Шәкәрім Есенжолұлы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Білім, амал, ықылас https://t.me/+iXnkDjfYhE4xYWE0 сұрақтарға арналған

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


"والدعاء" هذا لا ينافي الإتيان باللهم أنت السلام الخ لأنه ليس دعاء بل ثناء (حاشية الطحطاوي على مراقي الفلاح)

Ғұлама Тахтауи "Марақул - Фалах" хашиесінде былай деп айтады: " "Аллахумма Антас- Салам уа минкас- Салам..." дұғаға жатпайды. Керісінше бұл Алланы мадақтау (яғни зікір) болып саналады ".

706 0 14 8 21

فإن عارضها واجب لا ينبغي أن يفوته بل يأتي به ثم يتابع، كما لو قام الإمام قبل أن يتم المقتدي التشهد فإنه يتمه ثم يقوم لأن الإتيان به لا يفوت المتابعة بالكلية، وإنما يؤخرها، والمتابعة مع قطعه تفوته بالكلية، فكان تأخير أحد الواجبين مع الإتيان بهما أولى من ترك أحدهما بالكلية (حاشية ابن عابدين).

Бірінші отырыста отырған кезде имам 3 - ші ракағатқа тұрып кетеді. Бірақ ұюшы әлі "әт - тахият " дұғасын оқып бітірмеген. Ұюшыға әуелі "әт - тахият" дұғасын соңына дейін оқып бітіріп сосын 3 - ші ракағатқа тұрған дұрыс болады. Өйткені "әт - тахият" дұғасын оқыған кезде имамға ұюды кешіктірген боласын. Ал егер дұғаны тәмәмдамай имамға бірден ұйып 3 - ші ракағатқа тұрған жағдайда бір уәжіпті орындамай қалады. Сол себепті бір уәжіпті тастап қойғаннан гөрі екі уәжіпті жасап біреуін кешіктірген абзалдырақ болады ( Ибн Абидиннің хашиесінен).


بخلاف ما إذا عارضها سنة كما لو رفع الإمام قبل تسبيح المقتدي ثلاثا فالأصح أنه يتابعه لأن ترك السنة أولى من تأخير الواجب (حاشية ابن عابدين).

Имам рукуғтан немесе сәждеден басын көтерген кезде ұюшы таспихті үш рет айтып үлгермеген болса таспихті үшке толтырмай бірден имамның артынан ұю керек. Өйткені сүннетті орындамау уәжіпті кешіктіруден хайырлы . (Ибн Абидиннің хашиесінен) .


ولو سلم والمؤتم في أدعية التشهد تابعه لأنه سنة والناس عنه غافلون (الدر المختار للعلامة الحصكفي).

Ғұлама Хаскафи өз еңбегінде былай дейді: Имам сәлем берген кезде ұюшы ташаххудтың дұғаларын оқып жатқан болса (яғни әт - тахиятты оқып бітіріп салауат және басқа дұғаларды оқып жатқан кезде ) ұюшыға дұғаларды оқуды тоқтатып имамға ұю керек болады (яғни имамның артынан бірден сәлем береді. Дұғаларды оқымайды). Өйткені дұғаларды оқу сүннет (ал имамға бірден ұю уәжіп. Сүннеттен себеп уәжіпті тастауға болмайды). Адамдардың көбі бұл нәрсені білмейді.


فإن عارضها واجب لا ينبغي أن يفوته بل يأتي به ثم يتابع، كما لو قام الإمام قبل أن يتم المقتدي التشهد فإنه يتمه ثم يقوم لأن الإتيان به لا يفوت المتابعة بالكلية، وإنما يؤخرها، والمتابعة مع قطعه تفوته بالكلية، فكان تأخير أحد الواجبين مع الإتيان بهما أولى من ترك أحدهما بالكلية، بخلاف ما إذا عارضها سنة كما لو رفع الإمام قبل تسبيح المقتدي ثلاثا فالأصح أنه يتابعه لأن ترك السنة أولى من تأخير الواجب (حاشية ابن عابدين).


والحاصل أن متابعة الإمام في الفرائض والواجبات من غير تأخير واجبة (حاشية ابن عابدين).

Намаздың парыздарында және уәжіптерінде кешіктірмей бірден имамға еру уәжіп болады. (Мысалы, Имам рукуғқа немесе сәждеге кеткен кезде кешіктірмей бірден имамның артынан рукуғқа және сәждеге бару керек болады). Ибн Абидиннің хашиесінен алынған.


القارىء إذا سمع اسم النبي صلى الله عليه وسلم؛ لا تجب عليه الصلاة؛ لأن قراءة القرآن على نظمه وتأليفه أفضل من الصلاة على النبي عليه السلام، فإذا فرغ من قراءته، إن صلى على النبي عليه السلام فحسن، وإن لم يصلِّ فلا شيء عليه (المحيط البرهاني).
Құран оқып тұрған кісі пайғамбарымыздың есімін естіп қалған кезде оған салауат айту уәжіп болмайды. Өйткені оқып жатқан құранды үзбей жалғастыру пайғамбарымызға салауат айтудан абзалдырақ болады. Құран оқып бітіргеннен кейін пайғамбарымызға салауат айтса жақсы болады. Бірақ айтпаса күнә жоқ (Аль - Мухитуль Бурхани).


وصرحوا بأنه يكره أن ينقص عن الثلاث وأن الزيادة مستحبة بعد أن يختم على وتر خمس أو سبع أو تسع ما لم يكن إماما فلا يطول (حاشية ابن عابدين ).

Ғұлама Ибн Абидин : " Ханафи мазхабының ғұламалары рукуғ және сәждеде таспихті үштен аз айтса макрух болады деп айтқан. Ал үштен көп бірақ тақ сан яғни бес , жеті , тоғыз рет айтса мустахап болады. Бірақ бұл жағдай егер ол Имам болмаған кезде. Ал Имам болған жағдайда ұзатпау керек" .


🇰🇿 Өткен жазбаларда жазғанымыздай Имам Мұхаммад Имам Ағзамның көз - қарастарының таралуы үшін үлкен себепші болды. Бұнымен бірге Имам Мұхаммадтың Мәдина ғұламаларына қарсы жауап ретінде дәлелдерді ұсына отырып жазған кітабы бар. Оның аты "الحجة على أهل المدينة" . Аудармасы : Мәдина ғұламаларына қарсы дәлелдер. Бұл кітабында Имам Мұхаммад Имам Малик және басқа да замандас Мәдина ғұламаларына қарсы біздің дәлелдерімізді ұсынады. Ханафи мазхабының көптеген дәлелдері осы кітапта айтылады. Сол үшін бұл кітап әрбіреуіміздің кітапханамызда болу керек. Имам Мұхаммад Куфада өз білімін жетілдіргеннен кейін сыртқа шығып басқа ғұламалармен араласқысы келеді. Осылайша Мәдина қаласына сапарға шығып кетеді. Сол кезде Мәдина қаласының бас ғалымы Имам Малик болатын. Осылайша ол Имам Маликтің мәжілістеріне қатыса бастайды. Олардың дәлелдерімен танысады. Муаттаны тыңдайды. Кейіннен Муатта кітабының фықыхқа ғана байланысты хадистерді риуаят етеді. Имам Мұхаммадтың бұл Муатта риуаяты біздер үшін өте маңызды. Өйткені ол кітапта Имам Мұхаммадтың хадистерге жазып кеткен кішігірім түсініктемелері бар. Сол арқылы Муаттаның қай хадисін біздер қабыл етіп , қай хадисті қабыл етпейтіндігімізді біле аламыз . Имам Мұхаммад қабыл етілген хадистерге وبه نأخذ وهو قول أبي حنيفة деп айтып кетіп отырған. Мағынасы: Біз бұл хадисті аламыз. Ол Имам Ағзамның көз - қарасы .


🇰🇿 Имам Мұхаммадпен байланысты тағы бір жағдайды айта кетсек болады. Имам Мұхаммад Имам Ағзамның мәжілісіне қатысқаны сияқты Имам Зуфар мен Имам Абу Юсуфтың мәжілістеріне де қатысқан. Сонда Имам Мұхаммад үшеуінің де шәкірті болып саналады. Имам Мұхаммад хижри жыл санақпен 132 - ші жылы дүниеге келген. Сонда Имам Ағзам қайтыс болған кезде жасы небәрі 18 - де еді. Кейбір риуаяттарда Имам Мұхаммад Имам Ағзамның мәжілісіне сақалы әлі шықпаған кезде қосылған деп айтылады. Сонда Имам Мұхаммад шамамен 4 -5 жыл ғана Имам Ағзамның қасында қалған. Әрине бұндай уақыт ішінде мужтахид дәрежесіне жету өте қиын. Сол себепті Имам Мұхаммад Имам Ағзамнан кейін Имам Зуфар мен Имам Абу Юсуфтың мәжілістеріне қосылып өзін жетілдіреді.


🇰🇿 Имам Абу Юсуф хижри жыл санақпен 166 - шы жылы қазылыққа атанған кезде оның орнына мәжілістің басына Имам Мұхаммад шығады. Осылайша ол қайтыс болғанша дейін бұл істі адалдықпен атқарады. Имам Мұхаммад хижри жыл санақпен 189 - шы дүниеден өткен. Сонда қарап отырсақ 20 жылдан аса мәжілістің басында отырады екен. Имам Мұхаммад бұл арада бірнеше жыл қазылық қызметінде болғаны болмаса жалпы уақыттың көбін шәкірт тәрбиелеумен өткізді. Соған қоса Имам Ағзамның пәтуаларының кең етек алып жайылуына ең үлкен себепшісі болады. Өйткені ол Имам Ағзамның мәжілісінде талқыланған пәтуалар жинағын "Асл" кітабын ретке келтіріп, бір жүйеге салып риуаят етеді. Имам Абу Юсуфтың Имам Ағзамнан естіген риуаяттарды кітап күйінде "Жамиғус - Сағир" есімімен біздерге дейін жетуіне себепші болады. Имам Ағзамның мазхабын негізге алып Имам Ағзамның талқыламаған мәселелерді қарастырып кітап халіне келтіреді. Оны " Жамиғул - Кабир" деп атайды. Осылайша Ханафи мазхабында ең бірінші Тахриж (яғни Имам Ағзамнан риуаят келмеген мәселеге Имам Ағзам былай пәтуа берер еді деп Имам Ағзамның дәлелдерінің негізінде үкім шығару) жасаған ғалым Имам Мұхаммад болып есептеледі.


🇰🇿 Имам Абу Юсуф хижри жыл санақпен 158 - ші жылы фықых мәжілісінің басына шығып 166 - шы жылға дейін жалпы сегіз жыл басқарады. Ол 166 - шы жылы қазылыққа аталады. Осылайша оның қазылық өмірі басталады. Өлгенше дейін халифаттың қазылық міндетін адал атқарып өтеді. Тіпті Халиф Харун Рашидтің кезеңінде Имам Абу Юсуф қазылардың қазысы дәрежесіне дейін көтеріледі. Оның арапшасы قاضي القضاة деп айтылады. Кәзіргі тілмен айтқанда үкіметтің ең жоғарғы судьясы. Осыдан себеп ме екен, әйтеуір ханафи мазхабы халифаттың бас мазхабына айнала бастайды. Және де бұдан кейін келген бүкіл ислам үкіметтері ханафи мазхабы бойынша үкім жүргізген. Әрине бұл жерде Имам Абу Юсуфтың тигізген әсері орасан зор болды. Имам Абу Юсуфтың қазылық мәселелерінде өте үлкен тәжірибесінен себеп Ханафи ғұламалары қазылық мәселелерінде оның көз - қарастарын негізге алған. Имам Абу Юсуф хижри жыл санақпен 182 - ші жылы дүниеден өтеді. Алла Тағала барша ғұламаларымыздан разы болсын. Олардың жолын нәсіп етсін! Амин.


🇰🇿 Хижри жыл санақпен 158 - ші жылы Имам Зуфар қайтыс болған кезде мәжілістің басына Имам Абу Юсуф тағайындалады. Негізінде Имам Ағзам қайтыс болып мәжілістің басына Имам Зуфар келген кезде Имам Абу Юсуф оның мәжілісіне қосылмайды. Өзі бөлек мәжіліс құрады. Бірақ оның мәжілісіне бес - алты кісіден басқа ешкім келмейді. Имам Ағзам мәжілісінің басым бөлігі Имам Зуфарды таңдайды. Тек қана Имам Зуфар қайтыс болғаннан кейін ғана мәжіліс Имам Абу Юсуфты мойындайды. Имам Абу Юсуфтың Имам Зуфардың мәжілісіне қосылмауының себебін құдай біледі. Оларды сынау біздің ісіміз емес. Бірақ себептердің біреуі Абу Юсуф өзін Имам Зуфардан төмен деп есептемегендігі болуы мүмкін. Өйткені шынымен де екеуі Имам Ағзамның ең үздік шәкірттері болған. Және де жастары да шамалас болған. Имам Зуфар хижри жыл санақпен 110 - шы жылы дүниеге келген болса, Имам Абу Юсуф 113 - шы жылы туған.


🇰🇿 Имам Ағзам Абу Ханифа хижри жыл санақпен 80 - ші жылы дүниеге келген. Хижри 150 - ші жылы дүниеден өтті. Фықых мәжілісінің басына өткен кезде 40 жасында еді. Сонда бұл шамамен хижри жыл санау бойынша 120 - шы жылға тура келеді екен. Осылайша Имам Ағзам білім мәжілісінің басында 30 жылға жуық болады екен. Бұл мәжілістерде Имам Зуфар , Имам Абу Юсуф , Имам Мұхаммад, Имам Хасан ибн Зияд және тағы басқа алпауыт ғұламалар жетіліп шығады. Бұлардың ішінде ең үлкені Имам Зуфар болып есептеледі. Бірақ бір қызығы оның пәтуалары Ханафи мазхабында алынбаған. Небәрі 17 немесе 19 мәселеде ғана Имам Зуфардың көз - қарасы бойынша пәтуа берілген. Бірақ бұл жағдай Имам Зуфардың дәрежесіне әсер етпейді. Өйткені Имам Ағзам қайтыс болған кезде мәжілістің басына Имам Зуфар өтеді. Осылайша ол ұстазының әдісі бойынша бұл ілім мәжілісін сегіз жыл басқарады. Имам Зуфар хижри жыл санақпен 158 -ші жылы қайтыс болады. Алла Тағала олардың барлығына разы болсын !


🇰🇿 Имам Ағзам Абу Ханифа ұстазы Хаммадтың фықых мәжілісіне қатыса бастаған кезде жасы 21 -де болатын. Оған дейін ол Кәләм ілімімен айналысып жүрген. Күндердің бір күні ол атақты табиғин ғалым Шағбимен кездесіп қалады. Ғұлама Шағби Имам Ағзамның бойындағы даралықты аңғарады. Фықыхқа деген қабілеті анық көрініп тұрды. Сол үшін ол Имам Ағзамға фықыхты қолға алуға кеңес берді. Осылайша 21 жасында Имам Ағзам Куфада Хаммад ибн Абу Сүлейменнің мәжілісіне қосылады. 19 жыл ұстазынан айрылмай білім мәжілісіне қатысады. Ұстазы қайтыс болған кезде мәжілістің басына Имам Ағзам шығады. Ол кезде оның жасы 40 - қа толған еді.


🇰🇿 Жоғарыда айтқанымыздай екі жол бар : Фықыхшылардың және Хадисшілердің . Сонда бұл жерге байланысты мынадай сұрақ пайда болуы мүмкін. Хадистің қабыл етіліп қабыл етілмеуіне байланысты қағидаларды Хадисшілер белгілемей ме? Фықыхшылар фықыхты зерттейді. Хадис олардың саласы емес. Бұл пікір дұрыс емес. Өйткені Фықыхшы немесе Хадисші ол сол кезде қолданылған термин. Кәзіргі таңда фықыхшы ол фықыхпен айналысатын адамға, хадисші деп хадиспен айналысатын адамға айтады. Сол себепті фықыхшы көбінесе хадисте хадисшілер сияқты болмайды. Ал хадисшілер фықыхта фықыхшылар сияқты болмайды. Бірақ бұрыңғы кезде Фықыхшы деген кезімізде ол кісі хадистен аз біледі деген сөз емес. Керісінше Фықыхшылар хадисте Хадисшілерден кем болмаған. Әсіресе фықыхпен байланысты болған хадистерде.Тек қана олардың хадисті қабыл етіп қабыл етпеу принциптері әртүрлі болған. Және де Фықыхшылар хадисті риуаят ету үшін арнайы мәжіліс құрмаған. Олар фықых мәселелерін талқылау үшін мәжілістер ұйымдастыратын. Мәжіліс барысында тақырыпқа байланысты хадис риуаят етіп тұрған. Мысалы, Имам Мұхаммад және Имам Абу Юсуф Имам Ағзамның мәжілісінде риуаят етілген хадистерді кейіннен өздері жеке риуаят етеді. Кейіннен бұл риуаяттар кітап халіне келтірілген. Ол кітапқа "Ал - Асар" (الآثار) деп айтылып кетті. Кейіннен Имам Ағзамның риуаят еткен бүкіл хадистері бір араға жиналып "Муснад Абу Ханифа" деп аталды.


🇰🇿 Бір қызығы хадис усулінде Ханафи мазхабының әдіснамасы бойынша арнайы кітап жазылмаған. Міне ең бірінші кітабымыз 21 - ші ғасырда жазылған Абдул - Мажид Туркманидің еңбегі саналады. Бұл тұрғыдан әрине Хадисшілер бізден көп көп есе алда. Өйткені олардың әдіснамасы бойынша жазылған кітаптардың саны жүзден асады. Бірақ біздің хадис әдіснама бұл күнге дейін жеке кітап ретінде жазылмаса да Усуль-фықых кітаптарымыздың сүннет бөлімінде түсіндірілген. Бәлкім осыдан себеп ғұламалар жеке кітап күйінде жазуды жөн көрмеген шығар. Білмеймін, бірақ Ханафи мазхабында өте көп Усуль-фықых кітаптары жазылған. Міне, біз де өзіміздің хадис әдіснамамызды осы кітаптарға қарап үйренеміз. Ханафи мазхабының хадис әдіснамасын жақсы зерттеймін дегендерге ғұлама Пәздәуидің усул кітабына, ғұлама Жассастың усул кітабына, Абдульазиз Бухаридің Мунтахаб Хусамиге жазған шархына қарауларына болады.


🇰🇿 Ғұламалар хадис усулінде екі жолды ұстанған: 1. Фықыхшылардың жолы (الفقهاء) 2. Хадисшілердің жолы (اهل الحديث).
Фықыхшылардың жолын Имам Ағзам мен Имам Малик ұстанған болса, Хадисшілердің жолын Имам Ахмед ибн Ханбал , Имам Бухари, Имам Муслимдер ұстанған. Негізінде фыкыхшылардың жолы Мәдина табиғиндері мен Куфа табиғиндерінен бастау алады. Куфада Абдулла ибн Масғудтің шәкірттері Алқама, Асвад , Масруқ сияқты ғұламалар мен Нахағи , Шағби , Хаммад сияқты ғұламалар Ханафи мазхабының құрылуына себеп болған. Ал кәзір көп медреселерде оқытылып жүрген Ибн Хажардың, Ибн Салахтың жазған усуль - хадис кітаптары негізінде Фықыхшылардың әдіснамасы бойынша емес керісінше Хадисшілердің әдіснамасы бойынша жазылған. Әрине біз бұл кітаптарды оқыма деп айтпаймыз. Бұл кітаптар міндетті түрде оқытылу керек. Бірақ ең алдымен біз өзіміздің Ханафилердің ұстанымын жақсы білуіміз керек. Сол кезде кейбір кісілердің Имам Ағзам әлсіз хадиспен амал еткен деген сөздеріне құлақ аспаймыз. Расында да кейбір хадистер Хадисшілердің әдіснамасы бойынша әлсіз болу мүмкін, бірақ фықыхшылардың әдіснамасы бойынша сахих болады. Сол сияқты керісінше де болу мүмкін.


🇰🇿 Жалпы Усуль - фықыхта мазхаб муджтахидтердің арасында қандай айырмашылықтар болып тұрған болса, дәл сондай айырмашылықтар хадис саласында да болған. Сол себепті Имам Ағзамның да хадисті қабыл ету, хадиспен амал ету принциптері, ережелері болған. Осы кітапта азды - көп Ханафи мазхабының хадис ережелері түсіндірілген. Әрине терең зерттеймін деп ниеттенгендерге бұл жеткіліксіз. Басқа кітаптарға да қарау керек. Бірақ білім талап етушілерге бұл таптырмас кітап. Міндетті түрде оқылу керек.


🇰🇿 Шартты сауда жөнінде біраз мағлұмат беруге тырыстым. Сол себепті сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр. Осы күнімізде кейбір дүкендерде 3 зат алсан біреуі саған сыйлық деп сауда жасап жатады. Осындай сауда түрлеріне не деп айтасыздар? Өз пікірлеріңізді жазып кетіңіздер.

Показано 20 последних публикаций.