Екі соқыр ер адам мен патшаның әйелі
Екі соқыр ер адам патшаның әйелінің жомарттығын білгендіктен, оның жолында отырып, қайыр сұрайтын.
Олардың бірі:
— «Уа, Алла, маған Өз кеңшілігіңнен ризық бер!» — деп дұға ететін.
Ал екіншісі:
— «Уа, Алла, маған патшаның әйелінің кеңшілігінен ризық бер!» — деп сұрайтын.
Патшаның әйелі олардың бұл сөздерін естіп, күн сайын:
Алланың кеңшілігін сұраған адамға екі дирхам жіберетін
Өзінің кеңшілігін сұраған адамға қуырылған тауық жіберетін, ал оның ішінде он динар жасырылған еді.
Бірақ тауық алған адам оның ішінде ақша барын білмей, күн сайын оны екі дирхамға екінші соқырға сатып отырды. Осылайша, он күн өтті.
Содан кейін патшаның әйелі өз кеңшілігін сұраған адамның қасына келіп:
— «Менің жомарттығым сені байытпады ма?» — деп сұрады.
Ол:
— «Қандай жомарттық?» — деп таң қалды.
Әйел:
— «Он күнде саған жүз динар жібердім!» — деді.
Ол:
— «Жоқ, мен күн сайын тауықты екі дирхамға сатып жіберіп отырдым!» — деді.
Патшаның әйелі күліп:
— «Сен менің кеңшілігіме сеніп, Алланы ұмыттың, сондықтан Алла сені одан айырды. Ал анау тек Алланың кеңшілігін сұрады, сондықтан Алла оған беріп, оны байытты!» — деді.
Ғибрат:
✅Адамдарға сенген адам қор болады.
✅Байлығына сенген адам кедей болады.
✅Біліміне сенген адам адасады.
✅Өз күшіне сенген адам шаршайды.
✅Ал Аллаға сенген адам ешқашан қор болмайды, кедейленбейді, адаспайды және шаршамайды.
📚"خلاصة العقائد في الإسلام"، محمد زكي ابراهيم