5 және 6 тамыз күндері "Астана Аренада" Expo2017 Football cup турнирі өтеді. Футбол турнирі "Аңыздар кубогы" жүйесі бойынша, яғни алтыда алты форматымен өтеді.
EXPO көрмесінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, турнирге Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және әлем құрамасы қатысады. Жанкүйерлер Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов және басқа да әлем футболы жұлдыздарының өнеріне куә болады.
Қазақстан құрамасының намысын Мұрат Тлешов, Қайрат Әубәкіров, Нұрбол Жұмасқалиев, Андрей Финонченко, Андрей Карпович, Олег Воскобойников, Игорь Авдеевтер қорғайды.
http://kaz.vesti.kz/mirfutbol/2698/