Киокушин-кай-каратэден IV әлем чемпионатының финалдық бәсекелерін «QAZSPORT» тікелей эфирде көрсетеді
⠀
7-8 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында киокушинкай-кан-каратэ жекпе-жегі бойынша ерлер мен әйелдер арасында 4-ші Әлем чемпионаты өтеді.
⠀
Қазіргі таңда Масутацу Ояма негізін қалаған спорт түрі кеңінен етек жайып келеді. Киокушин жауынгерлерінің мықты рухы мен ұтымды техникасы аралас жекпе-жектерде, К-1 сериялы жарыстар мен әлемнің арнайы жасақ қызметтерін даярлау кезінде бірнеше рет дәлелденді.
⠀
Бас қаладағы байрақты бәсеке халықаралық «Kyokushin World Union» қауымдастығы аясында өткізіледі. Бұл ұйым 2011 жылы құрылып, Швейцарияның Лозанна қаласында тіркелген. KWU ұйымының басты міндеті – барлық киокусин федерацияларын бір тудың астына біріктіру.
⠀
2019 жыл барысында әлемнің 60-тан астам мемлекетінде ұлттық іріктеу турнирлері өтті. Елордадағы халықаралық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен ең мықты деген каратэ шеберлері қатысады. Әлем біріншілігінде 54 елден келген 300-ден астам спортшы бақ сынайды.