«Otandastar Qory»


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Біздің миссия: Әлем қазақтарын тарихи отан төңірегіне ұйыстыру

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


2024 жылдың басынан бері 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
https://oq.gov.kz/news/1212

Более 18 тыс. этнических казахов получили статус кандаса с начала 2024 года
https://oq.gov.kz/ru/news/1212




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шетелде мәдени мұраны сақтаудың халықаралық тәжірибесі | Қалыбек Қобландин

https://youtu.be/o0OBR_B6XVE

Шетелде тұратын қазақтар өз болмысын қалай сақтап жүр? Қазақ диаспорасын біріктіретін не нәрсе? «Отандастар қоры» секілді ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ұйымдардың рөлі қандай? Біз бұл сұрақтарды тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Моңғолиядағы бұрынғы Елшісі, «Отандастар қоры» Президентінің кеңесшісі Қалыбек Қобландин мырзамен талқыладық.

Подкаст барысында:
– Әлемдегі қазақтардың саны мен оларды біріктіретін факторлар;
– «Ұлы дала» жобасы: шетелдегі қазақ ақын-жазушыларының еңбектерін Қазақстанға таныту;
– Россотрудничество, YTB, JICA, OKA, Конфуций, Гете және Сервантес институттары сияқты халықаралық ұйымдар;
– Ұлттық мәдениетті насихаттаудағы қазақ диаспорасының рөлі талқыланады.

Тыңдаңыз, ой бөлісіңіз және қазақ мәдениетінің әлемдік сахнадағы орны туралы пікіріңізді білдіріңіз!

@otandastar


Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің күміс жылдары

Моңғолиядағы қазақ жазба әдебиеті өткен ғасырдың бастапқы ширегінде іргетасы берік қаланып, қалыптасты. Оның алғашқы бастау көзі Ақыт Үлімжіұлы болды десек, артық айт­қандық болмас. Олай дейтін себебіміз қазақта тұңғыш рет әдеби кітап шығарып, шығармаларын ауызша да, жазбаша да таратып, насихат­таған бірден-бір ақын Ақыт еді. Ол Алтай тауының күнгей бетінде туып, өмірінің жиырма шақты жылын Қобда бетінде, Моңғолия жеріндегі қазақтар арасында өткізді.

Толығырақ: https://www.facebook.com/share/p/17mQRYT9a4/

@otandastar


Қазақ әдебиеті – ғаламдық деңгейдегі әдебиет

– Қазіргі Қазақ­стан мен Қытай қаламгерлері арасындағы байланыстарға қандай баға берер едіңіз?
– Бүгіндері екі ел арасындағы әдеби байланыс нығайып келеді. Менің білуімше, биыл қытайдан қазақ тіліне 80-ге жуық кітап аударылып басылды. Сонау жылдары Абайды қытай тілінде сөйлетуге өз үлесімді қосқан болсам, бұл үрдіс бүгіндері де жалғасуда. Мұхтар Шахановтың өлеңдері де қытай оқырмандарына аударма арқылы таныс болған. Алдағы уақыт­та қазақтың 25 ақын-жазушысының кітаптарын қытай тіліне аудару жобасы қолға алынып отыр.

Толығырақ: https://www.facebook.com/share/p/12GWA84DVnR/

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
1991 жылы 18 қарашада Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің №711 «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ ССР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» Қаулысы шықты.

Аталған құжат бойынша әлі «оралман» атауы қолданыста болмай тұрып, «байырғы ұлт адамдары» деп аталған. Онымен қоса аталған құжат тек қана қазақтарды Қазақстанға қайтаруға ғана емес, мемлекеттегі күрделі жағдайда тұрған ауыл шаруашылығы мәселелерін де шешу көзделді.

Осы қаулы қабылданғаннан кейін «Көшіп келу туралы», «Халықтың көші-қоны туралы» Заңдары және ҚР Президентінің әр календарлық жылға арналған оралмандардың көшіп келу квотасын белгілеу туралы Жарлықтары мен көптеген нормативтік-құқықтық актілер бірінен кейін бірі қабылдана бастады.

Толығырақ: https://youtu.be/l3Yn3XEivaw?si=FzWjeIW3CpXcswCf

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақстан азаматтығын алу үшін этникалық қазақтар (қандастар) емтихан тапсырмайды

Ал басқа шетел азаматтары қазақ тілі, Конституция негіздері және Қазақстан тарихы бойынша тестілеуден өту керек. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығында көрсетілген.

Толығырақ: Youtube

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат.

«Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қолданылу мерзіміне байланысты шектелетінін ескеру жөн.

«Ата жолы» картасын ұсыну туралы өтінішті «Құтты мекен» мобильдік қосымша немесе Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы арқылы өтініш бере аласыздар.

Толығырақ: Youtube

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
2023 жылдан бастап жұмыс күші артық аумақтардан жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуды ынталандыру үшін экономикалық ұтқырлық сертификаттары енгізілді.

Сертификаттар Үкімет белгілеген қоныстану аймақтарына тұрақты тұруға көшкен кандастар мен ішкі қоныс аударушыларға беріледі және тұрғын үй сатып алуда материалдық көмек көрсетуді көздейді.

Сертификат бір рет өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50% немесе бір отбасына 4,2 млн теңгеге дейін беріледі.

Толығырақ: Youtube

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🤝🇲🇳 Моңғолиядағы қандастарымыз қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды.

Моңғолия, Баян-Өлгий аймағының жалпы білім беретін 1-мектебінің Жанар Ясымхан қызы жетекші ететін 7Б сыныбының “Ай-Ана” күй тобы, домбыра үйірмесінің ұстазы-Моңғолия елінің кеңесші ұстазы Аймангүл Кабди қызы.

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔰Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы қызметі аймақтардағы фронт-кеңселерден, бэк-кеңседен және колл-орталығынан құралады.

⚜️Оның жұмысының басты мақсаты – қандастардың жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға тез және ауыртпалықсыз бейімделуіне ықпал етеді, өтініш білдірген этникалық қазақтардың мәселелерін шешуге қолдау көрсетеді.

📌Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының негізгі бағыттарының бірі болып табылатын колл-орталығы өз жұмысын келесі бекітілген нөмерлерге, эл.поштаға түскен қоңыраулар мен хабарламалар арқылы қабылдайды:

📞1404 (барлық қазақстандық оператордың қоңырауы тегін қабылданады);
📱8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады);
☎️+7 7172 98 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық номерлерден қоңырау тегін қабылданады, шет елдерден сол елдің байланыс операторының төлем мөлшерлемесі бойынша);
📩+7 701 000 14 04 (WhatsApp және Telegram хабарламалары үшін);
📬E-mail: komek@oq.gov.kz

Подкасттың толық нұсқасын Otandastar Channel Youtube арнасынан көре аласыздар.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🤝🇭🇺 Мажарстанда тұратын отандастарымыз Қазақстанды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды.

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🤝🇰🇷 Оңтүстік Кореядағы Qazaq Nomad ұжымы қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды.

@otandastar


Хакімді қытайша сөйлеткен жазушы

Ұлт пен ұлтты, ел мен елді біріктіретін шекарасыз әлем – өнер. Киелі қалам ұшымен халық қасиетін бейнелеген озық­ ойлы қаламгерлердің бірі, Қы­тайдағы қазақ жазушысы – Акбар Мажиттің 70 жасы Л.Н.Гу­милев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінде аталып өтті.

Толығырақ: Egemen.kz

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🤝🇺🇿 Ташкент қаласындағы ұлттық қазақ би үйірмесі қатысушылары отандастарымызды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды.

Би үйірмесі Отандастар қорының қолдауымен жұмыс істеп жатыр.

@otandastar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Барнаул (Ресей) қаласында орналасқан Алтай педагогикалық университетінің “Қазақ тілі мен мәдениеті” орталығы қазақстандықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.

@otandastar


🇰🇿🇰🇷В Сеуле состоялась встреча с представителями казахской диаспоры
Подробнее: https://oq.gov.kz/ru/news/1204

🇰🇿🇰🇷A Meeting with Representatives of the Kazakh Diaspora Held in Seoul
Read More: https://oq.gov.kz/en/news/1204


🇰🇿🇰🇷Сеулде қазақ диаспорасымен кездесу өтті

Толығырақ: https://oq.gov.kz/news/1204


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿🤝🇰🇷 «Отандастар Қоры» КеАҚ президентінің Инчхон қаласындағы қазақтармен кездесуі

@otandastar


🇰🇿🇰🇷 «Отандастар Қоры» мен «Overseas Korean Agency» арасындағы маңызды кездесу

2024 жылдың 28 қарашасында «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров бастаған делегация Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Overseas Korean Agency» төрағасының орынбасары Бён Чул-хван мырзамен ресми кездесу өткізді. Бұл кездесу Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту және диаспоралық саясаттағы өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру және диаспорамен жұмыс саласында тәжірибе алмасу бойынша жоспарлар талқылады. 2025 жылы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін өзара меморандумға қол қою туралы ұсыныс көтерілді. Сонымен қатар, «Overseas Korean Agency» ұйымы Қазақстанға арнайы сапармен келуге шақырылды.

Толығырақ: https://oq.gov.kz/news/1202

@otandastar

Показано 20 последних публикаций.