AIQAP


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Түсініксіз заттар, түсінікті тілмен
Канал авторы: Алмас Маратұлы

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Суымыз бар, ирригациямыз жоқ.

Менің марқұм апам (әкемнің анасы), екінші дүние жүзілік соғыс жылдары канал қаздық дейтін. Тылда еңбек еткен. Трактор жетпеді, күрекпен, кетпенмен қаздық деп отыратын. Канал болмаса ауылшаруашылық жерлерін суара алмайсың, ал нан болмаса майдандағы әскер аш қалады.

Былтыр қыркүйекте Су және Ирригация деп аталатын жаңа министрлік құрылған. Бізде 21 министрлік бар. Жалпы Қазақстан 2040 жылға қарай су дефициті орын алуы мүмкін елдер қатарына жатады. Ал негізі бізде су бар. Трансшекаралық өзендер арқылы келетін су көп, ал көктемде Қазақстанның басым бөлігінде қар көп жауады. Бізде проблема сол суды жинау. Ирригация деген негізі сол. Яғни каналдар мен су қоймаларын реттеуіміз қажет.
Ия бүгін-ертең Ибрагим Ескендірдің «Біргеміз» әнін фонға қойып, асарлатып халыққа көмектесерміз, алайда бұл тек пожарды сөндіру. Бізге ирригацияны ретке келтіруіміз қажет.
Ішкі туризмде көп жылдар болдым ғой, ауыл-аймақтарда көп жүретінмін. Қазір ауылда канал тұрмақ, арық та жоқ. Оны салып жатқан әкімдіктерді көрмейсің. Мысалы Алматы облысында БАК деген канал бар. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы. Аты айтып тұрғандай Қонаевтың кезінде салынған. 168 шақырымды құрайды. Сол каналдың басынан аққан судың 60%-ы жерге сіңіп кетеді. Дренажды жүйелері тозған. Бұл дегеніміз канал өзінің мақсатын орындамай отыр деген сөз. Аты ғана канал. Бізде негізі су бар. Тек сақтай алмай отырмыз.


Алқабилер соты (суд присяжных) немесе Бишимбаев неге алқабилер сотын таңдады?

1957 жылғы «12 разгневанных мужчин» деген фильм бар.
Сюжетте жас жігіт әкесін өлтірді деп айыпталып, өлім жазасына кесіледі. Алқабилер үкім шығару үшін жиналады. Отырыс басталғаннан бері барлығы дерлік баланы кінәлі деп отырады, бірақ тек бір ғана алқаби қылмысқа күмәнмен қарайды. «Кінәлі — кінәсіз» қағидаты бойынша алқабилердің дауыстары 11:1 болады. Алайда соттың соңында судьялардың пікірлері түбегейлі өзгерді…

Алқабилер соты - бұл тек кәсіби судьялар ғана емес, сонымен қатар алқабилер деп аталатын қарапайым азаматтар қатысатын сот отырысы. Қазақстандағы алқабилер соты 2007 жылы іске қосылды. Алқабилер алқасына 10 адам кіреді (екеуі еще запаста), оларды бір кәсіби судья басқарады. Кандидаттардың тізімдерін әр өңірдегі атқарушы органдары (слепой выбор жолымен) жасақтайды. Бұл тізім соттарға жіберіледі, ал онда өз кезегінде 200-300 адам таңдалады.

Сегер сіз 25-65 жас аралығындағы ақыл-есі дұрыс адам болсаңыз, сізге любой момент сот отырысының орны мен уақыты туралы хабарлама келуі мүмкін, оған міндетті түрде бару қажет. Еш себепсіз келмеу заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.

Қазылар алқасының жұмысы Құрметті ғана емес, сонымен қатар ақылы. Ия, сіз сот залында өткізген әр күніңізге гонорар аласыз.

Алқабилердің үкімін жоюға бола ма?

Егер азамат өзінің өмірбаянынан алқабидің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін кейбір фактілерді жасырса, онда алқабилер сотының шешімі жойылуы мүмкін.

Ең маңыздысы: Қылмыстық іс жүргізу заңын орындауда қателер анықталған жағдайларды қоспағанда, ақтау үкімін апелляциялық сот жоя алмайды. Сондықтан Бишимбаевтің бір жыл срок алмай сот залынан босап шығып кетуі әбден мүмін. Ол үшін оған 10 присяжныйды өзінің кінәсіз екеніне сендіру керек немесе әрқайсысының қалтасына қомақты қаражат салу қажет. Ал соңғысы тағы бір статья.


18 грамм тұз немесе әйелдерді еркектерден көп дейді…

Жалпы Қазақстанда 10 250 000 әйел бар. Олардың 6 520 000 қалада, ал 3 730 000 ауылда тұрады.

Оны айтқан мен емес, ҚР Ұлттық Статистика бюросы.

Мемлекеттік қызметтегі жандардың 55 пайызы әйелдер, ал басшылық құрамда бұл көрсеткіш 39 пайыз.

Қазіргі уақытта Үкіметте 26 министрдің
4 әйел. Олар Тамара Дүйсенова, Светлана Жақыпова, Аида Балаева және Ақмарал Әлназарова.

Бізде әйелдер еркектерден 7 жасқа көп өмір сүреді екен. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 3-4 жылды құрайды. Біздегі айырмашылықтың бірнеше себебі бар. Давление, алкоголь, темекі, сосын тамақтарымызда біз тұзды көп пайдаланамыз екен.

ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) соңғы мәліметінше әр қазақстандық 18 грамм тұз жейді. Ал нормальный норматив 5 грамм. Ойлаңыз енді. Сосын еркектер жыламайды ғой. Бәрін ішінде сақтайды. Сосын бәрін өзімен бірге алып кетеді.

Әйел туралы бастап, еркектерге өтіп кеткенім қалай кетті. Менің әдеби сөздік қорым Қазақстанның бюджеті сияқты тесік. Сондықтан керемет етіп сөзбен құттықтай алмаймын. Сіздерді дінистер біздің қабырғамыздан жаралған дейді, феминистер теңбіз деп жыртылады, ал қазақ қыз бала қонақ деп сыйлай отырып шеттетеді, Тоқаев болса сіздерді еркектерден қарағанда жауаптырақ дейді.

Кімдікі рас, кімдікі жалған оны білетін тек сіздер. Ал сіздерді түсіну тіпті мүмкін емес.

Сау болыңыздар!


Дүние жүзіндегі ондаған ірі әлеуметтік желілер істен шықты.

Оның ішінде Facebook пен Instagram, X (бұрынғы Twitter), Gmail, Google Maps, Google Play, Youtube, TikTok, WhatsApp, Discord бар.


Сандар сөйлесін немесе Матфей эффектісі

Соңғы 3 жылда тұрғын үй алуға кезекке тұрған адамдардың саны 480 мыңнан 640 мыңға өскен. Бұл кезекке: мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер;
•толық емес отбасы;
•көпбалалы отбасы;
• мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы;
• апаттық жағдайларға байланысты жалғыз үйінен айырылған отбасы
• қандастар;
• 29 жасқа толмаған жетім балалар; • ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;
• зейнеткерлер;
• 1-2 топ мүгедектері;
• ҰОС ардагерлері, қатысушылары тұра алады. Егер сіз осы санатқа жатсаңыз, жергілікті прописка бойынша акиматқа барып үй кезегіне тіркеле аласыздар. Сосын атыңызда соңғы 5 жылда үй болмауы қажет.
Ал енді қараңыз 2023 жылы «Отбасы банкпен» 67 мың адам ипотека рәсімдеген, бірақ солардың тек 15%-ы ғана тұрғын үй кезегіндегі адамдар. Бар болғаны 10 мың адам. Сонда «Отбасы банкпен» үйлі болған азаматтардың 80%-ы 2-ші немесе 3-ші үйлерін алып жатқан болып есептеледі. Бұл байлар одан ары байып, ал кедейлер ары қарай кедейлене түсуде дегенді білдіреді. Матфей эффектісі дегенім де осы.
Әлгі 640 мың адам ол кезек туралы білетін азаматтар. Бұндай кезек туралы білмейтін, естімеген, естісе де: «ой оны танысы барлар ғана ала алады», - деп акиматқа бармаған жандар қаншама. Ал мемлекет жыл сайын кезек бойынша бар болған 10 мың ғана пәтер береді. Сонда есептеңіз әлгі 640 мың адамды пәтермен қамтамасыз етуге қанша жыл керек? Сосын 640 мыңға жыл сайын кем дегенде 50-60 мың жаңа адам тағы қосылатынын ұмытпаңыз.
Ары қарай талдайық Қазақстанда 6 миллион 435 мың 175 адамның атында үй бар екен. (Азаматтарға арналған үкімет статистикасы. 2024 жыл). 20 млн қазақстандықтың 6,6 миллионы балалар. Яғни 18-ге толмағандар. Сонда 6,9 млн адамда үй жоқ. Әрине бұл тізімге басында үйі бар адаммен некедегі жандарда кіреді.
Жалпы Қазақстанда 7,2 млн үйдің құжаты бар. Ал 944 849 (почти миллион) азаматтың басында 2 үйі бар. 286 502 (почти 300 мың) адамда 3 немесе оданда көп баспана бар. Ал 1669 адамның атында 10-нан аса үй бар.

Ертең, яғни 1-ші наурыз «Отбасы банк» 9-20-25 бағдарламасын іске қосады, бұл бағдарламамен үй алуға банктің қойған өз талаптары бар. Жалпы 2,6 млн салымшысы бар «Отбасы банк» арқылы еліміздегі 4/1 ипотека рәсімделеді. Қалғаны басқа екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады.

Пост ұнаса лайк бас, бөліс, тарат.


Тойда төрде отыратындардың тізімі шықты

Президент 2024 жылғы 13 ақпандағы № 481 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хаттамасының жаңа редакциясын бекітті.

Бұрын 1990, 1992, 1996, 1999 және 2006 нұсқалары жұмыс істеген еді (соңғысы 2013 жылы жаңартылған).

Мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларды өткізу кезінде лауазымды тұлғалардың хаттамалық стажы енді осындай болады:

1. президент
2. премьер-министр
3. Сенат Төрағасы
4. Мәжіліс Төрағасы
5. мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
7. бұрынғы президенттер
10. Ұлттық банк басшысы
12. Бас прокурор
13. ҰҚК төрағасы
17. ⁠президенттің көмекшілері
30. министрлер
31. ⁠облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдері
37. ⁠президенттің баспасөз хатшысы
51. Саяси партия басшылары

Маған тізімде Ұлттық банк төрағасының 10-шы тұруы ерекше көзге түсті.

Тізімнің толық нұсқасын Данияр Амишбаев телеграм арнасынан таба аласыздар.


Достар, телеграм каналымды қайта жандандырмақпын. Қаңтар оқиғалары кезінде ашылған каналда бір кездері 2700-ге жуық оқырман болған. Өзімнің еріншектігімнің кесірінен ол оқырмандардан айрылып қалдым. Жарты жыл бұрын Астанаға көшкен едім, мұнда нағыз саяси ортаға түстім. Сондықтан бұл арнаны қайта жандандырмау қателік болар деп ойлаймын. Қазір 786 оқырман қалған. Бар екендеріңізді білдіріп қойсаңыздар екен. Алдағы уақытта саяси шолуларды жиі жазып тұрамын деп УӘДЕ беремін.

Ізгі ниетпен, Алмас Маратұлы




ҚазҰУ жаңа логотипімен өзінің қазіргі деңгейін көрсетті.

Басынан бастайық. Университет өзін Қазақстандағы #1-ші ЖОО санайды. Бірақ оған ректораттың 9-шы этажындағыларынан басқалары сенбейді.

Логотиптің басты мақсаты - сол объектінің негізгі құндылығы мен принципін суреттеу. Қазіргі жаңа логотипте бұл екі принцип мүлдем жоқ.

Жалпы ҚазҰУ-ға түсетін әрбір абитуриент КазГУ-дың ректоратында оқимын деп ойлайды. Сол биік 15 этажды ғимараттың ішіне кірсем ғой деп армандайды. Или ондай менде ғана болды ма?

Ал жаңа логотипте КазГУ-ды - КазГУ еткен ғимарат жоқ. Оның орнына тау тұр. Әлде альма-матер енді Қазақ ұлттық тау-кен универсиетті болып өзгерді ме?

Жаңа логотип совковый понятиемен жасалған. Әрине университет басшысы сол совет дәуірінің адамы ғой.

Жаңа логотиптің түсі тым «темный», бұрын ғимарат алтын түстес түске боялған еді. Не сол түстің қолданылмағаны түсініксіз.

Жаңа логотип университеттің логотипына емес, погон ба, шеврон ба әскердің сондай бір знак различиясына көбірек ұқсайды.

Университетте 25-30 мыңдай адам оқиды һәм жұмыс істейді. Жаңа құрылған Алатау бұрынғы Жетіген ауылының халық санымен тең.

Егер Түймебаевтың понятиесі совковый болмағанда, жаңа логотипті ашық дауысқа салып анықтайтын еді. Сонда ректорат сайлаудың протоколын қоғамның алдына салып, біз сияқты су ішкен құдығына түкіретіндердің аузын жабатын еді.

Сонымен ҚазҰУ-дың жаңа логотипі университет басшылығының қазіргі деңгейін нақты көрсертті. Ол жақтағы менеджерлердің бар қолынан келетін креативі осы. Басының жеткені осы. Сондықтан біз оларды емес, сол ректорды тағайындаған органды айыптауымыз керек.

Сау!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram








KIPD подкастының екінші санының қонағы - әлеуметтанушы Серік Бейсембаев.

Серік мырза «Ұлттық бірегейлік» тақырыбын әлеуметтану ғылымының призмасынан қарастырды. Бұл шығарылымда адамдардың ұйысуы және ұлттық бірегейліктің қалыптасуына спорт пен өнердің әсері туралы айтылды

https://youtu.be/mX1T4WvDeUs?si=4pgXOGTUT22SskhM




Серік Күдебаев КНБ-дан тығылып тұр

Показано 20 последних публикаций.