1️⃣ Ендеше, ең әуелі отырып НИЕТ жаңартыңыз. Барынша тез уақытта бар мүмкіндікті, күш-қуатыңызды салып еңбек етіп, қарыздан құтылуға әрекеттенуге ниет етіңіз.
2️⃣ Екінші, "осы әрекетіме береке беріп, қарыздан құтылуыма жәрдем бер" деп Алладан дұға етіңіз:
"Аллаһуммәк-фини Би халалика ъан харамика, Уә ағнини би фадлика ъамман сиуак"
Иә, Раббым! Мені халалға қанағат етіп, харамдардан сақтанатын ете гөр және ұлылығыңмен Сенен басқаға мұқтаж болудан сақтай гөр.
3️⃣ Үшінші, "Раббым, дұғамды қабыл ет, әрекетіме береке бер, өмірімді қарызсыз ет" деп, шамаңыз келгенше садақа беріңіз.
4️⃣ Төртінші, қазіргі табысыңызды анализдеп, ең тез дегенде қанша уақытта құтылуға болатынын жоспарлаңыз. Егер табысыңыз жоқ немесе аз болса, қосымша жұмыс көздерін қарастырып көріңіз. Қолы қимылдағанның қарны тоқ болатынын ұмытпаңыз. Ең бастысы, өзіңізге дедлайн қойып, сол уақытқа дейін қалайда жабамын десеңіз, жолдары шыға бастайды.
Алайда, өте тез уақытта құтылып кетемін деп сиқырлы таяқша күтпей, өз шамаңызға, табыс деңгейіңізге анализ жасап алу өте маңызды.
Бүгінгі 4 этап бойынша әрекет бастасаңыз, осында жаза кетіңіз. Ұмытпаңыз, әрекет - сізден, берекеті - Алладан.