Қызылордада дәрігерлер жаңа туған нәрестенің аяғын күйдіріп тастаған
Жәбірленушінің жақыны Әйгерім Әбілтаеваның айтуынша, осыдан бірнеше күні бұрын аяғы ауыр келінінің қысымы көтерілген. Сосын аудан дәрігерлері оны шұғыл түрде облыстық перинаталдық орталыққа жіберген. Әйелге кесарь тілігін жасап, босандырған.
Облыстық перинаталдық орталық қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қызметкерлерге тиісті шара қолданамыз, дейді.
t.me/stankznews

“Біз ауруханаға барғанда келініммен де, дәрігерлермен де кездестірмеді. Кейін сәбидің кувезде жатқанын, жағдайы ауыр екенін білдік. Күні кеше келінім жылап телефон соғып, баланың аяғы күйіп қалғанын айтты”, – дейді әйел.Дәрігерлер баладан анализ алмақ болғанда өкшесін спиртпен күйдіріп алған. Сөйте тұра анаға баласын бермей қойған. Тіпті жөргегін ауыстыруға рұқсат етпеген.