СӨЗ СИНЕРГИЯСЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Ақын, аудармашы, ф. ғ. к., Тұрмағамбеттанушы ғалым
Ләйлі Құндақбайдың «Сөз синергиясы» аталатын авторлық арнасына қош келдіңіздер.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Алдияр Оқырман, бүгін ұлы аңсармен шөлдеп келген 10 адамға дәріс-сұқбат өткізетін болдық, кешкі 21.00-де "Сізге қажет 40 қағида" дәріс-практикумының болатынын бір еске салып қояйын. Егер тағы 1-2 шөліккен, құтысы кең кісі келгісі келсе, кешелі бері жиылған12 кісі қатарымызға қосуға қарсы емеспіз) кешкі 20.00-ден соң чаттың құлпы жабылады)

Дәріс ақылы. Тек 10 адам деген болатынбыз, қазір аз-мұз асып кеттік, 2 адам қосылуына қарсылық жоқ.
Шартымыз сол - Мұхит іздеп шөліккен адам ғана келуі керек)

Ақпаратты мына ватсап нөмерден аласыздар:
87777011884.
Тел соқпайсыз, тек жазба қалдырасыз.


Сөз шығындап,
сыр ашпасам деп едім
Өлі жүрек жандарға,
Мұхит іздеп
Ұлы аңсармен
Шөлдеп жүрген жан бар ма?..


Руми
Аударған: Ләйлі Құндақбай


Осы жерге жазбалар қалдырсаңыздар болады


Құрметті оқырман!

Күзгі мезгілде ағаш біткен жапырағын қалай үзсе, баршаңызға да тал бойларыңыздағы жағымсыз мінез, жарамсыз ой, төменгі сападағы қуаттарыңыз солай үзіліп, орнына нұрлы, жоғары тербелістегі, иләһи қуат-күш бітсін деп тілеймін!

Құдай игі сипаттар дарытсын бойларыңызға!

Әрдайым көңілдеріңіз ояу болсын!

Осы каналда салынған жырлар бойынша, жыр мәтініндегі түсініксіз ойлар не сөздер бойынша сұрақтарыңыз туындаса, кез келген уақытта ұялмай сұрап отырсаңыздар болады.
Біз сұхбатқа ашықпыз.


Ағаштай бол,
көңілі ояу, көз ілген,
Күзде өлі жапырағы үзілген.

Руми

Аударған: Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


🌹


Көңіл — дария, Құдай «Бол!»- деп болғызған,
Қағбаңызды адам еді тұрғызған.
Бір көңілді күйдірдің де абайсыз
Жетпіс қағба қираттың ғой,
Мұңсыз Жан?!..

Руми
Қалыптаған: Ләйлі Құндақбай.

https://t.me/Soz_sinergiasy


Дінтану ілімінің қағидаттарына, бөлімдеріне, осы ілімді оқытатын ұстаздар мен білім алушы шәкірттерге басты назардың ауып кетуі – ақиқат жолынан адастыратын сүрлеу, күн нұры түсетін терезені пердемен жауып қойғанмен тең әрекет.

Алдымен осының бәрінен жиреніп, безіну керек.

Содан кейін барып, қолыңды көтеріп: «Лә илаха иллалла» деп қайтала.

Бұл – зікірдің құпиясы. Көз алдыңда көрінген дүниенің барлығы – Құдайдың Өзі. Бұл – қасиетті Ғалам. Осы Ғаламда ғұмыр кеш!

Шәмси Тебризидің жазбаларынан («Макалят-и Шамс-и Тебризи»)

Аударған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


"Мәңгі Тірі" деген сен үшін қандай мағына береді?
Сен қайдан келдің? Өз қайнарыңды білемісің? Рух деген не?
Өміріңді өз табиғатыңды танып-білуге арна. Сол кезде басқа сырлар да ашыла бастайды.

Құдай деген – тереңдік. Түпсіз терең. Сен де, иә, мына сені айтамын, сен де тереңсің, ақымағым! Сенде де сол тереңдік бар!

"Дүние жаралғанға дейін", "Әлмисақтағы қалып", "рух", "жан" деген сөздерден шошыма. Олардың мәнін өзіңнен ізде. Ең үлкен құпия сыр – сол жерде. Барлығы "сопылық", "дәруіш" деген сөздерге құмар. Бұл – жай сөз ғана.

Мен Тірі, нағыз тірі бір Досты, маған: "Сен – Менің бөлшегімсің. Мен – Бүтінмін. Осы хәлді тап. Мені таны", - деп айтатын Досты аңсаймын...

Шәмси Тебризидің жазбаларынан

Аударған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Мәриям жыраудың Ухуд соғысын жырлаған жырынан үзінді. Егер толық тыңдаймын десеңіздер, жалғасын да саламыз.


Аудио от L.K.


Аудио от L.K.


Аудио от L.K.


Сөйлер едім, айтар сөзім – өтірік,
Хақ сөйлесем, кетесің ғой өлтіріп.
Бірақ менің үзер кезде жанымды
Жарығыңды алмашы, Жан, сөндіріп?

Шамси Тебризи
Қалыптаған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Аудио от L.K.


РӘБИЯНЫҢ МЕККЕГЕ ҮШІНШІ САПАРЫ

Рәбия жолға шықты тағы бір күн
Татаулы тарқатсам деп көңіл бұлтын.
Меккені алып бетке жүре берді
Жад қылып Жар есімін дүркін-дүркін.
Келеді жасын төгіп, жылап-зарлап:
– Жүзіңді көрсетші, – деп, – Мәлк-үл-мүлкім.
Өкпесін өксік қысып, қиналғанда
Жалын ғып шығарады іштің өртін.
Ышқысы артып Жардың дидарына,
Аяғын баса алмайды сылтың-сылтың,
Еңбектеп, жер бауырлап, бірде аунап,
Жатады естен танып кейде күн-түн.
Ес жиып, тағы Хаққа наз айтады,
Өкпелеп жас балаша бұртың-бұртың.
Сырлы Әуез осы сәтте тағы келді:
– Жиыңыз есіңізді, ерке сылқым,
Көрінсек қазір келіп көзіңізге,
Күл болып кетпейді ме, қалмай жұртың?
Жарыңыз Сізге оңай көрінетін
Емес қой ойнап-күлер қатар-құрбың.
Сөйледі сонда тағы Рабия қыз:
– Жүзіңе тура қарау болмай мүмкін,
Келемін арып-ашып, тым болмаса
Пақырлық берші, Раббым, болсын – мінтім.
Ерлерден қай жерім кем, жүрегім – тең,
Болғанмен жаным – нәзік, нәкәр – сыртым.
Жаратқан тағы да айтты: – Жоқ, Рәбия,
Ықыласты болғанымен кеуіл-құлқың,
Пақырлық бере алмаймын, затың әйел
Болған соң қажет емес Бізге минкум.
Сіз даяр бола алмайсыз пақырлыққа,
Еркіңде, мейлің жыла, мейлің жұлқын.
Пақырлық – Ер адамның несібесі,
Ұмытқан Раббысы үшін күллі мүлкін.
Өздерін мүлде ұмытып кеткеннен соң,
Оларды жақындаттық біртін-біртін.
Егер де «көрін» десе, алыстайды,
Жіберсе пақырлықтың ол да мүлтін.
Дәл қазір арамызда жетпіс перде
Тұтулы, айтар болсам сөздің шынтын.
Сондықтан болмас істі сұрай берме,
Есің жи, жасыңды тый, бетің сүртін!
Сол сәтте көк жүзінен бір ғажайып
Көрінді қанды мұхит толқын-толқын.
Жер-көкке сыймай тасып, толқыған қан
Шошытып, Рабияның басты сұлқын.
Тағы да Әуез келді: – Ей, Рәбия,
Көрдің бе мынау көктің қанды бұлтын?
Кеші-күн қанды жасын төгіп өткен,
Дидардың білер ме едің ғашық жұртын.
Қанды жас көздерінен ағып тұрып,
Ештеңе сұрамады-ау бір сәт, шіркін!
Бір де бір жанға сырын білдірмеді,
Тас қылып даңғойлықтың жапқан құлпын.
Есімін білер жан жоқ бұл ерлердің,
Ешкімнің алмаған соң бұлар шырқын.
Көрсет деп дидарыңды жылай бермей,
Алсаңшы мұнан үлгі сен де бұл күн?.
Рабия сонда айтты: – Ең болмаса,
Меккеңде қалдыр мені, болса мүмкін?
Қалқиып көз жұмғанша отырайын,
Қағбаңның шырақшы ғып, берші кілтін?..
Болмады бұл іске де Хақтан рұқсат,
Өкпелеп көмпейткенмен қаншама ұртын.
Қағбаға тәу еткен соң, елге қайтты,
Разы боп Жар ісіне, бұзбай құлқын...
Тыңдаушым, Рәбияның хикаясы
Осы еді, разы болсаң, сен де сілкін.
Тілекті берсе де Хақ, бермесе де,
Бас ұрып күндіз-түні жатпай, түртін.
Аманат бес-алты күн бұл тірлікте,
Бір күні қайтарармыз Хақтың мүлкін.

Ләйлі Құндақбай.
2023.

https://t.me/Soz_sinergiasy


Аудио от L.K.




Аудио от L.K.


Аудио от L.K.

Показано 20 последних публикаций.