Ризабек Батталұлы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


“О, Алла, мен Өзіңді балаларыма аманат еттім, олар менің өмірімнің егіні, сондықтан маған оларда зиян тигізетін ештеңе көрсетпе”. Әмин!


“Адамдарды сүю атақ-аброй, тегіне немесе ақша мен алтынға негізделмейді, керісінше адамгершілік, тәрбие және әдептілікпен болады.


“Кім үстемдік етсе, жәбірленеді, ал кім зияндық етсе, зиянға ұшырайды, ал зұлымдық етсе, зұлымдыққа ұшырайды, ал сөксе, сыналады. Алла елеусіз қалдырады, назардан тыс қалдырмайды”.


Хз. Әли (Аллаһ одан разы болсын) былай дейді: Дүниенің аяқта тұруы мен амандығы мына төрт нәрсеге байланысты:
- Ғалымдардың іліміне.
- Басшылардың әділдігіне.
- Бай-бағыландардың жомарттығына.
- Кедей-кепшіктің дұғасына.
(Рухул-Баян тәпсір кітабынан)


Уәдеңде тұралмасаң, аузынды жапқан жөн.


Уақыттан артық білімді ұстазды, адамнан жаман білім алушыны көргем жоқ


ДҮНИЕНІ ҚАЛАСАҢ АЛЛАМЕН БОЛ АҚЫРЕТТІ ҚАЛАСАҢ АЛЛАМЕН БОЛ ЕКЕУІН БІРДЕЙ ҚАЛАСАҢ АЛЛАМЕН БОЛ


Әйелдер әлсіз болу үшін жаралмаған, олар іргетас болу үшін жаралған, ал іргетас әлсіз болуға болмайды, әйтпесе бүкіл ғимарат құлап қалады.


“Есеке тым көп мән берілсе, ол өзін асыл тұқымды жылқы деп есептейді. Кейбір адамдар солай…” Махмух Дәруиш


Жақсы адамдар жаман болуға тырыссада болалмайды, өйткені ішінде ар-ождан деп аталатын дәнек бар. Нәжиб Махфуз


Бәлкім, ұнатпайтын сынақ сені армандамаған әдемі тағдырға жетелейді. Нәжиб Махфуз


«Жүрегінде зәредей иманы болған адам тозақтан қайтып шығады».

Тирмизи, Сифату жаһаннам, 10.


Сахаба Абдулла ибн Масғұдтың (Алла оған разы болсын) мынадай насихаты бар екен.
"Сендер мерзімі зуылдап өтіп жатқан, амалдары жазылып жатқан күндіз бен түннің дәлізімен (жүріп келесіңдер). Ал "өлім" күтпеген сәтте келеді. Кімде-кім осы (зуылдап өтіп жатқан) шақта жақсылықтың (дәнін) ексе, оратыны "қуаныш-үміт" болмақ. Ал кімде-кім жамандықтың (дәнін) ексе, оратын (өнімі) өкініш болмақ. Кім нені ексе, соны орады. Жайбасар нәсібінен озып кетпейді. Тағатсыз ашкөз тағдырына жазылмағанға жете алмайды. (Сондықтан) кімде-кімге жақсылық бұйырса, ол жақсылықты оған Алла берді, кімде-кім жамандықтан аман қалса, оны Алла қорғап қалды. Тақуалар - адамдардың ең абзал мырзалары. Фақиһтер (дінді терең түсінген ғұламалар) жолбасшылар. Олармен (фақиһтермен) мәжілістестес болу бір ғанибет".




Бақытты және қуанышты:
- көп ақшада
- әдемі кең үйлерде
- люкс көліктерде
- мақам және мансапта
- атақ және карьерде
- және нәпсінің қалаған әрбір нәрсені алу немесе жасауда іздегендер бақытты болалмайды. Нағыз бақыт және жүрек тыныштығы Алланы разы етуде...
Өйткені "Сені күлдіретін де, жылататын да - Алла"
وَأَنَّهُ هُوَ أَضْحَكَ وَأَبْكَى(٤٣) سورة النجم


"Қайта-қайта айтылған насихаттан жалықпа. Өйткені жай шегені қағу үшін де бірнеше мəрте ұру керек". Мəулана Жəлəлуддин əр-Руми (Алла оны рақымына бөлесін)


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: لا أبالي أصبحت عنيا أو فقيرا فإني لا أدري أيهما خير لي.
"Таңды бай болып па, кедей болып па атырғаныма қам жеп уайымдамаймын. Себебі мен үшін қайсысының хайырлы екендігін білмеймін".
Сахаба Омар ибн Хаттаб. (Алла оған разы болсын)


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه: أفضل العبادة أداء الفرائض واجتناب المحارم
"Құлшылықтың ең абзалы - парыздарды өтеп, харам істерден аулақ болу". Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)


قال عمر بن الخطاب لا يقعد أحدكم عن طلب الرزق ويقول اللهم ارزقني فقد علمتم أن السماء لا تمطر ذهبًا ولا فضة.
«Сендердің ешбірің «Аллаһым! Маған ырыздығымды нәсіп ет!» деп дұға етіп, ризық іздемей (үйде) отырып қалмасын. Өздерің де аспанның алтын да, күміс те жаудырмайтындығын білесіңдер ғой!
Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)


قال عمر بن الخطاب رضي الله عنه : كل يوم يقال : مات فلان و فلان و لا بد من يوم يقال فيه مات عمر.
"Құдайдың құтты күні "пəленше қайтыс болыпты, түгенше дүниеден озыпты" деп айтылып жатады. "Омар да қайтыс болыпты" деп айтылатын күн де міндетті түрде болады. Сахаба Омар ибн Хаттаб (Алла оған разы болсын)

Показано 20 последних публикаций.