❌ФЕЙК: Каспий теңізінде қолтырауын бар
Соңғы күндері әлеуметтік желіде теңіз жағалауында жүзіп жүрген қолтырауынның бейнежазбасы таралуда. Желі қолданушылары видео Каспий теңізі жағалауында түсірілген деп болжам жасаған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
✅Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
-Бейнежазба Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суды мекендейді. Сондай-ақ ауа-райы жылы Африка секілді тропикалық және субтропиктік аймақтарда өмір сүреді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият саралай келе, ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік,- деді Ғаббас Досатов