Өміріңіз дұрыс бағытта ма, білгіңіз келе ме?
Мен мұрағатымнан өміріңізді босқа өткізіп жатқаныңызды көрсететін он белгіні таптым. Оларды мұқият оқып шығып, қай жерде екеніңізді түсінесіз деп ойлаймын.
1. Маңызды емес нәрселерге көп уақыт жұмсайсыз
Компьютерлік ойындар, теледидар қарау, интернетте ұзақ отыру, әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізу (Facebook, Twitter), шектен тыс тамақтану және ішіп-жеу.
2. Көп шағымданасыз
Өмірінде қиындық көрсе де, мәселелері туралы көп шағымданбайтын адамдарды білемін. Олар сабырлы, төзімді және шүкір етуге дағдыланған.
3. Ақыл-ойыңызды дамытпайсыз
Егер көп оқымасаңыз, білім алып тұрмасаңыз, айналаңыздан артта қалып, тоқырауға түсесіз. Кітап оқып, пайдалы ақпараттарды іздеп, басқалармен білім бөлісу керек.
4. Өзіңіз туралы үнемі теріс сөйлейсіз
"Мен істей алмаймын", "Мен сәтсізбін", "Мен жалқаумын" деген сияқты сөздерді көп айтсаңыз, санаңыз соған сеніп, ақырында шынымен солай боласыз. Сондықтан өзіңіз туралы тек жақсы сөз айтуға тырысыңыз.
5. Болашаққа жоспар жасамайсыз
Қазіргі өміріңіз қаншалықты жақсы болса да, болашаққа мақсат қою керек. Сол мақсатқа жету үшін нақты жоспар жасап, тәжірибелі адамдардан кеңес алып, көп оқу қажет.
6. Сізді табысқа жетелемейтін адамдармен уақыт өткізесіз
Егер айналаңызда үнемі негатив тарататын адамдар болса ("Жұмыс жоқ", "Өмір қызықсыз", "Мүмкін емес"), олар сіздің энергияңызды тауысады. Мұндай адамдардан алшақ болыңыз.
7. Телефонға тәуелдісіз
Смартфондар мен қосымшалар пайдалы болғанымен, егер барлық жерде (сабақта, жұмыста, отбасында) телефоныңызға үңіліп отыра берсеңіз, бұл өміріңізді босқа өткізіп жатқаныңызды білдіреді. Әрине, егер жұмысыңызға немесе пайдалы оқуға қатысты болмаса.
8. Көп ұйықтамайсыз
Көптеген медициналық кітаптар мен мақалалар ұйқының маңыздылығын айтады. Егер аз ұйықтап, түннің бір уағына дейін жүрсеңіз, әдеттеріңізді қайта қарап, бағалауыңыз қажет.
9. Денсаулығыңызға мән бермейсіз
Дұрыс тамақтанбау, спортпен шұғылданбау және денсаулығыңызды елемеу – болашаққа жоспар жасамағаныңызды білдіреді. Денсаулықты күту – табысты өмірдің негізі.
10. Өзіңіз ұнатпайтын өмір салтын ұстанасыз
Өмірдің сәттілігі сіздің қаншалықты бақытты екендігіңізбен өлшенеді. Егер үнемі мұңды, көңілсіз жүрсеңіз, өміріңізде бір нәрсе дұрыс емес. Табысқа жеткен адамдарға қарап, олардан үлгі алыңыз. Жаман әдеттерден арылып, өміріңізді қайта бағалаңыз.
©Шейх Жақия Ғаусани (Алла панасына алсын)