Таңғы шық💕


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Көру керек✅




Бір баққа сеніп
Бір бақтан ауып
Бір баққа келіп
Бір орын тауып
Өкіріп алдым
Оңаша
Бір нұрға шомып
Бір нұрмен гүлдеп
Бір нұрдан тоңып
Бір нұрмен бүрлеп
Бір күліп алдым
Оңаша
Ертеңді қуып
Болғанын аңсап
Өткенді жуып
Жуынып шаршап
Күрсініп алдым
Оңаша
Бір ойды ойлап
Бір ойдан қашып
Бір оймен жайнап
Бір ойдан сасып
Бұлқынып алдым
Оңаша
Бір Айға қарап
Ол Айды сүйіп
Бір айды санап
Ол айға күйіп
Мұңдасып алдым Күн, Аймен
Оңаша емес
жүрегімдегі Құдаймен!.

мен жалғыз емеспін.

Яхуда Аружан


Дарынды дарын таниды.

Ш.Мұртаза


Көз жасым көл болып жыладым да бір жағы🤭

Философиялық ойлары ТЕРЕЕЕҢ!🔥


https://hdrezka.ag/films/comedy/73405-hvostatyy-perepoloh-2024.html
Хвостатый переполох (2024)
Женщина управляет небольшой ветеринарной клиникой и заботится о бездомных собаках, что вызывает явное недовольство домовладельца....


Мынадай ғажап кино көрдім🥹❤️




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


«Нурикамал» фильмінен соң Хан апаға кеп жатқан сөздің әрбірі жүрегіме тас боп тиіп кетіп жатыр.

- халықтың көп бөлігі осыншалық төмен ойлай ма? деген ой.

Біреудің тағдырына, шешіміне кесім айтудан алыс болайықшы


Қысқы элегия
Сен тұратын қалада қар жауды ма,
Жауған қарға жанарың арбаулы ма?
Қалай-қалай жол енді түсер екен,
Қарай-қарай жанарым талды-ау мына.

Назым ба екен, бұл маусым насыр ма екен,
Қай тарауда қандай сыр жасырды екен?!.
...Ерініңе қонған қар еріді ме,
Еріді ме, жоқ əлде ол жасың ба екен?..

Моншақ-моншақ жасыңнан мұз қалды ма,
Мөлдір-мөлдір сезімнен сыз қалды ма?
Қар жауды ма, жауды ма жаумағандай,
Жалғыз аяқ сол қарда із қалды ма?

Сен тұратын қалаға қар түсті ме,
Былтырғыдан жауған қар зор түсті ме?
Енді көктем келместей... 
...көрместей боп,
Қармен бірге ішіңе зар түсті ме?

Қалың-қалың қаланы қар басты ма,
Қап-қара аспан қабағын зорға ашты ма?
Қар жауды ма, жауды ма жау секілді,
Жауған қармен жас жаның арбасты ма?

Кім біледі, сол қала қарлы ма екен,
Қарлы күннің салқыны шалды ма екен,
Жанарыңды тұмшалап алды ма екен,
Жүрегіңді құрсаулап алды ма екен?..

Шілде – қаңтар, о, неге, қаңтар – қаңтар,
Аязды күн аяғым тартар-тартар,
Сен тұратын қалада, бәлкім, көктем,
Мен тұратын қалада қар!
Қар!
Қар!
Қар!...

Ерлан Жүніс




Көп сөйлеуді тәрк еткен адамға даналық беріледі.


Көзіме көркем көрінген көрініс


Менің түскі асымды уайым қылып жүргендер бар екен ғой😅

Сол бастаған аптада 5 күн бойы бұлжытпай орындадым. Онан соң жұмыс графигім өзгерді яғни осы аптадан бастап.

Аптасына 2 рет қана толық жұмыс күні. Сондықтан тек 2 рет түскі ас алып барамын😁🥰


Репост из: Кітап үзіндісі
Біреуге сүйікті болу үшін өзің де сүйе біл!

📚Сәуле Досжан «Мыңжылдық махаббат»


Репост из: Zhanartau. Kulshar Bekzat.
Айтшы енді, қалай таңғалмайсың?

Мен кездейсоқтық дегенге мүлдем сенбеймін. Бұл өмірде ештеңе бекерден бекер емес. Бұған мысалды мыңдап келтіруге болады. Жақында «Егеменнен» Қанат ағаның бір мақаласын оқып, еріксіз таңдай қақтым.

Қысқаша айтсақ оқиға былай болған:

Майкл Джексон атағы дүркіреп тұрған күндердің бірінде қан қысымы көтеріліп, қатты ауырып қалады. Содан жедел жәрдем қызметінің дәрігері Сильвия Сандовал алғашқы жәрдемін көрсетіп, музыка патшасына дәрі беріп, бетін бері қаратады.

Майкл есін жиған соң дәрігерге: «Анау қабырғадағы суретті әкеп бересіз бе?» дейді. Бұл әншінің автопортреті еді.

Сильвия әншінің айтқанын әп-сәтте орындады. Майкл оның ағаш жиегін шешіп жатып, суреттің шетін жыртып алады. Сөйтті де, суреттің жиегіне қолтаң­басын қояды.
– Бүгін қай күн? – деп сұрайды медбике Сильвияға сынай қарап.
Сильвия Сандовал:
– 24 мамыр, 1994 жыл, – дейді.
Майкл жылы жымиып, күн­тіз­бедегі күнді сүйкеп жаза салды. Сосын:
– Күндердің күнінде бұл сыйлықты біреуге бергіңіз келсе, мені қатты жақсы көретін адамға ғана тарту етерсіз, – деді.

Ән әлемінің патшасы Майкл Джексон осыны айтты да, енді іс бітті дегендей теріс айналып, бүк түсіп жата кеткен. 

Сильвия Сандовал әншінің бұл қылығын түсіне алмай дал болды. Бұл әншіден қолтаңба сұрады ма? Сыйлық дәметті ме? Жоқ! Ендеше, мына суретті неге Сильвияға береді? Медбике құрал-жабдығын жинап жатып та, жұмысында жүріп те осы сұраққа жауап іздеді. Кейін Майклдың осы бір сыйлығын көрген сайын баяғы сұрақ бас көтеріп, қисынды жауап таппай қиналатын болды.

Арада бірнеше жылдар өтті. Майкл Джексон қайтыс болды. Ал Сильвияның жасы жетпіс төрттен асып, ақ шашты кейуанаға айналып еді.

Ол бір күні Қытайда өткен «I,m а singer» байқауында әлемді аузы­на қаратқан Димаш Құдайбергеннің әнін тыңдайды. Сол-ақ екен, Димаш пен Майкл Джексонның бір-біріне қатты ұқсайтынын байқады. Сосын, Димаштың сұхбаттарын көріп шықты. Құдай-ау, тіпті сөй­леу мәнерінде де ұқсастық бар екен. Димаш та Майкл Джек­сон секілді адамға биязы үн­мен тіл қатып, асықпай сөйлей­тін көрінеді. Ол аз ба, әнші бала Майкл Джексонның шығар­машылығын да аса қатты құрметтейді екен.

Сильвия Сандовал Майкл Джексон­ның сыйлығын кімге аманаттаймын деп, баяғы сұраққа жауап таппай ойға шоматын. Ол достарымен ақылдасып, бұл сыйлықты Димашқа сыйласам деген ойын айтты. Олар да бірауыздан қолдай кетті. Осылай шешім қабылдаған күні Димаш көктен түсті ме, жер астынан шықты ма, кім білсін, дәл ертегідегідей Сильвия Сандовалмен Колифорния шта­тын­дағы Голливуд саяжолында ұшыра­сып қалды.

Сол кезде Сильвия Сандовал:
– Димаш, мен саған Майкл Джексон­ның өз қолымен берілген сыйын сыйға тартайын деп едім. Әуежайға апарып берсем, қабыл аласың ба? – деді.
– Жоқ-жоқ, тап қазір алуға бола ма? – деді Димаш тек осыны ғана күткендей.
– Ол сыйлық сурет. Сол суретті Майкл маған қалдырғанда шетін жыртып алып еді. Соны желімдеп, дайындап қояйын.
– Жоқ, Майкл Джексонның өз қолы­мен жыртылса, оны желімдеудің қажеті жоқ, – деді ол жұлып алғандай.

Димаш ертесі күні сыйлықты алмақ­қа Сильвияның үйіне келді. Сильвия суретті беріп жатқанда екеуінің де көзі Майклдың өз қолымен жазылған датаға түсті. 24 мамыр, 1994 жыл. Сенесіздер ме, бұл дата Димаштың туған күні еді.

Сонда бұл не? Димаш дүние есігін ашып жатқан кезде Майклдың қан қысымының көтерілгені ме? Әйгілі әнші өзінің ізбасарының дүние есігін ашып жатқанын сезгені ме? Кездейсоқтық дей салуға аузыңыз бара ма?


Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз,
Жалғандықтан жасалған көңіл жібі.

Абай


Соңғы кезде бір затты әлде бір сәтті, бір адамды, әйтеуір сағынып жүрмін. Ол кім әлде не? Белгісіз. Әлде бұл аңсау ма екен?


түсіндіңіздер ғой, иә жалпы😅
жазып шаршап кеттім ғой😂

Показано 20 последних публикаций.