✅Менің халім не болмақ?
Бір күні Ислам ұлыларының бірі хазіреті Ибраһим Әдһам моншаға барып, шомылғысы келеді. Алайда ол кісі моншаның иесіне:
-Ақшам жоқ, моншаға кіруге рұқсат етесің бе? - дейді.
Моншаның иесі:
-Ақшасыз моншаға кіруге рұқсат жоқ! – деп оны моншаға жуытпайды. Хазіреті Ибраһим Әдһам қанша жалынса да, монша иесі кіргізбейді. Моншаға кіре алмаған хазіреті Ибраһим Әдһам басын төмен салып, жылап кете барады. Оның жылаған дауысын естіген халық хазіреті Ибраһим Әдһамның қасына жиналып:
- Бұған бола осынша налудың қажеті жоқ. Моншаға кіру ақысын біз берейік, жылама! – десті көңілін аулаған болып. Сонда хазіреті Ибраһим Әдһам жиналған қауымға былай деп сабақ боларлық сөз айтқан екен:
-Уа, халайық! Мені моншаға кіре алмағандықтан жылады деп ойлайсыңдар ма? Мен моншаға кіре алмағаным үшін жыламаймын. Ойланып қарасам мына дүниеде тіпті, ақысыз моншаға да кіргізбейді. Ал ақыретте «Сенің жәннатқа кіретіндей амалың жоқ» деп есіктен кері қайтарып жіберсе, сонда менің халім не болмақ?» - деп жылап тұрмын.