Рухани жаңару


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


❗Мәсіхте рухани өсу және Оның қуанышты хабармен бөлісу!
❓Қолдау қызметі t.me/zhanaru_info

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций
















❗️Ұнаған кітаптарыңыз туралы пікір қалдырғыңыз келсе, төмендегі батырма арқылы өтіп пікір жазуға болады.

@ruh_zhan


​​Кітап туралы пікір!

Менің есімім Абдумуратова Рахила. Сенуші отбасында дүниеге келдім. Жасым 18де. Нұрсұлтан қаласы “Барлық ұлттарға арналған сиыну үйінен” боламын. Қауым мүшесімен. Жексенбілік мектепте сабақ беремін.
Мен бұл кітапты Атырау қаласындағы конференция уақытында алдым.
Өмірімде болашағыма байланысты көптеген сұрақтар туындап жүрді. Және қазірдің өзінде ішкі жан дүниемде көптеген күрес болып жатты. Жылдар бойы шеше алмай жүрген сұрақтарды Құдай осы кітап арқылы менің жүрегімде ішкі жан дүниемде жұмыс істеді. Осы кітап арқылы мен өзімнің Құдай алдында қандай қымбат бағалы адам екенімді түсіндім.
Кітап өте жақсы жазылған. Яғни оқылуға ыңғайлы оңай және өте түсінікті жазған. Екі автор кітап жазар алдында қыздарға белгілі бір сұрақ қойып солардың ойларын біліп дискуссия жасаған және солардың ойлары, куәліктері, өмірлерінде көрген қиыншылықтары арқылы жазылған бұл кітап әрбір оқыған адамның жүрегінен орын алады. Және рухани өсу жағынан көптеген көмек болатыны сөзсіз.
Негізінде бірінші орында мен үшін карьера еді. Бірақ осы кітапты оқығаннан кейін, бүкіл жоспарым 90%-ға түбегейлі өзгерді. Осы кітапты алып, уақыт бөліп оқығаным үшін Құдайға алғыс!
Қазіргі таңда қаншама сенуші қыздардың өзі өмірлік орындарын таба алмай жүргендер өте көп. Мен сияқты қаншама қыздар ішкі жан дүниелеріндегі сұрақтарды шеше алмай жүр. Соған байланысты көбісі рухани әлсіреуде. Болашақта Құдай қаласа Наурыз айында қыздармен семинар жасап осы кітапты тереңірек талқылауға дайындалып жатырмыз. Осы кітап арқылы көптеген қыздарға тәлім тәрбие беруге көмегін тигізеді.

Кітапқа төмендегі батырма арқылы өтіп, тапсырыс беруге болады.👇

@ruh_zhan


❗️Құрметті бауырлар!
“Құдайдың ұлылығы” атты кітапты оқығандар бізге @zhanaru_info хабарласуларыңызды өтінеміз. Рақмет!


Жауапкершілік басшылық қызмет.

Бұл кітапта басшылық қызмет үшін қажетті қасиеттер мен қойылатын талаптар және қызметтің құны жайлы сөз қозғалады. Егер қауым өсіп келе жатқан жастар алдындағы міндетін орындағысы келсе, оған шұғыл түрде күшті, рухани және ең қажеттісі – құрбандыққа дайын басшылық болып табылады. Күшті басшылық керек, өйткені адамдар қайда бара жатқанын білетін және сенім артуға болатын жандарға зәру.

@ruh_zhan


Сау қауым дегеніміз не?

Кіршіксіз қауым қандай болу керек жəне оның сондай екенін қалай біле аласыз?

@ruh_zhan


Ізгі хабар дегеніміз не?

"Ізгі хабар дегеніміз не?" атты кітап - сізге Иса Мәсіхтің Ізгі хабарын жақсы түсінуге, бағалауға және бөлісуге көмектеседі.

@ruh_zhan


Жаңа кітап шықты, Атыраудан немесе Алматыдан алуға болады. Тапсырыс беру үшін @zhanaru_info хабарласа аласыз.

... Біз көптеген арық қояндардың соңынан қуамыз деп, ең семізін - Құдайға негізделген өмірді уысымыздан шығарып алдық. Өмір біз одан өз орнымызды тапқанда ғана ол мағынаға ие болады! Біздің қуанышымыз бен қайғымыз, дарындарымыз бен таланттарымызды бізді Жаратқан Біреуге арналған болса, онда біз бұрын айырылған нәрсемізді тауып, жоғалтқан нәрсемізге қайта ие боламыз. Макс Лукадо сізге өмірлік көзқарасыңызды өзгертуге, өзімшілдікке толы өмірден азаттыққа шығуға сондай-ақ мағынаға толы жаңа өмір бастауға үйретеді. Дайындалыңыз: оқиға басталды!

@ruh_zhan


Жаңа кітап шықты, Атыраудан немесе Алматыдан алуға болады. Тапсырыс беру үшін @zhanaru_info хабарласа аласыз.

деп аталатын кітапша көптеген адамдардың өмірін өзгертуге септігін тигізді. Шағын мінажаттар мен Киелі Кітап аяттарынан құралған бұл кітап күнделікті Құдай ұлылығына арқа сүйеуді үйретеді.... Сондай-ақ кітап соңынан бүгінгі ойдан не түйгеніңізді парақ бетіне жаза алатын ыңғайлы жолақтармен қатар, мінажат етуге бағдар беретін Киелі Жазба аяттарын көре аласыз. Бұл кітапты оқу барысында Құдай сізге жар болып, Киелі Рухымен сізді жетелей көрсін деп мінажат етеміз

@ruh_zhan


Жаңа кітап шықты, Атыраудан немесе Алматыдан алуға болады. Тапсырыс беру үшін @zhanaru_info хабарласа аласыз.

Сен қолымнан келмейді деп қорқамысың? Бәрі қорқады. Біз ешқашан сары уайым аяқталмайды, көз жасымыз тыйылмайды, азаптар ешқашан бітпейді деп қорқамыз. Терең ордың түбінде жатып, біздің әрқайсымыз ол жерден шыға алатынымызға күмәнданамыз. Бірақ осы кітаптың туындыгері күмәндарды лақтырып тастауға шақырады.

@ruh_zhan


Бұл кітапта Тозер, Құдайды терең түсінумен және біздің күнделікті өмірімізге орасан зор септігін тигізу мақсатында, Оның ұлылығының жаңа қырларын ашып қарауға көмектеседі.


Жаңа кітап шықты, Атыраудан немесе Алматыдан алуға болады. Тапсырыс беру үшін @zhanaru_info хабарласа аласыз.

Бүкіл ғаламда «Иса деген кім?» деген сұрақтан асқан маңызды сұрақ жоқ. Грег Гилберттің ұшқыр ойы мен қамқор бағушылық жүрегі осы сұрақтың жауабын әр қадам сайын айқындап, аса көрегенділікпен әрі түсінуге оңай жолмен жеткізеді. Мейлі, сіз бұларға күдікті көзбен қарап отырған скептик болсаңыз да, немесе көп жылғы сенуші болсаңыз ба, бұл кітап сізді бәріміз де мойындауға тиісті бір шындыққа әкеледі: Иса Мәсіхте Құдайдың даңқы паш етілді.

@ruh_zhan


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


​​🔥Куəлік

Джей Адамс 2020 жылдың 14 қарашасында Иемізден мәңгілік тыныштық тапты. Ол 91 жаста болатын.

Бәрінен бұрын Адам, 1970 жылы жаңа авторлық "Дана жанбағушы" атты кітабынан бастау алған заманауи библиялық жанбағушылық қозғалыстың негізін қалаушы ретінде танымал болды. Ол Жазбаның жеткіліктілігін қорғап, осы әлемдік психологияның мәсіхшілік бақташы-жанбағушылық кеңселеріне енуіне қарсы тұрды. Джей Эдвард Адамс 30 қаңтар 1929 жылы Балтиморда Мэриленд штатында дүниеге келді. Оның әкесі күзет полицейі, ал анасы - хатшы болған. Не анасы не әкесі қауымға барған емес. Балалық шағында рухани мәселерде білім бермеген.

Адам өте дарынды жасөспірім болғандықтан 15 жасында мектепті тәмамдады. Оны ең алғашқы рет өзінің сенуші досының Киелі кітап үшін уайымдағаны қызықтырды. Ол соны түсінгісі келді. Ол Жохан жазған ізгі хабарды толық оқып шыққан соң, Құдай оның жүрегін ашып, ол сенімге келді.

Ол досымен оның қауымына барып жүріп өте керемет талқылаулар арқылы сенімде рухани өсті. Бақташы 15 жастағы Адамды Филадельфиидағы Реформалық епископтық семинарда оқуды ұсынды. Келесі үш жыл ол үшін қиын болды. Бірақ оның Жазбаға қызығушылығы арта түсіп, түпнұсқалық тілдегі жазбаның тілін үйреніп алды. Содан ол Джонсон Хопкинсанның Университетіне түсіп, 1952 жылы Адам бірден бакалавр дипломын және магистр дипломын алды. Осы жылдарда ол көшелерде, ауылдарда ізгі хабар таратты. Ол "Мәсіхке арналған жастар" қоғамын басқарып, ерлер квартетінде ән айтты. Ең маңыздысы Бетти Джейн Уитлокпен танысты. 1951 жылы 23 шілдеде олар үйленді.

Адам көптеген қауымдарда бақташы болып қызмет атқара отырып, Темпльск университетінде гомилетиканы оқытушы Эндрю Блэквудтың басшылығымен оқуын жалғастырды. Ол грек тілін өте жақсы меңгерді.

Оны қауымдардағы уағыздардың жайы қатты мазалайтын. Осы жағдай оның докторлық диссертациясымен жұмыс жасауына қатты әсер етті. Демалыс күндері уағыз айтып, жергілікті дүкенде тағамдарды ораумен айналысты. Ол лента арқылы зағип студенттерге арналған әдебиеттерді оқып, практикант ретінде университетте сабақ берді.

1963 жылы Адам Нью-Джерсиге келді. Ол пресвитерлік шіркеудің бақташысы болды. Ол семинарларда жанбағушылық сабақтарын өтуге шақыртулар алды. Оның бақташылық жанбағушылық тәжірибесі аз болғандықтан, ол мәсіхшілік көзқарасқарасты түсіндіретін киелі кітаптық тұжырымдарды көп іздеді. 1965 жылыАдамға алты апта бойы Орвал Хобарт Маурермен тілдесу мүмкіндігі туды. Оның кітабы Адамның көңілін қатты аударған еді. Маурердің тәлімі осы әлемдік психология мен мәсіхшілік жанбағушылықты ұштастыруға келмейтініне көзін жеткізді. Маурер Адамға керек болған жазбаның үлкен ашылысын ашып берді.
1968 жылы Адам мәсіхшілік жанбағушылық қоры мен оқу орнын(CCEF)құрды. Жанбағушылық сұрақтарды зерттеп Адам жанбағушылықтың системасын құруды қолға алды.
Осы системаны Адам өз сабақтары мен семинарларына арнап жазды. Осы жазбалар баспаға түскенде, Адамнан олардан кітап жазып шығуын сұрады.

Показано 20 последних публикаций.

114

подписчиков
Статистика канала