Фильтр публикаций


Репост из: ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
Мұхтар Мағауин өзінің "Мен" роман-эссесінде оқуға ұсынған авторлары⬇️ Сіз төмендегі тізімнен қайсын оқыған едіңіз?

1. Ауыз әдебиеті
2. Мұхтар Әуезовтың алғашқы әңгімелері
3. Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебінің» бірінші томы
4. Гоголь – «Миргород», «Петербург повестері»
5. Стендаль – «Парм монастірі»
6. Бальзак – «Адамзат комедиясы»
7. Тургенев – түгел
8. Толстой – Қапқаз әңгімелері, «Казактар», «Крейцер сонатасы», «Иван Ильичтің өлімі», «Хажы-Мұрат», «Соғыс пен бейбітшілік»
9. Достоевский – «Өлі үйден шыққан жазбалар», «Құмарпаз», тағы екі-үш романы
10. Пастернак – «Доктор Живаго»
11. Кобо Абэ – «Құмдағы әйел», «Бөтеннің түрі» және бұрынғы-соңғы жапон әдебиетінен көзге ілінгеннің бәрін. Соның ішінде: Акутагава, Кэндзабуро Оэ, Юкио Мисима
12. Мериме
13. Эдгар По
14. Мопассан
15. Мамин-Сибиряк
16. Чехов
17. Киплинг
18. Джек Лондон
19. Кнут Гамсун
20. Бунин
21. Моэм
22. Набоков
23. Иво Андрич
24. Колдуэлл
25. Хэмингуэй
26. Шарламов әңгімелері немесе қолға түскен кез келген шығармасы
27. Стефан Цвейг – «Бальзак»
28. «Махабхарата»
29. Эллада әдебиеті
30. Рим әдебиеті
31. Ежелгі Шығыс
32. Мұсылман әлемі – Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Сейф Сарайи, Құл-Ғали, Әлішер Науаи
33. Ортағасырлық Данте мен Рабле
34. Сервантес
35. Стриндберг
36. Ибсен
37. Метерлинк
38. Джойс
39. Пруст
40. Кафка
41. Петефи
42. Адам Мицкевич






Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология факультетінде оқытушы ұстаздар мен студенттердің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуде Қазақстан Жазушылар одағында отыз жылдан астам уақыт табысты еңбек етіп, ұлттық руханияттың дамуына зор үлес қосқан университет түлегі Қайрыниса Аманқызы Жұмашеваға Президент Алғысы табыс етілді.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде белгілі журналист, қоғам қайраткері, ғалым Намазалы Омашевтың 75 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметінің 50 жылдығына арналған «Журналистік білім беру мен ғылымының сабақтастығы» атты конференция өтті. Ел зиялылары қатысқан жиында Мемлекет басшысының арнайы жолдаған Құттықтауы оқылып, мерейтой иесіне табыс етілді.


✉️Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады.

– «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.


Репост из: Qazaqstan.tv
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
✍️Жамбыл жерінен Атлах шайқасының орны табылды

Араб пен Қытай империясы арасындағы соғыс Тараз маңында өткені тарихтан белгілі. Бірақ бұған дейін нақты қай жерде болғаны жұмбақ болған. Енді тараздық тарихшылар Бесағаш ауылының маңын Атлахтың алаңы деп, шайқастың шекарасын шегендеуге көшті.

Жайылымнан VII ғасырға тән жебе ұшы мен салақұлаш семсер де табылған. Тарихшылардың тынымсыз еңбегін бағалаған жергілікті билік Атлах алаңын зерттеуге 25 млн теңге бөліп отыр.

📺@qazaqstantv


✉️ Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.


Мемлекет басшысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.




Репост из: Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»

Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбаты

t.me/aqorda_resmi




Репост из: Qazaqparat
💡Жаңа жыл құтты болсын!💡

2025 жыл баршаңызға табысты, берекелі, құтты болсын! Төрт құбыламыз түгел болып, көк туымыз мәңгі желбіресін!

ℹ️ @qazaqparat_kz


Ф.М.Достоевский:

Құдайға сенбейтіндер халыққа да сенбейді.

(“Ағайынды Карамазовтар” романынан)


Репост из: Qazaqstan.tv

Показано 15 последних публикаций.