Ұлыбритания 🇬🇧 елшісі Қазақстанның 🇰🇿 табиғи мұрасына тәнті✨ Қазақстан Ұлыбританияның елшісі Кэти Личті немен таңғалдырды? Қазақтар мен британдықтардың тамақтану әдеттерінде қандай ұқсастықтар бар? Бұл туралы елші «Kazakh Tourism» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold. Travel Boldcast» авторлық подкастында баяндады. Жаңа шығарылым Kazakhstan Travel YouTube-арнасында қолжетімді.🤩 Қазақстан Кэти Личті өзінің ауқымы мен көркем пейзаждарымен тәнті етті. Дипломат елдің ерекше табиғи мұраға ие екендігін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, британдық туристер үшін Қазақстанға саяхат шабыттың және жаңа ашулардың көзі болады.
🎙 Подкастта британдық архитектор Томас Аткинсон мен оның жұбайы Люсидің 19-шы ғасырдағы Жетісу өңіріне сапарына ерекше назар аударылды. Бұл аймақта олардың ұлы дүниеге келіп, еліміздегі таулы өңір құрметіне баласына Алатау Тамшыбұлак деген еісм берілген.
🗣 Дипломат бұрынғы елші Пол Браммеллдің Қазақстан бойынша дайындаған алғашқы туристік нұсқаулық жобасы туралы да кеңінен әңгімеледі.
⛺️ Сұхбат барысында экотуризм, глэмпинг және киіз үй туризмі, көшпелілердің қонақжайлылық мәдениеті, сондай-ақ Жібек жолының маңызы тәрізді тақырыптар қозғалды.
💁♂️ «Born Bold. Travel Boldcast» — Қазақстандағы туризм туралы ағылшын тіліндегі тұңғыш подкаст. Оның негізгі мақсаты — елдің туризмін ілгерілету, еліміздің дәстүрлері, мәдениеті және туристік бағыттары туралы тереңірек ақпарат беру. Подкасттың бірінші эпизодына Қазақстандағы Италия елшісі Марко Альберти қатысқан болатын.
🔗 Сілтеме арқылы өтіп, подкастты жіберіп алмаңыз!🔘🔘🔘
Посол Великобритании 🇬🇧 восхищена природным наследием Казахстана 🇰🇿
✨
Чем поразил Казахстан посла Великобритании Кэти Лич? Какое сходство в предпочтениях в еде между казахами и британцами? Об этом посол рассказала в ходе авторского подкаста Председателя Правления АО «НК «Kazakh Tourism» Кайрата Садвакасова «Born Bold. Travel Boldcast». Новый выпуск уже доступен на YouTube канале Kazakhstan Travel.
🤩 Казахстан поразил Кэти Лич своим масштабом и красотой пейзажейДипломат отметила, что страна обладает необыкновенным природным наследием и для британских туристов посещение страны станет настоящим открытием и вдохновением.
🎙 В подкасте особое внимание было уделено британскому архитектору Томасу Аткинсону и его супруге Люси, которые в XIX веке путешествовали по территории Жетысу. Именно в этом живописном регионе, родился их сын, которого они назвали Алатау Тамшыбулак в честь горной цепи и местности, где он появился на свет.
🗣 Дипломат рассказала также о первом проекте путеводителя по Казахстану, подготовленном ее предшественником, бывшим послом Полом Браммеллем.
⛺️ В ходе беседы затронуты вопросы развития экотуризма, глэмпинга и юртового туризма, культуры гостеприимства номадов, значении Шелкового пути.
💁♂️ Отметим, «Born Bold. Travel Boldcast» - первый англоязычный подкаст про туризм в Казахстане. Основная цель – продвижение туризма страны, предоставление более глубокой информации о традициях, культуре и туристких дестинациях Казахстана. В первом эпизоде подкаста принял участие посол Италии в Казахстане Марко Альберти.
🔗
Переходите по ссылке и не пропустите подкаст!