Конкурс өткізу туралы хабарлама
«Атамекен» ҰКК оқыту бойынша, оның ішінде «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты аясында қаржыландыруды жұмылдыруды (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) үйрету бойынша қызмет ұсынуға конкурс жариялайды.
Оқытудың негізгі мақсаты – қаржыландыру бойынша кәсіпкерлік әлеуетін арттыру.
Қызмет ұсынуға қойылатын талаптар:
- қаржыландыруды жұмылдыруға үйрету қызметін көрсетудегі кемінде 3 (үш) жыл тәжірибесінің болуы және жалпы кемінде 12 іс-шара (оқыту семинарлары, курстары, қаржыландыру мен басқа да бағыттар бойынша тренингтер) өткізген болуы:
- штатында еңбек келісімшарты немесе ақылы қызмет көрсету келісімшартымен жұмыс істейтін, жоғары білімі және тиісті бағыттар бойынша алған кемінде 1 жылдық білімі, жоғарылатқан біліктілігі, машығы туралы дәлелдеу құжаттары бар кемінде 2 (екі) білікті кадрдың (сарапшының) болуы;
- сапалы офлайн оқыту өткізуге қажет материалды-техникалық базаның болуы;
- оқыту бойынша іс-сапарларға шығуға дайын болуы;
- үйрету платформасының болуы немесе онлайн үйрету мүмкіндігінің болуы;
- кемінде 400 адамды үйрете алатындай мүмкіндігі болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу шартары және мәліметтермен
https://eep.mitwork.kz/ru/ сайтында толығырақ танысуға болады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2023 жылдың 18 қазанына дейін.