“ОНДАЙ ТУЫСТЫҢ БОЛҒАНЫНАН...”
Адамдар арасында
🤦🏻♂️«мен қанша жақсылық жасасам да, туыстарым маған қиянат жасайды»,
😠«ағайынмен алыстан сыйласқан жақсы»,
😔«мұндай туыстың болғанынан болмағаны артық»
деген секілді пікірлер жиі кездеседі. Осындай ойдың кесірінен көп адам өзінің қаны бір қандасымен ат құйрығын кесісіп, көрместей болып жүргені де жасырын емес. Тіпті, бір-бірімен соттасып жүрген бауырларды да көзіміз шалып жатады😮
Бұл – әрине, руханиятымыздың жұтаңдығының көрінісі. Әйтпесе, қазақ бір-бірін өкпеге қиса да, өлімге қимайтын, «сенен аяғанымды ит жесін» деп, жарты нанын жақынына бөліп беретін халық еді ғой?!
❗️Біліңіз, екі адам араздасса, үнемі ақылдысы кінәлі болады. Себебі, ол ашуын ақылына жеңдіріп, ең бірінші кешірім сұрайды. Ал кешірімді бірінші боп сұраған адамның сауапқа алдымен жететіні хадистерден белгілі. Туысы зұлымдық жасаса да, оның қателігіне кешіріммен қарап, адамдықтың ақ туын құлатпаған жанға Алла Өзі жәрдемші болады екен.
Оған туыстармен қалай араласуды үйрететін мына бір хадис дәлел бола алады:
АЛЛА САҒАН ӨЗІ ЖӘРДЕМШІ БОЛАДЫ!
Бірде бір адам Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Иә, Алла Елшісі, менің туысқандарым бар. Мен олармен туыстық байланысымды үзбеймін, ал олар болса араласқысы келмейді, мен оларға жақсылық жасаймын, ал олар маған зұлымдық жасайды, мен оларды сыйлаймын, ал олар болса менімен надан адамдар секілді сөйлеседі», – деп шағымданады. Сонда Алла Елшісі (ﷺ) оған: «Егер жағдай шынымен-ақ сен айтқандай болса, уайымдама, сен ұтылып жатқан жоқсың, керісінше Алла саған Өзі көмекші болады!» – деген екен. (Муслимнен жеткен хадис)
Иә, «туыстық - Алла Тағаланың «Рақымды» сипатының атауынан туындаған. Туыстық қатынасты сақтағанды Алла Тағала рақымына бөлейдi, ал байланысын үзгендi рақымынан мақұрым етедi.
Сондықтан жақындарымызбен қарым-қатынасқа барынша абай болайық.
@sezim_kz