QAZAQ ELI

@qazaq_el Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Русский
Категория
Новости и СМИ
Добавлен в индекс
15.04.2018 12:44
реклама
Канал для онлайн инвесторов
Новости инвестиционных проектов, рынка криптовалют и..
Quantum Casino
Первое USDT казино в Telegram с десятками крутых игр
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
7
подписчиков
~0
охват 1 публикации
N/A
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0.02
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
QAZAQ ELI 7 May 2018, 20:15
QAZAQ ELI 1 May 2018, 12:55
QAZAQ ELI 4 Mar 2018, 11:03
Қыз қуу ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткен. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған.

Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.
Читать полностью
QAZAQ ELI 4 Mar 2018, 10:59
Қыз қуу — өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады.
QAZAQ ELI 17 Feb 2018, 13:26
Сынақ аймағында 1949–1989 жылдар аралығында 456 қуаты әр түрлі ядролық жарылыстар жасалды. Әуеде, жер үстінде, жер астында.
QAZAQ ELI 17 Feb 2018, 13:26
Семей ядролық полигоны – ядролық жарылыстар жүргізілген сынақ аймағы. Полигон бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды облыстарының біраз жерін қамтыды.
QAZAQ ELI 28 Jan 2018, 09:21
Қасым ханның қасқа жолы — қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жиынтығы. Қасым хан хандық құрған кезде (1511 - 1523) ел басқару ісінде қолданылған.
Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мысалы, жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік, т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер:

мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы);

қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу);

әскери заң (қосын жасақтау, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.);

елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық);

жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері, жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері).
Читать полностью
QAZAQ ELI 27 Jan 2018, 21:59
Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Биіктігі 28 м-ге жетеді.
QAZAQ ELI 15 Jan 2018, 22:57
Алматы қаласынан 250 шақырым қашықтықта "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында орналасқан. Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км-ге дейін жетеді. Қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге айналған. Екі жақтан соққан желдің әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас әуезді дыбысты естуге болады. Шығыстан соққан желдің күші ұлғайған кезде биіктігі 150 метрлік құм таудың басына қарай шоғырланады. Осы кезде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсайтын дыбыс естіледі. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде орын алады екен.
Читать полностью
QAZAQ ELI 15 Jan 2018, 22:51
QAZAQ ELI 15 Jan 2018, 22:51
Әнші құм, Айғай құм - Алматы облысы Кербұлақ ауданында Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе.
QAZAQ ELI 12 Jan 2018, 17:11
Бозжыра – Маңғыстау облысы Маңғышлақ түбегіндегі Үстірттің шеткі шыңдарының бір бөлігі. Бозжырада 2 атақты құз бар, пішіндеріне қарай "Азу тістер" деген атауға ие болған жəне олардың биік шыңы 200 м.
QAZAQ ELI 12 Jan 2018, 09:45
Қазақтың тұңғыш-ғұлама ағартушысы Ыбырай Алтынсарин — қазақтың кең-байтақ даласында оқу-ағарту саласында еңбек етіп, халқының сауатын көтеріп, мәдениетке, білімге ұмтылдырып, аянбай тер төккен тұлға.
QAZAQ ELI 8 Jan 2018, 13:03
Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2511 м биіктікте орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көлдің тереңдігі 35 м, ұзындығы 1 км, ал ені 500 м.
QAZAQ ELI 7 Jan 2018, 09:16
Мен Қазақпын
(фрагмент)

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.

Мен – қазақпын, мен баймын, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Мен Ленин есімін айта келдім.

Мен – қазақпын қаныммен, сүйегіммен.
Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да, иемін мен.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!

Қазақ ақыны Жұбан Молдағалиев. Қараша, 1963 – сәуір, 1964.
Читать полностью
QAZAQ ELI 5 Jan 2018, 19:52
Шерқала тауы — Маңғыстау облысы Шетпе аулы жанында. Таудың жан-жағы биік құз, шығар жол жоқ. Тау солтүстігінде әскери бекініс орны бар. Тауды үңгіп қазылған туннель екі тарау болып, тау үстіне шығады.
QAZAQ ELI 4 Jan 2018, 17:30
Қазақ халқының ежелгі баспанасы - киіз үй.
Жалпы салмағы үй жиһаздарын қосқанда 300-400 кг. Əдетте киіз үйді 2-3 адам 1 сағатта орната алады.
QAZAQ ELI 4 Jan 2018, 13:40
Қазақ хандығының хандары

Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.

Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.

Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.

Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.

Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.

Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.

Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.

Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.

Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.

Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.

Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.

Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.

Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.

Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.

Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.

Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.

Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.

Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.

Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.

Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.

Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.

Кенесары хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
Читать полностью
QAZAQ ELI 3 Jan 2018, 14:41
ҚажыМұқан Мұңайтпасұлы-қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған
QAZAQ ELI 3 Jan 2018, 07:59
Екібастұз көмір алабы - Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар облысы жерінде. Дүние жүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Мұнда қоңыр көмірді 1876 жылы жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан.