Репост из: Мотивация
Байлыққа жету жайлы қай кітапты алсаңыз да, алдымен өзіңе төлеп үйрен дейді. Біздің тапқан табысымыз қарыз жабуға, күнделікті қажеттіліктерге жұмсалып кетеді. "Ақшаңның белгілі бір бөлігін өзіңе қалдыр, өзіңе төле" десең, "қарызымнан құтылып алайын, сосын жинаймын" дейді. Бірақ бұл шеңберден шыға алмайды. Айдың басында қарызын жауып, айдың соңына қарай ақшасы бітіп, қайтадан қарыз алады. Сөйтіп жалғаса береді. Бодо Шефердің мына бір кеңесі осы шеңберден шығуға көмектеседі деп ойлаймын. Мысалмен түсіндірейін. Сіздің қарызыңыз 100 000 тг дейік.
Айлық табысыңыз 200 000 тг. Негізі бірден төлеп құтылуға болар еді. Бірақ сіз қазірден бай адамша әрекет етуіңіз керек. Яғни, алдымен өзіңізге төлейсіз. 100 000 тг қарызды 2-ге бөліп, 50 000 тг өзіңізге, 50 000 тг қарызды жабуға жұмсайсыз. Келесі айда да солай істейсіз. Сонда сіз 2 айда (1) қарызыңыздан құтыласыз және (2) есепшотыңызда 100 000 тг болады. Бұл сіздің жинайтын ақшаңыз. Осы қарапайым әдіс сізді бай адамша ойлануға үйретеді, сәйкесінше байлыққа жету жолына түсуге көмектеседі.
@new_qazaqstan