Фильтр публикаций


https://www.instagram.com/p/DDv57UvNnEy/?igsh=b3dvZ3RweGNyaHQ0

📜Осы аптаның іс-шаралар тізімі

Сіздерді асыға күтеміз😇


АҢДАТПА

🇹🇷 Turkish club

Тақырыбы: “Erteleme alışkanlığı”.

📍Ә.Бектуров 1/2 , Oqyrman astana
📆07.12.24 (сенбі) 12:00
📞Байланысу үшін: Салтанат ханым
+7 747 243 6564


🇷🇺Орысша талқы

Тақырыбы: FQ, базовые понятия

📍Төле би көшесі 42, Binom school имени Ы.Алтынсарина(кинозал)
📆08.12.24 (жексенбі) - 12:00
📞Байланысу үшін: Арман мырза
+7 747 184 26 16

⛔️ЕСКЕРТУ: Ойордалық емес, сырттан келетін жандарға жарна құны 1000 тг.

Бәріңізді жарқын жүзбен, жайдары көңіл-күймен күтеміз! 🫂


Репост из: Akerke Tory
https://www.instagram.com/reel/DDHysPcIfPq/?igsh=N21ocWxzeXkzdThy

30 қараша күні №3 оқырмандар тобы Элиф Шафактың әйгілі романы – "Махаббаттың 40 қағидасын" талқылады😍

Ал кезекті топ кімдер екен?🤔

Қолдауларыңызды күтеміз❤️


Репост из: floret 💗
Құлдырадым сездім оны мен де кейде
Қылдым қате, өкіндім кей жерлерде
Адамгершіліктің соты бірақ жіберген бе
Жеңе алмадым мен де бір қуыс кеуде.

Өзге еді әлемім өзгелерден,
Бейнесі тұлға болып еленбеген,
Кеудеме рухани азық жетіспеді
Басу үшін Ойордаға тіркелдім мен.

Жасқандым, жасақталдым, жеңе білдім.
Бәрі мендей бейбақ жан екен сездім
Жақты бәрін, шырағымды, көздегі отты
Ортаның күшіне енді мен кәміл сендім.

Кітап оқу басты мақсат, бізге парыз
Қызық бізге оны талдау, тілге тиек
Асылында, еріккен бір бос кеуде ек
Сол үшін де Ойордаға борыштармыз.

Даму үшін адамға орта керек екен
Сол үшін де Ойорданы керек етем
Қызығы мен шыжығы толы мекен
Ойорданың жастары бөлек екен.


Репост из: Жандос
Қыс та келіп қылышын арқалаған
Ұлпа қарға оранды Арқа-далам
Бурабайды бағытқа ап сапарладық
Ойордалық оқырман алқалаған

Ауаң таза, шипадай, нәрлі білем
Сұлулыққа сусындар жан дүниең
Тарыққан көңіл шіркін шабыт алар
Тұмса табиғатыңның кеңдігінен

Келмейсің мұнда желік, құр аңсардан
Бұл аймақ сал-серілер жыр, ән салған
Жасыған жігерлерді биіктетер
Шыңдары тауларыңның тұман шалған

Қарағай, қайың, емен, шыршалары
Үйлесімін тауып-ақ тұрса бәрі
Тоңдыратын аязы - жылытады
Құйындаған боран да - нұр самалы

Әдетте суықтан тән дірілдейді
Сонда да аяз оған үңілмейді
Тұрғанда жылы пейілі сапарластың Даланың суықтығы білінбейді

Дүниеде әр нығметтің сұрауы бар
Сезінер сұлулықты қырағылар
Тірліктің күйбеңінен шаршай қалсаң
Келіп көр де, шеріңді шығарып ал

Тыныштамай кеудеңде жұмыр етің
Ойлар қашып, жан-жаққа жүгіретін
Ал бүгін тәубесіне келді жүрек
Көргенде Жаратқанның құдіретін

Құшақ жайдың, Бурабай, саялаттың
Шын демалып, ерекше сая таптым
Жалғасын тауып дәйім болашақта
Тізбегі үзілмесін саяхаттың


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


📃 Осы аптаның іс-шаралар тізімі!
Демалысты Ойордамен жоспарла😇

Сіздерді асыға күтеміз☺️


Кітап алмасу Астанада! 📚✨

Елорданың кітапсүйер тұрғындарын Тарыда @tary.coffee өтетін Astana Kitap Fest-ке шақырамыз!

Іс-шара барысында сізді:
- Кітап алмасу (буккроссинг, яғни қанша кітап алып келсеңіз, сонша кітап алмастыруға болады);
- Talks: Құпия спикер;
- Интеллектуалды куиз;
- Ұтыс ойындары және сыйлықтар;
- Пайдалы нетворкиң күтеді.

📌 23 қараша, 11:00–13:30
📍 Өтетін орны: Europe City ТК-дегі TARY, Ақмешіт, 1 блок 4

Қатысу тегін! Тек төмендегі сауалнаманы толтырыңыз.

https://forms.gle/k5UTyzYWmQMr6hmz8


OYORDA talks-тан кейінгі 🫖


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Көшпенділік = еркіндік…

Ғабит Бекахметов


Білім жолында бос уақыт көп болу керек, еркіндік болу керек.

Ғабит Бекахметов


Тілді сезу - жүректен.

Мұхаммед Әли Болатұлы


Адамның үнінде рух қалады.

Мұхаммед Әли Болатұлы


Жүрек деген тек қана батырлық емес, жағдайды сезіне алу.

Кез келген жағдайда жүрек сезінуі керек.

Мұхаммед Әли Болатұлы


Дер кезінде алып алған бөлек.
Барынша мүмкіндікті пайдаланайық.

Шәди Арсен


Сөздің төресі қысқа әрі,нақты айтылған сөз.

Шәди Арсен


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
СІЗ БІР АРМАННЫҢ ШЫНДЫҚҚА АЙНАЛУЫНА КӨМЕКТЕСЕ АЛАСЫЗ! БІРАҚ ҚАЛАЙ?

📚☕️ Құрметті достар! Көптен бері ОЙымызда жүрген арманымыз – кітап оқуға жайлы орын ашу еді. Бұл жай ғана кәсіп емес. Мақсатымыз – жаратылысты кітап арқылы тануды, жаңа сырлас табуды және рухани дем алуды қалайтын әр адамға шаңырақ болу.

Кофе ОРДАМЫЗДЫ ашу жолында әрбіріңіздің қолдауларыңыз үлкен маңызға ие. Сол себепті біз краудфандинг жариялап отырмыз. 🙌

“Oyorda: kitap-kofe” жобамызды жаңа салынып жатқан үй деп елестетейік. Әрбір қолдау – бір кірпіш. Әрқайсыңыздың қосқан кішкене үлесіңіз сол үйдің мықты іргетасын қалауға көмектесер еді. 🏠

Алғашқы қадам: парақшамыздағы сілтемеге өту арқылы краудфандингке қатысуды бастаңыз. Достарыңызды біз жайлы құлақдар қылыңыз. Әлбетте, күшіміз – бірлікте! Жақсылықта бірге жарысуға асығайық! ✨

Солай “арман” аралын еңсеріп, “мақсат” аралына да жеттік. Ендігі нүкте – “нәтиже”. Ал сіз біздің кемемізге отырасыз ба? ❤️

https://oyordakitapkofe.tilda.ws/page57845997.html


OYORDA Talks 3.0-тің құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар!

Шәди Арсен
* 📚 Тақырыбы: “Тұлғаның тіл үйрену арқылы дамуы: интеллектуалды және рухани әсер”
* Полиглот және Shadi Courses негізін қалаушы, TilBil polyglot кітабының авторы.

Мұхаммед Әли Болатұлы
* 📚 Тақырыбы: “Әлем әуе толқынында”
* Радио жүргізуші, сөз өнері саласының маманы. Қазақ радиосында диктор. Сөз өнері мен шешендік шеберлігін дамытуға арналған бірнеше семинарларда дәріс оқыған.

Ғабит Бекахметов
* 📚 Тақырыбы: “Көшпенділер футуристикасы”
* Педагог, “Барсакелмес: Көшпенділердің оралуы” романының авторы. Қазақстанда заманауи білім беруді ұлттық құндылықтармен үйлестіруге арналған жобалардың негізін қалаушы.

Күні: 10 қараша | 14:00
Өтетін орын: ORTA Community, Мәңгілік Ел даңғылы, 41/1
Орын саны: 60
Жарна: 1,890 ₸

🍃 жарна құнына Shai break кіреді.
Дресс-код: қазақи нақыштағы киім, әшекей-бұйымдар

📅 Тіркеу бейсенбі күні сағат 15:00-де ашылады.

🔹 Серіктесіміз - Qasym kitap баспа үйі

🟢 Рухтастар, біз сіздермен қауышуға асықпыз!


Не деп ойлайсыздар?

Показано 20 последних публикаций.