести стран мира – Южная Корея, Малайзия, Польша, Индонезия и Китай. Вместе с юными инженерами за звание сильнейшего боролись и казахстанские школьники. По итогам трех соревновательных дней наши ребята завоевали самые высокие награды и установили рекорд.

Подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Глава государства провел встречу с Генеральным секретарем ШОС Чжан Мином

Собеседники обменялись мнениями по вопросам дальнейшего совершенствования работы ШОС. Президент отметил, что Казахстан придает исключительное значение предстоящему астанинскому саммиту ШОС, который будет посвящен теме «Укрепление многостороннего диалога – стремление к устойчивому миру и развитию».

– Я думаю, что мы должны работать в тесном сотрудничестве, потому что астанинский саммит чрезвычайно важен, учитывая текущую геополитическую ситуацию. Весь мир будет следить за ходом саммита, за его решениями и переговорами. Как я понимаю, все главы государств – членов Организации намерены принять участие в этом саммите. Как принимающая страна Казахстан сделает все возможное, чтобы саммит прошел успешно, – заявил Президент.


Чжан Мин отметил значительный вклад Казахстана в развитие потенциала Организации.

– Я высоко ценю огромные усилия Казахстана в качестве председательствующей страны, а также то особое внимание, которое Вы, Ваше Превосходительство, уделяете совершенствованию деятельности ШОС. Ожидаем, что саммит в Астане будет весьма успешным, – сказал Генеральный секретарь.


Как подчеркнул Глава государства, наша страна рассматривает ШОС в качестве действенного механизма стимулирования процессов региональной безопасности, торгово-экономического взаимодействия и культурно-гуманитарных обменов. Лидер Казахстана также обратил внимание на важность тщательной работы над содержанием итоговых документов саммита, в которых следует учесть взгляды и позиции всех государств – членов Организации.


Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен кездесті

Кездесу барысында ШЫҰ жұмысын дамыту және оны одан әрі жетілдіру мәселелері жан-жақты қарастырылды. Президент Ұйымның «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» атты Астанада өтетін алдағы саммитіне Қазақстан тарапы ерекше мән беретінін жеткізді.

– Бізге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу қажет деп ойлаймын. Өйткені қазіргі геосаяси ахуалды ескерсек, алдағы Астана саммитінің маңызы өте зор. Саммит барысын және оның аясында қабылданатын шешімдер мен келіссөздерді бүкіл әлем бақылап отырады. Білуімше, Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары аталған жиынға түгел қатысуға ниет білдіруде. Ұйымдастырушы тарап ретінде Қазақстан саммиттің табысты өтуі үшін қолдан келген шараның бәрін жасайды, – деді Президент.


Чжан Мин Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін арттыруға Қазақстан елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.

– Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстанның үлкен күш-жігер жұмсап жатқанын және Жоғары мәртебелі Президент мырза, Сіздің ШЫҰ қызметін жетілдіруге айрықша мән беріп отырғаныңызды жоғары бағалаймын. Астана саммитінің сәтті өтетініне сенімдіміз, – деді Бас хатшы.


Мемлекет басшысы Қазақстанның ШЫҰ-ны өңірлік қауіпсіздік, сауда-экономикалық ықпалдастық және мәдени-гуманитарлық байланыс процестерін ынталандырудың пәрменді тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев саммиттің қорытынды құжаттарының мазмұны бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жүргізу маңызды екеніне назар аударды. Онда Ұйымға мүше барлық мемлекеттің көзқарасы мен ұстанымдары ескерілгені жөн.


Матиас Корман подтвердил приверженность Организации укреплению всестороннего взаимодействия с азиатскими странами, включая Казахстан

– Я думаю, что отношения между Казахстаном и ОЭСР складываются очень хорошо. Имеется большой потенциал для их расширения и укрепления в будущем. Мне очень приятно слышать, что Казахстан намерен привести свою политику в соответствие со стандартами и передовым опытом ОЭСР. Мы готовы приложить все возможные усилия для помощи и поддержки Вашей программы реформ. Мы заинтересованы в повышении уровня глобального сотрудничества в целях решения многочисленных проблем, стоящих сегодня перед нами, – отметил руководитель ОЭСР.


Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность продолжения работы по открытию регионального офиса Организации в Казахстане. Он также пригласил представителей ОЭСР принять участие в предстоящем Международном форуме Астана.


Матиас Корман ұйымның Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға бейілді екенін растады

– Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы байланыстар өте жақсы дамып келеді деп ойлаймын. Болашақта бұл қатынастарды кеңейту және нығайту үшін мол әлеует бар. Қазақстан өз саясатын ЭЫДҰ-ның стандарттары мен озық тәжірибесіне сәйкестендіруге ниетті екені қуантады. Сіздің реформаларыңыздың бағдарламаларына көмектесу және қолдау көрсету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Біз бүгінде алдымызда тұрған көптеген мәселені шешу мақсатында жаһандық ынтымақтастық деңгейін көтеруге мүдделіміз, – деді ЭЫДҰ басшысы.


Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Ұйымның өңірлік кеңсесін ашу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ЭЫДҰ өкілдерін алдағы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.


Глава государства провел встречу с Генеральным секретарем ОЭСР Матиасом Корманом

На полях Боаоского азиатского форума состоялась встреча Касым-Жомарта Токаева с Генеральным секретарем Организации экономического сотрудничества и развития Матиасом Корманом.

Приветствуя Генерального секретаря, Президент отметил, что его участие в Боаоском азиатском форуме свидетельствует о серьезном внимании ОЭСР к Азии.

– Этот регион представляет собой гигантское экономическое сообщество. Казахстан также играет довольно важную роль в этом пространстве, по крайней мере, в региональном измерении. Как я уже сказал в своем выступлении на форуме, мы придаем большое значение сотрудничеству с ОЭСР. Наши представители регулярно участвуют в заседаниях комитетов ОЭСР. Мы стремимся следовать рекомендациям Организации. Как Вы знаете, мной поставлена цель привести экономическую политику Казахстана в соответствие с высокими стандартами ОЭСР, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


Глава государства подчеркнул, что за время сотрудничества с ОЭСР Казахстан подписал ряд важных документов. Кроме того, ведется работа по присоединению к другим обязательным правовым инструментам ОЭСР.


Президент Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесті

Боао Азия форумының аясында Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді.

Қазақстан Президенті Бас хатшыға ілтипат білдіре отырып, оның Боао форумына қатысуы ЭЫДҰ-ның Азияға айрықша назар аударатынын дәлелдейді деп атап өтті.

– Бұл аймақты алып экономикалық қауымдастық деуге болады. Сондай-ақ Қазақстан осы кеңістікте, кем дегенде, өңірлік өлшемде аса маңызды рөл атқарады. Форумда сөйлеген сөзімде ЭЫДҰ-мен арадағы ынтымақтастыққа ерекше мән беретініміз жөнінде айттым. Өкілдеріміз ЭЫДҰ комитеттерінің отырыстарына тұрақты түрде қатысады. Біз ұйымның ұсыныстарын ескеруге тырысамыз. Өздеріңізге мәлім, мен Қазақстанның экономикалық саясатын ЭЫДҰ-ның жоғары стандарттарына сәйкестендіру жөнінде мақсат қойдым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысы ЭЫДҰ-мен ықпалдастық орнаған уақыттан бері Қазақстан бірқатар маңызды құжатқа қол қойғанын айтты. Бұдан бөлек, ЭЫДҰ-ның басқа да міндетті құқықтық институттарына қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


🔹Мемлекет басшысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті

Келіссөз барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары жан-жақты талқыланды, сондай-ақ көлік, өнеркәсіп, туризм және басқа да салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылу барысы қарастырылды.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

🔸Глава государства провел встречу с Председателем Постоянного комитета Всекитайского собрания народных представителей Чжао Лэцзи

В ходе переговоров собеседники обстоятельно обсудили перспективы дальнейшего укрепления торгово-экономического и культурно-гуманитарного сотрудничества, а также рассмотрели ход реализации совместных проектов в сферах транспорта, промышленности, туризма и др.

Подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
@ortcom_kz #CCS


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
@ortcom_kz #CCS


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
@ortcom_kz #CCS


🔶Барлық өңірде интернет-алаяқтықтарды тергеу бойынша «Киберпол» мамандандырылған топтары құрылды

Алаяқтарды ұстау үшін мемлекеттік органдар, қаржы мекемелері және жеке сектормен өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударылып отыр. Мұндай қылмыстарды анықтауға және ашуға, сондай-ақ ұйымдастырушылар мен қатысушыларды ұстауға бағытталған шаралар кешені іске асырылуда. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деді.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін іске асыру барысында 2023- жылдың соңында тек Астана қаласында 4 алаяқтық Call-орталық анықталып, жойылды. Олардың қызметкерлері тек жақын және алыс шет елдердің байланыс операторларының нөмірлеріне қоңырау шалғаны анықталды. Іздеу іс-шаралары барысында гарнитурасы бар 170-тен астам ноутбук, арнайы бағдарламалармен қорғалған желілік жабдық тәркіленді», - деп хабарлады спикер.


🔶Во всех регионах страны созданы специализированные группы «Киберпол» по расследованию интернет-мошенничества

Особое внимание уделяется усилению взаимодействия с государственными органами, финансовыми учреждениями и частным сектором для задержания мошенников. Реализуется комплекс мер, направленный на выявление и раскрытие таких преступлений, а также задержание организаторов и участников. Об этом сообщил начальник Центра по борьбе с киберпреступностью Департамента криминальной полиции МВД РК Жандос Сүйінбай на площадке СЦК.
«В ходе реализации комплекса оперативно-розыскных мероприятий в конце 2023 года только в городе Астане выявлено и ликвидировано 4 мошеннических сall-центра. Выяснилось, что их сотрудники звонили только на номера операторов связи ближнего и дальнего зарубежья. В ходе поисковых мероприятий изъято более 170 ноутбуков с гарнитурами, сетевое оборудование, защищенное специальными программами», - сообщил спикер.


@ortcom_kz #CCS


🔶Алаяқтар азаматтарға 44 млн рет қоңырау шалды

Соңғы уақытта банктер, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу жиілеп кетті. Байланыс операторлары 44 миллионнан астам осындай қоңырауды тоқтаты. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.
«Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін алаяқтар азаматтарды ақшаны шоттан немесе депозиттен қауіпсіз шотқа аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады», - деді ведомство өкілі.


🔶Мошенники позвонили гражданам 44 млн раз

В последнее время участились звонки от имени сотрудников банков, правоохранительных и других государственных органов. Операторы связи заблокировали более 44 млн таких звонков. Об этом на площадке СЦК сообщил начальник Центра по борьбе с киберпреступностью Департамента криминальной полиции МВД РК Жандос Сүйінбай.
«Чтобы обеспечить сохранность денег, мошенники убеждают граждан перевести деньги со счета или депозита на безопасный счет, который впоследствии используется для дальнейшего перевода или обналичивания украденных денег», - сказал представитель ведомства.


@ortcom_kz #CCS


🔶Биыл 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

Ағымдағы жылдың басынан бері 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық фактілері анықталды. Алаяқтар әрекеттерінің салдарынан азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай ОКҚ алаңында хабарлады.
«Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді. Алаяқтардың құрбаны болмау үшін сізге біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдалану қажет. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісу қажет. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізу қажет, оның ішінде бейне қоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстарыңыз немесе туыстарыңыздан тауарды алуды, тексеруді сұрау қажет», - деді спикер.


🔶В этом году зарегистрировано более 3 тысяч фактов интернет-мошенничества

С начала текущего года выявлено более 3 тысяч фактов интернет-мошенничества. В результате действий мошенников гражданам причинен ущерб на сумму более 4 млрд тенге. Об этом на площадке СЦК сообщил начальник Центра по борьбе с киберпреступностью Департамента криминальной полиции МВД РК Жандос Сүйінбай.
«В этом году зарегистрировано более 1 тысячи таких преступлений. Во-первых, важно использовать проверенные рекламные сайты, чтобы не стать жертвой мошенников. Во-вторых, необходимо договориться об оплате после получения товара. В-третьих, необходимо убедиться в наличии товара, в том числе посредством видеозвонка. Если продавец находится в другом городе, необходимо попросить своих знакомых или родственников забрать товар, проверить», - рекомендовал спикер.


@ortcom_kz #CCS


Глава государства провел встречу с 8-м Генеральным секретарем ООН, председателем Боаоского азиатского форума, Президентом Ассамблеи Глобального института зеленого роста (GGGI) Пан Ги Муном

Выразив благодарность Пан Ги Муну за приглашение принять участие в Боаоском форуме, Касым-Жомарт Токаев отметил его значительные заслуги перед мировым сообществом на посту Генерального секретаря ООН.

– С моей точки зрения, Вы были одним из лучших генеральных секретарей в истории Организации Объединенных Наций. Для меня было удовольствием и честью работать в ООН под Вашим руководством в течение двух с половиной лет, – сказал Президент.


Пан Ги Мун подчеркнул весомый вклад Касым-Жомарта Токаева в развитие международного сотрудничества.

– Вы как лидер Казахстана прилагаете активные усилия для обеспечения мира и согласия в регионе и расширяете возможности людей и ООН. Думаю, что Казахстан служит жизненно важным мостом между Востоком и Западом. У Вас огромный опыт в понимании мироустройства Востока и Запада, – отметил корейский дипломат.


Собеседники обсудили международную повестку дня, в том числе роль ООН в эффективном преодолении глобальных вызовов.

Президент рассказал о международных инициативах Казахстана. В рамках 79-ой сессии Генеральной Ассамблеи Казахстан совместно с Францией планирует провести One Water Summit. Помимо этого, в Астане в 2026 году будет организован Региональный климатический саммит.

Глава государства пригласил Пан Ги Муна принять участие в предстоящем Международном форуме Астана в качестве одного из главных спикеров.




Мемлекет басшысы БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы, Боао Азия форумының төрағасы, Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының Президенті Пан Ги Мунмен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Боао форумына қатысуға шақырғаны үшін Пан Ги Мунға ризашылығын білдіріп, оның БҰҰ Бас хатшысы қызметін атқарған кезде әлемдік қауымдастыққа елеулі еңбек сіңіргенін атап өтті.

– Менің пікірімше, Сіз Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихындағы ең үздік бас хатшылардың бірі ретінде қызмет еттіңіз. Екі жарым жыл Сіздің жетекшілігіңізбен жұмыс істеу мен үшін керемет кезең әрі зор мәртебе болды, – деді Президент.


Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын айтты.

– Сіз Қазақстан Президенті ретінде өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға, адамзат пен БҰҰ-ның мүмкіндіктерін кеңейтуге белсенді атсалысып келесіз. Менің ойымша, Қазақстан Шығыс пен Батыс арасындағы аса маңызды көпір рөлін атқарып отыр. Сіз Шығыс пен Батыстың ахуалын жақсы түсінесіз. Бұл ретте тәжірибеңіз мол, – деді Корея дипломаты.


Кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде БҰҰ-ның жаһандық сын-қатерлерді тиімді еңсерудегі рөлі талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның халықаралық бастамаларына да тоқталды. Бас Ассамблеяның 79-шы сессиясы аясында Қазақстан Франциямен бірлесіп, One Water саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Астанада 2026 жылы Өңірлік климаттық саммит ұйымдастырылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунды алдағы Астана халықаралық форумына бас спикерлердің бірі ретінде қатысуға шақырды.


🔹Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл және Сергеев су торабының жағдайын тексерді

Премьер-Министр Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне жоспарланған барлық алдын алу іс-шараларын аяқтауды, ал ТЖМ-ға су тасқыны жағдайы ушыққан жағдайда күштер мен техниканы жұмылдыруды тапсырды.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

🔸Олжас Бектенов проверил состояние Петропавловского и Сергеевского гидроузлов в СКО

Премьер-Министр поручил акимату Северо-Казахстанской области завершить все запланированные превентивные мероприятия, МЧС – подготовиться на случай ухудшения паводковой обстановки, мобилизовать силы и технику.

Подробнее на сайте ortcom.kz

@ortcom_kz #CCS


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔶Су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр

Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖС, ІІМ, ҚМ, ҰҚК күштері жұмылдырылды. Олар су астында қалған үйлерден суды тартып, жергілікті тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Сондай-ақ өткелдер салынып, суды бұру үшін арналар қазылуда.

🔶Противопаводковые работы продолжаются

В аварийно-спасательных работах задействованы силы и средства МЧС, МВД, МО, КНБ, которые продолжают откачку талой воды из подтопленных жилых домов, эвакуируют местных жителей, организуют переправы, проводят отводные каналы.

@ortcom_kz #CCS

Показано 20 последних публикаций.