Репост из: журфак
Журналистер сұрағына жарытып жауап бермеген, кейіннен тікелей эфирге шығуды мүлде қойған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой блогерлермен (!) кафеде (!) кездесіпті:) Министрдің командасы өткенде оның "5 минут та уақыты жоғын" айтып еді.
Кездесу жайлы Елнұр Әлімова мен Бағдат Асылбек "Рас айтамын" арнасында жақсы жазып шықты.
Өзіне ыңғайсыз сұрақ қоятын журналистерден "қашқан" министр блогерлермен бір дастархан басында отырып, ахуалды солар арқылы жеткізуге тырысып, меніңше, үлкен қателік жасады. Бұл биліктің пандемия кезіндегі жағдайды мейлінше жұмсартып көрсетуге тырысатынының; ахуал біржақты ғана баяндалғанын қалайтынының және бір көрінісі болды.
Тағы бір қызық көрінгені, министрмен кездескен блогерлер арасында қазақша жазатын бірде-бір (!) адам жоқ. Кездесуден кейінгі "есебін" ешбір блогер қазақша жарияламағанын да көріп отырмыз.
Әрине, блогерлердің біржақты жазбасын қай тілде болса да оқуға ынтызар емеспін. Бірақ сол жазбалар арқылы министрлік позициясын, олардың ахуалды қалай бағалап отырғанын білуге болады. Бірақ Цой командасының біржақты ақпаратты болса да, қазақша оқитын аудитория барын елемеуі, қазақ тілді қолданушы саны орысшадан аз емесін (тіпті көп болуы мүмкін екенін) көзге ілмеуі өкінішті.