Репост из: Shalkar Nurseit Report
Еликбаевтың Ақорда жайлы түсірген видеоролигі туралы
Қазір ғана Алишер Еликбаевтың Ақорда жайлы түсірген видеоролигін көріп шықтым. Ол роликті көруіме журналист Ая Өміртай себепкер болды. Бүгін Ая ханым видеоролик жайлы пікір білдіруімді сұрап, хабарласқан еді. Өкінішке қарай, күндіз роликті көруге, пікір білдіруге мүмкіндігім болмады. Сол себепті аталған ролик жайлы ойымды (ішімде қалып кетпесін деп) осында жазсам деп шештім.
Біріншіден, 10 минуттық “жаны” жоқ ролик арқылы Ақорданың баспасөз қызметі қоғамға қандай месседж таратқысы келгені, не айтқысы келгені түсініксіз. Ақордаға ремонт жасалғанын-жасалмағанын білу, ремонттан кейінгі президенттің резиденциясын көру, Еликбаевқа Ақорданың самсасы ұнау-ұнамауы қоғамдық пікірге әсер ете қоятынына үлкен күмәнім бар. Басқаша айтқанда, роликтен коммуникациялық стратегияның иісі сезілмейді.
Екіншіден, Ақорданың жазылушыларының саны енді 10 мыңнан асқан каналмен әріптестік жасауынан роликті көп адам көрсін деген ойды байқамадым. Мүмкін, Ақорданың имиджмейкерлері 2011 жылы Жаңаөзен оқиғасынын кейін төтенше жағдай жарияланған қалаға сол кездегі премьер-министр К.Масимовпен еріп барған Еликбаев мырза резиденция жайлы ролик түсірсе, бүйректен сирақ шығара қоймас деп ойлаған шығар?
Үшіншіден, Тоқаев әкімшілігінің идеологтары өздері ойлап тапқан “халық үніне құлақ асатын мемлекет” концепциясын осындай фэнси роликтер тарату деп түсінетіндей әсер қалдырды. Турасын айтқанда, Қазақстан секілді авторитарлық режим орнаған мемлекетте билікті ашық қылып көрсетуге тырысатын осындай роликтер арзан әрі тым жасанды тактика ретінде көрінеді.
Сөз соңында “Сынайтын болсаң, тегін ұсыныс айт” деген принциппен өмір сүретін сол жағалаудағы нұрсұлтандықтарға келесідей ұсыныс:
Еликбаев ролигінде көрсеткен Ақорданың пресс-конференция залында президент Тоқаев (ай сайын демей-ақ қояйын) екі-үш айда бір рет, баспасөз хатшысы Берік Уәли (күн сайын демей-ақ қояйын) апта сайын журналистердің “АЭС”, “Сбер”, Ұлттық қордан мембюджеттің жыртығын жамауға кетіп жатқан триллиондаған трансферлер, күн сайын азық-түлік бағасының аспандауы, саяси желеумен активисттердің қудалануы, пандемияның әсерінен кедейленген азаматтарды қолдау, вакцинация қарқыны, жанар-жағармайдың жетіспеуі, Қытаймен шекарада жылдап тұрған жүк көліктері, жыл сайын арнасы тарылып жатқан трансшекаралық өзендер жайлы және т.б. көптеген сұрақтарына тікелей эфирде жауап беруді дәстүрге айналдырса, ең бастысы, атқарушы билік сол мәселелерді шешуді қолға алса, “еститін мемлекетті” сонда көрер едік.