"SHAPAĞAT" qory


Гео и язык канала: не указан, не указан
Категория: не указана



Гео и язык канала
не указан, не указан
Категория
не указана
Статистика
Фильтр публикаций


БИЫЛҒЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОН МӘЛІМЕТ

Қажылық маусымы басталуына санаулы күндер қалды. Отандасымыздың басым бөлігі қасиетті мекенге аттанып үлгерді. Осы орайда, биылғы қажылық туралы ерекше он мәліметті ұсынамыз:

1) Биыл 3200 қазақстандық ұлы сапарға аттанады;

2) 1990-2019 жж. Сауд Арабиясы тарапынан отандық қажылар үшін  56 635 квота бөлінген. Мысалы,  1990 жылы  50 адам қажылыққа бару мүмкіндігіне ие болса, 1991 жылы 74 квотаға көтерілген. Ең көп квота 2013 жылы, 5500 квота берілген екен;

3) Биылғы қажыларға қызмет көрсетуге  25 компания өтініш білдіргенімен, ҚМДБ Қажылық комиссиясы 8 балдық критерий бойынша саралап, тек 18 фирма ғана рұқсат берді;


4)  Биылғы қажылыққа елімізден 26 ұлттың өкілдері барады;

5)  Қажыларды саудиялық «Flynas» және отандық «Scat» әуе компаниялары тасымалдайды. Чартерлік рейстер арқылы отандастар Жидда қаласына тікелей ұшады;

6) Биылғы қажылық құны (эконом) 4800 $/ 1,850 млн KZT-ден  басталады. Ресейде 2100 $/ 810 000 KZT басталады. Тәжікстанда 3700 $/ 1, 425 млн KZT. Былтырғы қажылық құны 4200 $ болған. 2013 жылы қазақтар үшін қажылық құны 1500 $ болған екен;

7) Биыл қажылыққа аттанғандар арасында Ризабек Батталұлы, Ерсін Әміре, Батыржан Берденұлы секілді  бірнеше танымал имамдар мен өнер жұлдыздары бар;

8) Биыл 12 адамнан тұратын Қазақстан қажылық миссия ұйымы туристік компаниялардың қажыларға жайлы жағдай жасауын, гидтердің біліктілігін, медициналық қауіпсіздік шараларын қажылық маусымы аяқталғанша қатаң бақылауға алады. Нашар сервиске ие фирмаларға келесі жылғы қажылық квоталарын бөлу азайтылады;

9) Қазақстандықтар қажылыққа кезексіз немесе бірнеше рет бару мүмкіндігіне ие. Ал, индонезиялықтар алты жыл күтеді. Түркияда жүз мыңдаған мұсылман кезекке тұрса, Өзбекстанда бес жыл, Тәжікстан мен Қырғыстан 2-3 жыл күтуге мәжбүр.

10) Биыл қажылыққа ең көп баратындар – Түркістан облысының тұрғындары.

🔺️ Дайындаған @shapagat_atyrau








Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


ҮЙГЕ ҚЫЗЫЛ ЖІП БАЙЛАП ҚОЮҒА БОЛА МА?






Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


✅ Жақында "Жусан" операциясы арқасында Сириядан оралған атыраулық Балжан Абдрахманова Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай Ақын өлеңін жатқа оқу эстафетасына қатысқан болатын. Хакімнің "Жүрегім нені сезесің" өлеңін оқыған Балжан эстафетаны Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевқа жолдаған еді.

Кеше Нұрлан Ноғаев мырза эстафетаны қабыл алып, Абайдың "Жасымда ғылым бар деп ескермедім" өлеңін оқыды. Облыс әкімі эстафетаны одан әрмен бірнеше абайтанушы қоғам қайраткерлеріне жолдады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram






Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram

Показано 15 последних публикаций.

124

подписчиков
Статистика канала