Бақыт министрі


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Владелец канал: @gizz01er

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Сен сүйетін жан, ол – ауа. Тәтті, ащы, суық, оттегісі кемерінен асқаннан тым шолжаң, су сияқты аса қою, гүрілдеуік. Сен оны ауыз толтырып жұтасың, сол сәт басың айналып, жүрегің тарсылдап кетеді. Бірақ онсыз тынысың тарылады. Өкпең қысылып, теріңнен жан айқайың шығып, дірілдеп, аяқ-қолың қалтырайды. Сол улы газды қайта жұтқанша жаның қалмайды. Содан кейін қайтып тірілесің де, дем аласың, дем аласың...


Ерте ме, кеш пе, қанша мықты болсаң да батып кететін Теңізге тап боласың. Ешкім сені құтқара алмайды. Жағаға шығаратын еш үміт қалмайды. Шықсам ғой деген ниет те болмайды...


Кейде құлап қалмау үшін тоқтау керек. Уақыттың алдына түсіп жүгірме. Өткен шақта қап кетпе. Күзбен тыныста. Аяқ астында шытырлап жатқан жапырақтарды басып жүр. Жыл құсын шығарып сал. Алғашқы суықты күт. Өмір ағынына сен. Суық судың бетіне орындалмаған хикаялардың кемелерін жібер.


Кейде қорқынышыңды жеңіп, өткен өміріңе үңіліп, жаның тынышталғанын сезесің. Бәрі ойдағыдай. Яғни, өткеніңе аяқ тірей бастағаның. Ол енді сен құлап кететін құз емес.


Кейде сүйген адамыңның дертінің беті қайтқанын біліп терең тыныстайсың. Бүгін жан қиналысы кеміп, кешегіден жеңілдегенін біліп, қуанасың. Ертең бүгінгіден де жақсы болатынын ойлап, арқаң кеңіп қалады.


Кейде шыңырауға құлап кетпеу үшін жан досыңның дауысын есту жеткілікті. Жай ғана "сағындым" деген сөзден ес жиып, жан жылынып, өмір ғажап бола салады.


Махаббат...
Өмірдегі ең қарапайым дүниелерді қалап еді. Шын жүректен сүйіп, бақытына балап, күнде кешқұрым жұмыстан күтіп алып, тәтті тамақ пісіріп, таңертең оның ыстық құшағында оянсам деп еді. Оны құшырлана сүйіп, жұмысына шығарып салса. Айналасындағы жүздеген, мыңдаған адамдардікіндей жай ғана тыныш бақытқа ұмтылып еді. Жаздыңгүні теңізге барып, жағасында шарапты сораптап, қол ұстасқан күйі жұлдызды аспанды тамашаласа. Күзде табан астындағы жапырақтарды шықырлата басып, саябақта серуендесе, жаурағанда ыстық кофемен жылынса. Қыста — бірге шырша сәндеп, жаңа жылды кіммен қарсы аламыз деп дауласса. Ол жай ғана сүйікті болғысы келді. Бұл бақыт қашан бітіп қалар екен деген уайымға берілмей сүйгісі кеп еді...

«Бабочка на апельсиновой дольке»
© Алина Ермолаева, 2020




Кішкентай күнімде әжем көп ертегі айтып беретін. Бір күні менен “бұл дүниедегі ең қорқынышты сөзді білесің бе?” деп сұрады. Мен тоқтамастан талай сөзді айттым. Бірақ таппадым.
“Кеш қалдың” деген сөз, - деді әжем. - Бұл сөзді қашан, қалай айтсаң да көңілсіз, ренішті, кейде тіпті қайғылы нәрсеге қатысты айтылады. Ал кейде расымен мәңгілікке сіңіп кеткенді еске салады...”


Өз-өзіңе келсең, ішіңде ешкім жоқ…

Неліктен дерсіз?
“Өмір деген өзіңді іздеу емес, өмір деген өзіңді өзің жасау”


Барлық нәрсе жақсылықпен аяқталады. Жақсылықпен бітпесе, онда әлі соңына жетпегенің! 💭


Сен айнысаң, кете аласың…Ал мен жоқ! Менің барар жер, басар тауым жоқ. Телефонның нөмірін ауыстырып, басқа қалаға, не мүлде бейтаныс елге көшіп кетуім мүмкін. Атымды ауыстырып, жұмысты тастап, ескі достарды аластап, жаңа ортаға үйренісуім ықтимал. Бүкіл өмірімді жоқ қылып, бәрін қайтадан бастай алам. Мен өте мықтымын. Өткенге байланбай, артыма қарамай, өмір сүруге ықтиярым жетеді.
Бірақ жер бетінде өзімнен, өз жүрегімнен тығылып қалар құпия құжыра жоқ. Сені санамнан өшіріп, ұмыттырар алапат күш те жоқ…


“Мен қалжыңдадым” дегеннің астарында біршама шындық жатады, “Білмеймін” дегеннің әрісінде біраз білім бар, “Маған бәрібір” дегеннің тереңінде тұнық сезім бар, “Бәрі жақсы” деудің тұңғиығында қайғының табы бар.


Кешір деймісің? Кешіргеннен не өзгерер екен? Сенші дедің. Сене салдым. Саған сенгеннен жүрегімді суырып алып қолыңа ұстаттым. Не істедің? Қос алақаныңдағы қаны сорғалап тұрған сау тамтығы жоқ, шұрық-тесік жүректен көзің қарауытып, жүрегің лоблып, апардың да көшедегі қаңғыған итке тастай салдың. Итке жем болған жүректі қайдан таппақсың енді? Қаны сорғалаған қос алақаныңды сабынмен көпіртіп, ұнтақпен үйкеледің кеп. Сумен де жуып, сүтке де салдың. Бірақ алақанға жұққан қан кетер ме екен оңайлықпен? Айнаға қараған сайын түріңді сылап, сипағаннан алақандағы қан бетіңді айғыздап, жұға берді. Шашыңның әр талынан бейкүнә қызыл қан тамшылап тұр. Айнадан қатыгез жүрегіңнің түкпіріндегі тойымсыз жалмауыздың сұлбасын анық көріп, шошындың. Өзгенің жүрегі әншейін ойыншық па? Қанша жерден кешірім сұрағаннан селкеу түскен сенім қайтып бүтінделе ме? Сезім қайтып тірілер ме? Сүйген жүрекке сына қағып жаралап, түк болмағандай жүре беру оңай ма? Бір ауыз сөздің құдіреті сынаның орнын жаза ма? Кешегіңнің бәрі кешіріліп, бүгінің жайнап, ертеңің асқақтайтынын анық білемісің? Бір кешіріммен тәуекелге бел буамысың? Кешегі зұлымдық, бүгінгі бейтараптық, ертеңгі бойкүйездік. Жүрегіңнің жан айқайын естіп жүрмісің? Нағыз адам жүрекпен өмір сүреді. Әділдіктен аттамай. Алақаныңа салған жүрекке абай болу керек... Сенің жүрегіңнің әділдік алдаспаны қайралмағалы қай заман... Жүзі жұмсақ жүрекке тисе де майырылады. Осалдық па? Аярлық па? Адамды адам ететін адалдық қана. Адалдық жоқ жерде адамдық бар деу мүмкін емес... Бір ауыз сөз. Кешіру керек болса, мен-ақ кешірейін. Содан алдаспаның жарқыраса... (Feysa Rakhat)

#ойтүрткі


Маған басқалардың керегі жоқ. Біреулер кіріп, біреулер шығып кететін вагон болғым келмейді. Маған ақырғы аялдамаға дейін бірге болатын бір ғана жолаушы керек

#АльПачино


Әр азаматтың өмірінде оның өмірін астын-үстін ететін аруы бар. Сенің өміріңе өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырған жан. Ол болды ма, жоқ па, жаныңда ма – бәрібір. Болса – күйесің, жоқ болса – күтесің, бар екен – бақыттан басың айналады. Ең бастысы – мұндай ару шынымен де жігіттің өмірін бөлек арнаға бұрады. Өзін де өзгертіп жібереді. Осындай арулар жүректе мәңгілік орын алады. Небір аласапыранда да көңіл түкпірінен өшпейді. Көзіңнен таса қылсаң қайғырасың, өміріңнен кетсе азап шегесің. Басқаның бәрін сонымен салыстырасың.

Олар әрдайым жадыда жаңғырып тұрады. Ондай аруларды алақанға салып аялайды. Немесе алақанына түсер күнін бар ынтасымен күтеді. Уақыты келсін деп сыртынан көз қырын салып, бағып жүреді, сары майдай сақтайды. Оған телефон шалып қоймайын, мені есіне алмасын деп өз-өзін қинайды. Бірақ сәл уақыттан соң онымен қол ұстасып, жаңа өмір бастайтынын, ол ару өзінің ұрпағын өрбітер отанасы болатынына сенеді.
Кей ақымақтар мұндай аруларын уысынан шығарып алады. Айырылған соң бос кеуде болып өмір сүреді. Олардың жүрегін ешкім ешқашан осы бір нәзік сезіммен толтыра алмас. Уақытың барда қадірле, бағала! Ең бастысы мынаны есіңе тұт: мұндай махаббат адам өмірінде бір-ақ рет кездеседі.

Ирина Фомина
Шынар Әбілда




Саған қамқор болғым келеді — еш өзгертуге тырыспастан. Сені сүйгім келеді — еркіндігіңе тұсау салмастан. Бар болмысыңмен шындап қабылдағым келеді — ештеңеге мәжбүрлеместен. Саған басымды игім келеді — өзімді саған таңбастан. Саған әлдене сыйласам деймін — есесіне ештеңе күтпестен. Сенімен қоштаса білсем деймін — мәңгілікке жоғалтып алам-ау деп үрейленбестен. Сезімімді жайып салғым келеді — сол үшін саған еш жауапкершілік ілместен. Сенімен бар білгеніммен бөліссем деймін — ақылдымсынбай. Бар болмысыңа — шексіз қуансам деймін. Осындай сезімдермен маған қарай он қадам жасасаң — біз бір-бірімізді байыта түсер ек.

“Я хотел бы заботиться о тебе”


Сұлулық тек сыртқы әлпетпен өлшенбейді. Сұлулықтың түп тамыры ойдың тазалығы, жүректің жылылығы, жанның сабырлылығында


Көше мен аулаларды ымырт аралап жүр. Бұрын біз қыдырған жердің бәрін енді ол иемденіпті. Ымырттың бетін салқын самал өпті. Табан астында сары жапырақтар төгіліп жатыр. Жылап жатыр ма? Көктемнің айлы түні естелік бопты. Қимай-қимай жаз да қоштасып үлгерді. Қалада тыныштық мұңаяды. Үйде өмір тоқтап тұр. Кеседе ішілмеген күз қап кетті. Жүректе сағыныш ұйықтап қалды.

Показано 20 последних публикаций.