Репост из: Сөз:
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Осыған орай, ұлт азаматтарының, сабаздарымыздың ойланарлық кей сөздерін еске алайық.
1. Әлихан Бөкейханов:
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
---
Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!
---
Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді.
---
Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек
---
Кейінгіге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп, қарғыс лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.
2. Әбіш Кекілбайұлы:
Тәуелсіздік – тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік.
---
Азаттыққа жету қандай қиын болса, азаттыққа үйрену де сондай қиын.
---
Тәуелсіздігімізді сырттың алакөздігінен, іштің алауыздығынан аман сақтап қалу – біздің тарих алдындағы ең басты парызымыз.
Көбірек: Дереккөз 1; Дереккөз 2