Ислам


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое


Дін ислам діңгегім - Алланың разылығы үшін қосылыңыз!

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций






Репост из: Islampress.Kz
✅ Жаңа уағыз / Тура жолда жүріп, өмір соңында кәпір болып өлу

Ұстаз Бауыржан Әбдуәлі

🔊 Тындаймыз және бөлісеміз ↩








✅ Көп намазхандар Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті деп күнделікті 12 рəкəт сүннет намазды, сақал өсіруді жəне тақия киіп жүруді ғана түсінеді. Қаншама сүннет амалдар бар біз орындамай жатқан....

✒ Күні бойы дəретпен жүре аласыз ба?
✒ Дұха намазын күнде оқисыз ба?
✒ Əр намаз алдында мисуак пайдаланасыз ба?
✒ Күнде мешітке жаяу барасыз ба?
✒ Мешітке басқа жолмен барып, басқа жолмен қайтасыз ба?
✒ Күнде кешке Мулк сүресін оқисыз ба?
✒ Қабірстанға барып өлімді еске аласыз ба?
✒ Жұма күні Жұма намазға ертерек барасыз ба?
✒ Əр уақытта ас ішер алдын жəне кейін ауыз-қолды жуасыз ба?
✒ Бір күнде қанша мұсылманға сəлем бересіз?
✒ Құранды тоқтатпай оқып жүрсіз бе?
✒ Мискпен əтірленіп жүресіз бе?
✒ Түскі уақытта бір мезгіл ұйықтайсыз ба?
✒ Үнемі дүйсенбі мен бейсенбі күндері ораза ұстайсыз ба?
✒ Əр түні дəретпен ұйықтайсыз ба?
✒ Садақаны үнемі жасайсыз ба? Мейлі қанша теңге болсын...?

Айта берсек көп қой, көп... Сіздерге бір ғана сұрақ, өзіңіз білетін сүннеттерге амал етіп бір апта өмір сүріп көрдіңіз бе? Ойланыңыз... Әрқашан сүннетке сай өмір сүруге бейімделейік! Мүмкін осы амалдарымызбен Алланың қалауымен Жаннатқа кірерміз!


Мекке каласы 2030 Ин Ша Алла






БҮГІНГІ СӨЗ:
"Қанша көктем келіп, кетсе де тас көгермейді. Ал топырақта неше түрлі гүлдер өседі. Ендеше тас боп әркімді ренжіткенше, топырақ болып гүлденсейші".
© Мəулəна Ж. Руми.


Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте:

«Бірде Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын ) сахаба-
ларынан: «Нағыз зиянға ұшыраушының кім екенін
білесіңдер ме?» – деп сұрағанда, олар: «Біз зиянға
ұшыраған деп қолындағы бар дүниесінен айырылған
адамды айтамыз», – деді. Сонда Пайғамбарымыз
(оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): «Менің үмбетімнің ішіндегі зиянға
ұшыраған адам – қиямет күні (дүниеде жасаған) намаз,
ораза және зекет секілді ізгі амалдарға қоса анаған тіл
тигізіп, мынаған жала жауып, ана біреудің мүлкіне
қол сұғып, мына біреудің нақақтан қанын төгіп, енді
біреуді ұрып-соғып талай күнә арқалай келген адам.
Оның жиған-терген сауаптары анаған да, мынаған да
үлестіріліп, мойнындағы кісі ақысы бітпестен сауапта-
ры таусылса, ақысы кеткендердің күнәлары мойнына
жүктеліп сол күйі тозаққа тасталады», – деп айтты» –
делінген.

(Муслим риуаят еткен).




▪Жұмысқа кешікпей, өз уақытында келеміз.
▪Өзімізге ұнайтын бағдарламаға келер болсақ, басталмай жатып келеміз.
▪Ойын тамашалау үшін стадионға барар кезде күні бұрыннан қамданып, ойыншылардан бұрын сонда боламыз.
▪Аэропортқа ғой, мүлдем, ұшақ ұшардан екі сағат бұрын барып аламыз.
▪Ал, таң намазына не асыр намазына келгенде, ұйықтап жата береміз. Сосын артынан: "Мəселе ұйқымда. Ұйқым қатты" - деп сылтаулатамыз. Шын мəнісінде мəселе ұйқыда емес. Иманда... Иманымыз əлсіз".
© Шейх Ахмад Иса Маъсрауи
#бүгінгісөз


Селфиі зордың амалы қор!






📗 Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) Алла Елшісінің ﷺ былай дегенін жеткізеді:

"Егер кімде-кім Алладан үш рет жәннатты сұраса, жәннат Одан: "Иә, Алла! Оны жәннатқа кіргіз!" деп сұрайды.

Ал, кімде кім Алладан үш рет тозақтан сақтауды сұраса, тозақ Одан: "Иә, Алла! Оны тозақтан сақта!" деп сұрайды."

✏️ Тирмизи, "әс-Сунан", 2572; "Сахих ибн Хиббан", 1034; "Мустадрак әл-Хаким", 1/717;

Ибн Хиббан, Хаким және имам Зәһәби (рахимахумуллаһ) хадисті сахих деп бағалаған.

📝 Дұғаның арабша мәтіні:

اللّهُـمَّ إِنِّـي أَسْأَلُـكَ الجَـنَّةَ وأََعوذُ بِـكَ مِـنَ الـنّار

(З рет қайталанады)

📝Транскрипциясы:

"Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!"

📝 Қазақша аудармасы:

«Иә, Аллa! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі тозақ отынан Өзіңе сиынамын!»


"Ал енді кім (садақа) беріп, тақуалық қылса,
Жəне жақсылықты дұрыс деп білсе,
Біз оны жеңілдікке бастаймыз (яғни, ісін жеңілдетіп қоямыз)".
----------------------
Егер, жағдайыңыз қиындап кетсе:
1. Садақа беріңіз
2. Алладан қорқып, тəуекел етіңіз
3. Жəне жақсылықтан күдер үзбеңіз.
Сонда Алла жəрдемін жолдап, ісіңіз бірте-бірте оңалады.

Алла Тағала ешқайсымызды қиындыққа дұшар етпесін!


БҮГІНГІ ХАДИС:
"Астан бұрын және ке­йін қолды жуу - ішкен асты бойға сіңімді етеді".
(Әбу Дәуід - 3761)

Показано 20 последних публикаций.

48

подписчиков
Статистика канала