❌ФЕЙК: Алтын алқа мен күміс алқа иегерлеріне мемлекет тарапынан сыйақы үлестірілуде
Әлеуметтік желіде алтын алқа мен күміс алқа иегерлеріне мемлекет тарапынан сыйақы үлестіріліп жатыр деген ақпарат тарады. Хабарламада белгісіз ер адам көпбалалы аналарға сыйақы алу үшін қажетті құжаттарды жинақтап, әкімшілікке баруға кеңес берген, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
✅Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жайсанкүл Досполова бұл ақпаратты жоққа шығарды.
-Аудиожазбада белгісіз ер адамның таратқан ақпараты жалған. Мемлекет тарапынан қандай да бір көмек берілетін болса арнайы сайттарда жарияланатын болады. Сондықтан, тек ресми жарияланған ақпаратқа сенуге шақырамын, - деді Жайсанкүл Досполова.