«Тазалау» техникасы
Адамға қоқыс бірінші миына кіреді, оны менталды қоқыс деп атайды. Адамның миындағы қоқысы қандай екенін үйінен-ақ білуге болады. Үйдегі адамдарыңызбен бірігіп, ұрыспай, таласпай, әдемі бір сабырлықпен, жақсылықты күтіп, үміт еткендей, тойға дайындалғандай, сондай керемет тыныштықпен үйді жинап шықсаңыз екен. Әрбір бөлмеңізді, қуыс-тесікті асықпай, аптықпай, соғысқа дайындалғандай, жаманшылық күткендей емес, аударып, төңкеріп, қиратып емес, белгілі бір гармониямен үйіңізде мен жүргендей, қасыңызда мен сыбырлап тұрғандай, Алланың 99 есімін жатқа білетін болсаңыз, соны қайталау арқылы Алланы үйіңізге шақырсаңыз екен.
✅Қазір үйде болсаңыз бала-шағаңызбен үйіңізді тазалап шығыңыз. Егер жұмыста болсаңыз, жұмыс орныңызды, ұялы телефоныңыздағы галереядағы артық қажетсіз суреттер, ватсаптағы арзан күлкі, керексіз хаттарды, керексіз чаттарды өшіріп тазалауға кірісіңіз.
«Тазалық» техникасы - өмірдегі барлық жақсылықтың, өзгерістің бастауы. Ескіден арылу арқылы, жаңаға орын босатасыз. Үйді тек қана тездетіп тазалап қана қоймай, үйіңізді толық энергетикалық тұрғыда тазалап, үй аурасын атмосферасын жақсартып жатырмын деп сезініп тазаласаңыз эффекті тіптен керемет. Сонымен қатар, үйдегі артық заттан арылып жатқан кезде, барлық негатив пен жамандық, қиындықтан құтылып жатырмын деп ойша өзіңізден алып тастаңыз. Осы тазалау арқылы үйдегі адал мен арамды бөлсеңіздер екен. Үйіңізге адалдықты, тазалықты кіргізсеңіздер екен.
«Тазалық» техникасы – бүкіл мидағы, ойдағы, үйдегі жиналып қалған қоқыстарды тазалау арқылы, өміріңізге тазалықты әкеліп, жақсылықты құю болып табылады.
Тазалау кезінде «Бақара» сүресін қосып қойсаңыз пайдасы зор немесе білетін сүрелеріңізді іштей айтыңыз.
✅Үйді толық тазалауға кіріскенде:
• әр бөлмедегі артық заттардан арылып;
• бұрыш-бұрышын дезинфекция жасап;
• сынған, ескірген заттарды қоқысқа тастап;
• еш қуыста қоқыс қалмайтындай тазалықты жүргізіңіз.
✅Үй ішін толық тазалап болған соң, соңында шелекке тұз салып, үйдің бүкіл жерін тұзбен тазалап баппен жуып шығыңыз. Әсіресе люстраны, терезелерді тұзды сумен жуып шығыңыз. Су Анамен жақсылап сүртіп алғаннан кейін, «бисмиллаңызды» айтып, «Фәләқ», «Нас» сүрелерін айтып тазаласаңыз тіптен жақсы. «Фәләқ», «Нас» сүрелері бүкіл инфекциядан, жамандықтан, бәле-жаладан, тіл-көзден, сұқтан сақтайтын, тазалайтын сүрелер.
✨Байлық, бақыт – таза адам мен таза үйге келеді. Үйіміздің түкпір-түкпірін тазалау арқылы жақсылыққа, байлыққа жол ашамыз.
Құралай ханым