Ертең Тәуелсіздік алған күн!
Бірақ….
Тәуелсіздік лебі, тәуелсіздік мейрамы, тәуелсіздік рухы, тәуелсіздік тойы түк те сезілмейді.
Бабалар аңсаған еркіндіктің дүбірі қайда?
Алаш арыстары жырлаған рухты әнұран қайда?
Сан ғасыр Ұлт аңсаған ұлы той қайда?
Тәуелсіздік күні – отар болған ұлттардың ең айтулы мерекесі болса керек. Дегенмен, Әнұран айтуға ерінетін ұрпақ, тәуелсіздік қадірін әсте түсінбес…
Тәуелсіз деген сөз құлаққа қалай жағымды естіледі ә?
Құдай қазақты ендігіде біреуге жалтақтап, отар болудан сақтасын!
Менің жалғыз отаным бар, ол – Қазақ елі.
P.S: Тәуелсіздік күні эстра әншілерінің 3 минуттық әні емес, бабалардың сан ғасыр кеудесінде сақтаған үні, үміті.
Ертеңгі жаттанды, шала қазақ / орыс тілді “атам-ай, бабам-ай, Қайратым-ай, Ләзаттым-ай”- деген посттармен жағаласпай, біз тәуелсіздікті бүгін тойлайық!
https://t.me/sadaq_zh