өшпес із


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


↝ сезім күнделігі жазылуда
өшпес із қалсын…💌
— жазбаның бәрі жай ғана сезімдер, ешқандай ақыл емес, кеңес емес.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: OiTube💭 (ойтөбе)
Адамды жай ғана жақсы көру жеткіліксіз. Үнсіз дос болу, үнсіз сүю, құрбыңды, анаңды, жақыныңды, отбасыңды үнсіз ғана жақсы көру жеткіліксіз…

Жұмыстану керек қарым-қатынаспен, кеш болмай тұрғанда. Ол адам сенің сезімдеріңді білуі, естуі қажет, қамқорлығың мен махаббатыңа шомылуы керек. Сенің сөзіңнен, әрекетіңнен, эмоцияңнан махаббатты көруі керек…

Сағындың ба? Білдір.
Жақсы көресің бе? Айт.
Көргің келе ме? Шақыр.

Бәрі оңай. Сен ойлағандай қиын емес…Жай ғана қадамды жақындарыңа бірінші жасап үйрен…




«Адамдардың жүрегі де тас сияқты, тіпті тастан да қаттырақ. Бұл қаттылықты қорқу және шүкіршілік келтірумен жылап жұмсартуға болады»


https://youtu.be/yuKf8Eju0do?si=mVWO19dWtS6W7EUJ

Күйеуге шықпаған қыздар болса, мына подкастты көруге кеңес беремін. Хитба және неке тұрғысында маңызды мәселелер жайында айтып өткен. Білсек те, амал ету жағынан кей істерде әлсіз екенбіз…




Жанымда бірге тұратын қыз:
— сіздің көзіңіз алыстан көрмей ма?
— көреді
— жақыннан ше?
— көреді, не болды?
— жаңа менің бетіме қарап өтіп кеттіңіз ғой

Бұл да ойдың шашыраңқы болуынан шығар…


Бүгін social media detox жасау керек деген шешімге келдім.

Әзірге қанша уақытқа дейін шыдамым жететінін білмеймін, бірақ бір айға ниеттеніп отырмын.

Ми қоқысқа толып, өзімнің шынайы қалауларымды жоғалтып алған секілді сезімдер әсер етті.

Телеграмды өшіруге қимай тұрмын, дегенмен бұл жақ та айтарлықтай уақытың мен назарыңды алып қоятыны бар)


Үммет үшін, адамзат үшін ееең ауыр сынақ ол — Дәджалдың шығуы. Қазіргі болып жатқан сынақтар оның қасында ойнамай қалады.

Дәджалдың фитнасынан аман қалатын адамдар Кахф сүресін көрген кезде оқыған адамдар.

Екінші аман қалатын кісілер ол шықты деген кезде елден безіп (қашып) кететін кісілер.

Үшінші әр намаздың соңында Дәджалдың фитнасынан сақта деп дұға қылатындар.

Төртінші өмірін барынша Алламен байланыстырған адамдар.

— уағыздан үзінді.


Әрбір істің бастамасы Алланы разы қылмаса, ол істің соңы сені разы қылмайды.

— подкасттан


Шайтанның уәсуәсына түсіп қала беретін екі адам бар:
— Бос уақыты көп адам
— Жалғыз қалған адам


Құрбым кез келген идеяны, проблеманы жазып шешуді ұсынып еді. Идея келсе, жазып ойланыңыз. Бір ой мазаласа, жазыңыз. Барлық нәрсенің жауабы — ішімізде. Оны сырттан іздеудің қажеті жоқ.

Енді практика жасап жүрген жайым бар.




«Аллаһым, егер тілім дұғамда не қалайтынын білмей тұрса, Сен менің жүрегімдегіні естіші»






Кейде жай ғана бастай салудың орнына қиындатып жіберетініміз бар. Құрбым «жазғым келеді, бірақ копирайтингтен білімім жоқ» дейді. Өз ойыңды жазу үшін ол керек емес қой негізі.

Жазуды бастау үшін «бастау керек», болды. Мен бастаған кезде «сөздік қорым жетпейді, білімім жоқ, не жазамын» деп ойланбаппын.

Бұлардың бәрі жасамауға сылтау ғана сияқты. Сайып келгенде, Аллаһ адамға бір нәрсені жасау жайлы ойды да бекер салмаса керек.


Репост из: Абылай Кенжалы
Ұйықтар алдын өзіңе қоюың керек ең маңызды сұрақ:

«Бүгін Алланың разылығына лайық болар қандай амал жасадым?»

#мухасаба




Кейде біз керек адамды алыстан іздеп кетеміз. Шын мәнінде жаныңда жүрген жандардан да көп нәрсе үйренуге, білуге болады. Сырттай білетін қасиеттерінен бөлек, ішіне үңіліп, тыңдасақ, басқа әлем көре аламыз.


нағыз күз болып жатыр екен🍂🤎

Показано 20 последних публикаций.