Чисто қазақтар

@sdkazakh Нравится 0
Это ваш канал? Подтвердите владение для дополнительных возможностей

Алғашкы өзімізге арналған канал❗️❗️❗️
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги


Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Блоги
Добавлен в индекс
24.06.2018 23:40
реклама
TGStat Bot
Бот для получения статистики каналов не выходя из Telegram
Telegram Analytics
Подписывайся, чтобы быть в курсе новостей TGStat.
SearcheeBot
Ваш гид в мире Telegram-каналов
32
подписчиков
~0
охват 1 публикации
~6
дневной охват
N/A
постов в день
N/A
ERR %
0
индекс цитирования
Последние публикации
Удалённые
С упоминаниями
Репосты
Чисто қазақтар 20 Mar 2018, 07:48
Альберт Эйнштейн. Уолт Дисней. Билл Гейтс. Стив Джобс. Бұл табыс хикаялары миллиондарға шабыт берді.
Біз баяндайтын қазақстандықтар өздерінің табысқа жетелейтін жолында көптеген кедергілерден өтті. Сәтсіздіктер мінезін шынықтырды. Сіңірген еңбектері ақталды. Табандылықтары енді көпшілікке үлгі болар.

Егер сізге жеке бизнесіңізді ашу, ардақты лауазымды алу немесе өз ісіңізде үздік болу үшін шабыт жетіспей тұрса, «Еліміздің жаңа есімдері» көрмесіне барып қайтуға кеңес береміз. Бұл ауыр заман, қиын жағдай мен өзгелердің сенбеушілігіне қарамастан белгілі бір табысқа жеткен адамдардың жігерлендіретін хикаялары. Олардың барлығы тек жылдар бойы сомдалған өнер, ақыл мен тәжірибесінің арқасында ғана құрмет артты.

Көрме 21 наурызға дейін жалғасатын болады, астанамыздың тұрғындары мен қонақтары «Еліміздің жаңа есімдерімен» «Керуен» ойын-сауық орталығында таныса алады.

Көрмеге келетіндер кейіпкерлеріміздің үлгісі арқылы табыс идеясына бөлене алатынына үміттенеміз. Бұл жеңіске олар жетсе, ол сіздің де қолыңыздан келер!

▪️ 78% (45) 👍
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 8% (5) 🔥


▪️ 12% (7) ❤️
🔸
👥 57 - всего голосов
45 👍
5 🔥
7 ❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 17 Mar 2018, 15:18
«Қызды қайдан алам?» деп ақыл сұраған жігіттерге айтарым:

— Әйелі сөйлеп, еркегі үндемей қалған үйден — қыз алмаңыз! Себебі, сол үйдің қызы Анасы құсап Еркектің қадірін білмей өседі! Егер, ол өзінің Әкесінің қадірін білмей өссе — сіздің қадіріңізді қалай білмек?!

▪️ 81% (80) 👍
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 10% (10) 🔥
🔸

▪️ 8% (8) ❤️

👥 98 - всего голосов
80 👍
10 🔥
8 ❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 28 Feb 2018, 08:31
Маған бірде "сені біреулер сыртыңнан жамандап жатыр," - деп айтты. Мен оған "мені сыртымнан ұрып-соқса да болады," - деп жауап бердім.

Аристотель

▪️ 75% (55) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 13% (10) 🔥
🔸

▪️ 10% (8) ❤️
🔸
👥 73 - всего голосов
55 👍🏻
10 🔥
8 ❤️
Чисто қазақтар 19 Feb 2018, 10:23
Дүниедегінің бәрін үйренгіңіз келсе...

Интернет арқылы кез-келген нәрсені үйренуге болатынының тағы бір дәлелі мына 10 интерактивті сайт:
1. http://wordmap.co/ Әлем тілдерін үйреніңіз
Бір сөздің бірнеше тілде қалай айтылатынын, не мағына беретінін білгіңіз келсе, таптырмас жер. Тіл үйрену заман талабы, талапқа сай талпыныңыз.
2. http://thisissand.com/ Құммен сурет салу
Түрлі түсті құмдармен сурет салып, шыңдалғысы кеглгендер үшін керемет дүние. уақытыңызды ойынға да, дамуға да бөле аласыз.
3. http://thefamilyfarmer.com/ Ферманы басқару
егер сіздің ферманың жұмысы туралы хабарыңыз болмаса, мына жерден бәрін егжей-тегжейлі біле аласыз. Ойын тарихтан бастау алып, ауыл шаруашылығыныі барлық түрлерімен таныс етеді.
4. https://performingarts.withgoogle.com/e… Өзіңізді әртіс ретінде сынап көріңіз
Әртіс болу кез-келгенге жаза бермеген. Үйде отырып, осы қабілетіңізді шыідай аласыз, шеберлікті сезіне аласыз. Жанр мен орынды таңдау арқылы, қалаған жерде қалаған әртіс болып сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
5. http://www.natgeoeat.com/ Тамақтардың тарихынан хабардар болғыңыз келсе
Тағам туралы толық мәлімет білгіңіз келсе, сіз жеп отырған тағам қай елде, қалай пайда болғанынан хабар алғыңыз келсе, сізге осында кіру керек.
6. http://www.google.com/sky/ Космонавт болғыңыз келсе
Әрине, бұл сайт сізді шынымен космосқа ұшырып жібермейді, бірақ үйде отырып-ақ сол сезімді бастан кешіре аласыз. Интерактивті сайт сізге бар мүмкіндікті жасап қойған. Бала кезімізде көпшілігіміз космосқа ұшу туралы арман еткен шығармыз, кіріп көріңіз!
7. http://www.monet2010.com/en#/home/ Моненің жан біткен суреттері
Маған қатты ұнады. Өнерді онша түсіне бермейтін жан үшін де бұл жер жан рахатына айнала алады. Суреттерге жан бітіп, жаныңызды жадыратады.
8. http://www.costa.co.uk/experience/#/1/n… Кофенің тарихы
Қызықты факттер арқылы кофенің шығу тарихын тамашалай аласыз. Кофені бәрі ішеді, бірақ ол туралы не білеміз? Білгеніңіз ішкеніңізден көп болсын.
9. http://moveclick.ru/virtualnyj-muzej-galil… Галилео Галилейдің виртуалды музейін көру
Сайтта Галилейдің жұмыстарының нәтижесіне куә бола аласыз. Тілін орысшаға ауыстырып алуыңызға болады.
10. http://www.howmanypeopleareinspacerightnow.com/ Дәл қазір космоста қанша адам бар
мына сайт арқылы дәл қазір космоста қанша адамның жүргендігін, және олар туралы ақпарат ала аласыз. Мен осы жайлы жазып отырғанда қазір космоста 6 адам жүр екен, Ресейлік, АҚШ, Ұлыбритания комонавттары. Қызықсаңыз қарап көріңіз!
Интернетті кең ауқымда пайдалана біліңіз, ол сізге сіз ойлағаннан да көп нәрсе бере алады.

▪️ 85% (30) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 8% (3) 🔥


▪️ 5% (2) ❤️

👥 35 - всего голосов
30 👍🏻
3 🔥
2 ❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 1 Feb 2018, 07:38
Баяғыда бір кісі көп жыл құрылыс саласында қызмет атқарған екен. Зейнет жасына келгенде бастығына келіп: «Басеке, менің зейнетке шығатын уақытым келді, рұқсат болса мен жұмыстан шығайын, өтінішіме қол қойып беріңіз», – дейді. Сонда бастығы: «Әрине, зейнетке шығасыз. Бірақ бір шартым бар. Әлі салына қоймаған бір үй бар еді, соны салып, бітіріп берсеңіз, рұқсат», – деп жауабын келте қайырады.
Әлгі қария амалдың жоғынан үйді аз күнде бітіріп, үйдің кілтін бастығына берсе, бастығы өзіне қайтарып береді. Бұған таң қалған ақсақал: «Басеке, мұныңыз қалай?» – дейді. Сол кезде бастығы: «Ақсақал, негізі бұл сіздің үйіңіз, енді бұл үйде өзіңіз тұрасыз», – деп жауап қайтарады. Бастығынан мұндай жауапты күтпеген әлгі қария: «Қап, өзімнің үйім болатындығын білгенімде бар мүмкіндікті пайдаланып, зәулім сарай салып алатын едім ғой», – деп өкініп қалды.
Осы бір мысалдан алатынымыз, біздің әрбір жасаған құлшылығымыз, намазымыз, ғибадатымыз өзіміз үшін. Ертеңгі күні олардың жемісін өзіміз көреміз. Сондықтан да «Бұл дүние – ақиреттің егіндігі» деп бекерден бекер айтылмаса керек.

▪️ 84% (70) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 7% (6) 🔥


▪️ 8% (7) ❤️

👥 83 - всего голосов
70 👍🏻
6 🔥
7 ❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 27 Jan 2018, 11:16
Жаратушы турғанда, жаратылғаннан не сұрайсың?!

(c) Абай

▪️ 77% (74) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 8% (8) 🔥


▪️ 13% (13) ❤️
🔸
👥 95 - всего голосов
74 👍🏻
8 🔥
13 ❤️
Чисто қазақтар 15 Jan 2018, 10:48
 📢

▪️ 80% (41) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 1% (1) 👎🏻


▪️ 17% (9) ❤️
🔸
👥 51 - всего голосов
41 👍🏻
1 👎🏻
9 ❤️
Чисто қазақтар 10 Jan 2018, 18:54
Омар Хайямның 10 нақылы

1. Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.
2. Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады.
3. Жұлынған гүл сыйлануы тиіс, жазыла басталған өлең - аяқталуы, ал сүйікті әйелің - бақытты, олай болмаса, әлің жетпес тірлікті бастамауың керек.
4. Жас та өтер, бірте - бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер...
5. Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі - не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі - кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам.
6. Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.
7. Біреуге риясыз сену оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен ол сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да мүмкін.
8. Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емеc.
9. Өмірде дана секілді сүргің келсе, екі басты қағиданы жаттап ал: әр нәрсені жегенше, аш қалған дұрыс; әркіммен өмір сүргенше, жалғыз болған дұрыс.
10. Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр...

▪️ 75% (51) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 1% (1) 👎🏻


▪️ 23% (16) ❤️
🔸🔸
👥 68 - всего голосов
51 👍🏻
1 👎🏻
16 ❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 8 Jan 2018, 18:47
Арыстан итпен жолдас бола берсе күндердің күнінде өзінің де итке айналғанын білмей қалады...

(с) Оралхан Бөкей

▪️ 80% (67) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 7% (6) 👎🏻


▪️ 12% (10) ❤️
🔸
👥 83 - всего голосов
67 👍🏻
6 👎🏻
10 ❤️
Чисто қазақтар 7 Jan 2018, 16:16
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген...

Оның алғашқысы: ұят болады.
Екіншісі: жаман болады.
Үшіншісі: обал болады.

Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме дегені; жаным арымның садағасы дегені еді;

Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр дегені; жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деген еді;

Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін дегені еді.

Жаман боладыға жақындамай, ұят боладыға ұрынбай, обал болады дегенге ойлана қарайтын текті ұлт болған едік, бүгінгі күнгі осы үш сөзге тоқтаймыз ба?

▪️ 74% (68) 👍🏻
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸

▫️ 0% 👎🏻


▪️ 25% (23) ❤️
🔸🔸
👥 91 - всего голосов
68 👍🏻
👎🏻
23 ❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 6 Jan 2018, 15:32
Бір дəрігер осындай хикая айтады:
Кабинетіме тексерілу үшін шамамен алпыс жастағы жасы үлкен апа мен отыз жастағы жігіт кіріп келді. Жігіттің кемпірге болған өте жылы қарым-қатынасы менің назарымды тартты. Өйткені ол кемпірдің қолын ұстап жəне үстіндегі жамылғысын түзетіп қояды. Қолымен тамақ пен су берді. Кемпірдің жағдайын сұрап, қажетті қағаздарын алып келуді айтқанымнан соң, жігіттен кемпірдің сана-сезімі туралы сұрадым. Себебі кемпірдің əрекеттері, берген жауаптары біртүрлі еді. Еркек былай деп жауап берді:
- Ол туылғаннан бері осылай. Сана-сезімі жетілмей қалып қойған. Таңданып:
- Оны кім бағады?- деп сұрадым.
Жігіт:
- Мен,- деді.
- Солайма? Оның киімдері мен денесін кім таза ұстайды?- дедім.
- Оны моншаға мен алып кіріп, киімдерін іліп қоямын. Сосын шомылып болғанша күтіп тұрамын. Кір киімдерін жуып беремін жəне қалаған киімдерін сатып əперемін,- деп жауап берді жігіт.
- Неге оған қарайтын бір қызметші əйел алмайсыз?- дедім.
Ол:
- Өйткені байғұс анам балаларға ұқсап арыз айтуды білмейді. Сол үшін қызметшінің анама зəбір көрсетіп, көңілін ауыртуынан қорқамын!
- Сіз үйленгенсізбе?
- Ия əлхамдулиллаһ! Перзенттерім де бар.
- Олай болса анаңызға жұбайыңыз қарайды екен ғой?
- Ол да қолынан келгенінше қамқорлық танытады. Тамағын пісіріп, ішкізіп-жегізеді. Анама жəрдем беру үшін əйеліме қызметші əйел де жалдағанмын. Бірақ мен өзім анам мен тамақтануды жақсы көремін. Себебі оның қант диабеті бар.
Оның сөздерін естіп таң қалып жəне көзімнің жастарын əрең ұстап тұрдым. Сол кезде кемпірдің қолындағы тырнақтарының алынғанын да байқап қалдым жəне:
- Оның тырнақтарын кім алады?- дедім.
- Дəрігер ханым, оның тырнақтарын өзім аламын. Өзі тырнақ алуды білмейді, - деп жауап берді ұлы.
Кемпір ұлына қарап:
- Маған қашан картоп сатып аласың?- деп қалды.
- Қазір, анашым! Өзіңізді дүкенге алып барамын!- деді ұлы.
Ана сол кезде балаша қуанып:
- Қазір барамыз! Қазір барамыз!- деп жіберді.
Ұлы маған қарап:
- Анамның мұндай қуанышын кенже ұлымның қуанышынан да абзал көремін!- деді сүйсініп.
Мен қатты əсерленгенімді сездірмеу үшін оның медициналық карточкасын парақтай бастадым. Сосын:
- Оның сізден басқа жақыны барма?- деп сұрадым.
- Мен оның жалғыз ұлымын. Өйткені əкем үйленгенінен соң бір ай өтіп анаммен ажырасқан екен,- деп жауап берді.
- Олай болса сізді əкеңіз тəрбиелеген болар?
- Жоқ, маған жəне анама нағашы əжем қараған жəне мен 10 жасқа толғанымда ол кісі дүние салған. Алла оны рақымына алсын!
- Сіз ауырған кездеріңізде анаңыз қарағанба? Оның сізге бір рет болса да аналық мейірім беріп, қараған кезі болдыма?
Басқаша айтсақ: Қуанышыңыз бен қайғыңызға ортақ болдыма?
- Жоқ дəрігер ханым. Сол он жасымнан бері білетінім, анам осындай ақылы азайып, мүгедек. Сол кезден бастап мен оның қолы мен аяғы болдым. Басына бірер пəлекет келмесін деп қорқамын.
Мен ары қарай оларға дəрілер тізімін жазып, қалай қолданатындарын түсіндірдім. Ұлы анасының қолынан ұстады да:
- Міне енді дүкенге барамыз,- деді.
Кемпір: - Меккеге бармаймызба?- деді.
Таңдандым жəне:
- Оны Меккеге қалай алып барасыз?- дедім.
- Ұшақпен!- деді.
- Расымен алып барасызба?
- Əрине.
- Анаңыз умра жасамаса да болады ғой. Неге оны умраға алып барып, өзіңізді қинайсыз?
- Бəлкім умраға алып барсам анам сүйінер. Бұл мен үшін əлемдердің Раббысы болған Алланың құзырында жалғыз қылған умрамнан сауаптырақ болмақ!
Олар кабинетімнен шығып кетті. Есікті жаптым да медбикеге алдыма ешкімді кіргізбеуін ескерттім. Ішімнен келген көз жасын тия алмадым. Өзіме-өзім былай деп сыбырладым:
- Бұл кемпір ұлына жүкті болып, туғаннан басқа аналық қызметін де қылмапты. Не тəрбие бермеген, не түндері ұйқысыз бесік тербетпеген. Қайғы-мұңына да ортақ болмаған. Оның қамын ойлап, келешегі үшін баста ауыртпаған. Бірақ ұлдағы мейірім мен қамқорлықты қара! Кəне айтшы, ақыл-есі жайында болған аналарымызға мына жігіттің ақылы кемшіндеу анасына қылған жақсылығын қылудамыз ба?
Аллам!
Ата-анамызға қамқор болуымыз үшін бізге жəрдем бер!
Олар бізге сəби күнімізде қалай қамқор болған болса Сенде оларға қамқор бол!
Ата-анаңыз бен бауырларыңызға жанашыр болыңыздар достар!
Читать полностью
Чисто қазақтар 2 Jan 2018, 20:46
Түкке тұрғысыз нәрселерді жүрекке қабылдай беретін адам - махаббатқа адал келеді.

Лев Толстой

▪️ 100% (60) ❤️ұнады❤️
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 60 - всего голосов
60 ❤️ұнады❤️
Чисто қазақтар 25 Dec 2017, 12:52
Дұшпаннан гөрі досыңнан сақтан. Өйткені, адамдар арасында бұзықтық көбейген сәтте дұшпаның досыңды пайдалануы мүмкін.

Имам Əбу Ханифа (р.а)

▪️ 100% (68) ❤️ұнады❤️
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 68 - всего голосов
68 ❤️ұнады❤️
Чисто қазақтар 19 Dec 2017, 16:04
«Өлі балық жолығар өлмегенге»,
Өлмегенге не жетсін, өлмегенге!
Өмір деген осындай, жаным менің,
Қайтер едік, өмірге келмегенде?!
Көнеміз де...
Қайтеміз көнбегенде?...

Мұқағали Мақатаев

▪️ 100% (78) ❤️ұнады❤️
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 78 - всего голосов
78 ❤️ұнады❤️
Чисто қазақтар 16 Dec 2017, 15:35
Адам бәрiн керсiнше iстейдi. Үлкен болғысы келедi, сосын балалық шағы туралы ойлап күрсiнедi. Ақша үшiн денсаулығын құртып, денсаулығын дұрыстау үшiн ақшасын құртады. Болашағы туралы асыға ойлап, қазiргi өмiрiн керек қылмайды, сөйтiп не қазiргi, не болашақ өмiрi жоқ күй кешеді. Ешқашан өлмейтiндей өмiр сүрiп, ешқашан өмiр сүрмегендей өтіп кетеді.

Пауло Коэльо

▪️ 100% (95) ❤️ұнады❤️
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 95 - всего голосов
95 ❤️ұнады❤️
Читать полностью
Чисто қазақтар 12 Dec 2017, 06:27
- Бақыт күте білген адамға келеді.
- Иә, әрине. Бірақ байқа, бүкіл өмірің күту залында өтіп кетпесін.

▪️ 100% (78) ❤️ұнады❤️
🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸🔸
👥 78 - всего голосов
78 ❤️ұнады❤️
Чисто қазақтар 9 Dec 2017, 13:14
Адамды білгің келсе, оны ашуландыр. Адам - ыдыс секілді, іші неге толы болса, соны төгеді.

Үнді даналығы
Чисто қазақтар 8 Dec 2017, 20:43
Әлемдегі ең жас 7 миллиардер !

1)Александра Андресен — 19 жаста
Байлығы: $1,2млрд
Қаражат көзі: Инвестиция

2)Катерина Андерсен — 20 жаста.
Байлығы: $1,2млрд
Қаражат көзі: Инвестиция

3)Густав Магнар Витзё – 22 жаста
Байлығы: $1,1млрд
Қаражат көзі: Балық аулау өнеркәсібі .

4)Эван Шпигель – 25 жаста.
Байлығы: $2,1 млрд
Қаражат көзі: Snapchat

5)Людвиг Теодор Браун - 26 жаста
Байлығы: $1,2 млрд
Қаражат көзі: Медициналық техника

6)Бобби Мерфи - 27 жаста
Байлығы: $1,8 млрд
Қаражат көзі: Snapchat

7)Ван Хань – 28 жаста
Байлығы: $1,3млрд
Қаражат көзі: Әуекомпания
Читать полностью
Чисто қазақтар 8 Dec 2017, 07:01
Жаман адамдардан ешқашан кек алма.
Жәй ғана бақытты бол. Көресің, олар мұны көтере алмайды.
Чисто қазақтар 7 Dec 2017, 19:26
Өкінбе, өкпелеме бүгініңе,
Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге..🌸

© Мұқағали Мақатаев