Теңіз түсті махаббатым🌊


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Бұл каналда болашақ кітабымның үзінділерімен бөлісемін✨
Инстаграмда @baqytty_jamal

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


…Сен жаныңның әрбір бөлшегін сүйетін адамға лайықсың. Сен туралы үнемі ойлап, әр сәтте: қазір не істеп жатыр екен, қайда жүр екен, кіммен бірге және бәрі жақсы ма екен деп уайымдайтын адамға лайықсың. Саған армандарыңды жүзеге асыруға көмектесіп, қорқыныштарыңнан қорғайтын адам қажет. Сені құрметтейтін, тұтас қабылдап, әсіресе, кемшіліктеріңді сүйетін адам. Саған шынайы бақыт сыйлай алатын, сондай бақыттан жер баспай, ауада қалықтап жүргендей күй кешкізетін адам керек…

“Теңіз түсті махаббат”

341 0 15 2 33

Уақыт өте келе, саған бір кезде сенген адамдардың қаншалықты маңызды екенін түсінесің. Қиын сәтте жылы сөз айтқан, бастамаларыңды қолдаған, ісімен көмектескен немесе жай ғана жанында болған адамдардың ең қадірлі, маңызды адамдар екенін түсінесің. Саған жығылған кезде аяқтан шалмай, керісінше қолын созып, “Сенің қолыңнан келеді, сағыңды сындырма!” дегендер – нағыз асыл жандар. Сол сөздермен сен орныңнан тұрып, барлығы мүмкін емес көрінгенде жүре алдың, сосын тіпті ұша бастадың. Мұндай адамдар – жай ғана адамдар емес, Алладан келген демеушілер дер едім.

“Теңіз түсті махаббат”


Кішігірім жарнама

Алматы қаласынан студенттер болса жазыңыздар)


Мүмкін, өмірдің ең қатал әзілі — жүрегіңе қатты байланған адамды жолықтырып, онымен бірге болу мүмкін еместігін білу шығар.

Мүмкін, тағдырдың ең ащы мазағы — бір-біріне жазылмаған жандарды кездестіріп, олардың солайша бір-бірінің ойларында қалып қалуын бақылау шығар.

Мүмкін олардың осы тұзақтан шығуға тырысуын көріп, сатқындық болса да махаббатқа деген сенімді жоғалтпай қалу — ең ауыр нәрсе шығар.

“Теңіз түсті махаббат”


Мен бүгін қыздарға жазбаларыма қарама қарсы нәрсе жазғым келіп отыр.

Бұл жердегі жазбалар жаралы жүрекке, сол жүректің емін таба алмай жүргендерге арналатынын білемін. Жаныңды немен емдеріңді білмей жүргенде дәл сендей ойлайтын адамның ойыңа дөп түскен кезде миыңның травмалары бір рахаттанып, тағы да мұңға жайыла түсетіні бар.

Бірақ, мен жауапсыз не сәтсіз махаббаттың шырмауынан өзін жоғалтып алатын қыздар есін жиса деймін. Кейде біз ойлайтын махаббат сезімі негізінде махаббат болмауы мүмкін. Ол сезімдер жай ғана тәуелділік болып құрдымға жіберуі мүмкін. Есірткі, құмар ойын, темекі, арақ сияқты тәуелділік адамды қалай құрдымға кетіреді. Солай махаббат та сені құрдымға кетіреді.

Өкінішке орай, жігіттерге қарағанда қыздар сезімге әлсіз келеміз. Құлақпен алданамыз. Іші-бауырымызға кірсе сол адамға барымызды саламыз. Осы кезде ес жоғалтпау керек қыздар! Мұны көп жігіт басқа қырынан пайдаланады. Дәл сенің сол қайғырған менің каналымдағыдай жазбаларды сториске бөліскеніңнен рахат, ләззат алады. Қарым-қатынас туралы кітап жазамын деп ол туралы көп оқығаным да бар.

Кейде бастарыңды жоғалта бермей, оқыңдар, ізденіңдер, саяхаттаңдар, тұрыңдар, еңселеріңді көтеріңдер дегім келеді.

Айтарым көп. Екінші бөлім күтіңіздер!


Осы каналдағы оқырмандарымды өмірде көргенде сағындырмай шығарып тұрыңызшы деген еді. Бұл каналда аз ғана оқырман болса да үлкен бір ықылас бар. Осы жауапкершілікті сезініп, шаң басқан жазбаларды шығарып отырмын. Бағалап отырсаңыздар, қуанып қаламын)


Махаббат — бұл сенің қайғың менің де қайғым болуы. Сенің қалай жүргеніңді білмей, бір күн де өмір сүре алмау. Махаббат — ойлар мен жүректердің үндестігі. Сезімдердің, тілектердің толық сәйкестігі. Көзге көрінетін айырмашылыққа қарамастан ішкі ұқсастық. Махаббат — сенің айтылмаған әрбір сөзіңді есту, тіпті тым алыста болсаң да жанында болуың. Махаббат — миллиардтаған адамдар ішінен тек оның ғана жүрегі менің жан дүниеме кілті бар сияқты ерекше құбылыс. Махаббат — барлығы екіге бөлінеді, қуаныш та, қайғы да. Сен мен үшін өзімнен де қатты уайымдағанда, ал мен сенің өміріңде болып жатқан әрбір нәрсеге алаңдағанда. Махаббат — бұл саған бәрібір болмауы. Бұл менің жүрегім сен үшін дұға етіп, ал сенің жүрегің мені қорғаған кез.


“Теңіз түсті махаббат”

Жамал Жақсытай 2024


“Мен біреуге байланып, өзімді жоғалтып аламын ба? - деп қорықтым. Солай болды да…


Сен нағыз махаббатты адам жаныңнан кеткенде жүрегің тілініп, кеудең тыныштық таппайтын уақытта сезінесің. Оны қолыңмен, ерніңмен ғана емес, жүрегіңмен де сезінгің келеді. Оның жанында болғанда ғана шынайы тыныштық табасың. Кеудесіне басыңды қойып, сырттағы әлемнің у-шуына қарамастан, еркін тыныстап, терең ұйқыға бата аласың.

Нағыз махаббат қандай деп сұрайтындарды түсінбеймін. Оны танып алу оңай, оны басқа еш нәрсемен шатастыра алмайсың. Бұл — ен даладағы суық орманда адасып жүріп, өзіңнің үй ошағыңа қайтып келгенмен бірдей.

“Теңіз түсті махаббат”

Жамал Жақсытай


Жүрегің жетектеген жақтан ешқашан тайма. Өмірдің ең шынайы жолы сол жақта…


Күз ол - жылулыққа құмарлық. Дәл осы мезгілде ең әдемі көрпе сатып алып оны кофемен байланыстырғың келеді. Иісі ең әдемі майшам алып, нәзік құмыраға салынған гүлмен табыстырғың келеді. Оған қоса ол гүл - сен күткен адамнан болу қажет. Дәл осы мезгілде терезеге тамшылаған жаңбырға қарау - басқаша сезім береді. Дәл осы мезгілде сүйгеніңмен өткізетін романтикалық кештерді аңсайсың. Дәл осы мезгілде махаббатқа ерекше ашықсың (зәрусің) . Келісесің бе?


«Теңіз түсті махаббатым»
© Жамал Жақсытай, 2021

2k 0 14 4 33

- Мүлде кездеспегеніміз дұрыс еді
- Онда өмірде махаббат барын мүлде білмей өтер едік

«Теңіз түсті махаббатым»


Бұл өмірде ашушаң адам жоқ.
Бірақ бақытсыз адамдардан ашуланшақ адам пайда болатыны рас…


Бақытты болу үшін бір сәтті күтпе. Кез келген сәтті алып бақытты бол. . .


Адамды адамнан бөлетін, алыстататын километр, қашықтық емес. Айтылмаған сөздер
мен үнсіздік алыстады…


Алматылық барлық оқырманымды шақырамын🥰 Күтемін)


Мұңды жеңгеннен, мыңды жеңген оңай. . .


Бір сенбіде ерте оянып, сіз жиналмалы диванның шетінде жалғыздықта отырасыз.
Сіздің ойларыңыз өздігінен сізден де жүйрік болып асығады: Мен үшін уақыт көп нәрсені шешпейтінін түсіндім.

Міне, дәл осы сәтте
Сіз кенеттен әлем сіз екеніңізді түсінесіз.
Сіздің барлық ойларыңыз, істеріңіз және армандарыңыз - мұның бәрі СІЗ.

Ал бүгінгі бардың бәрі сіз жақсы деп шешіп, таңдағаныңыз. . Бұл кіші болсын, үлкен болсын сіздің жолыңызды сіздің жаныңыз жасады.

Сондықтан, егер жаның жайсыз болса,
Күн сенбі ме, әлде басқа ма маңызды емес,
Сіздің астыңыздағы диван немесе әлем сенің көңіл күйіңе жауап бермейді.
Алдымен өзіңе адал бол, жаным❤️


Теңізден артық нәрсе болса, ол тек - теңіздей махаббат❤️


Кім болсақ та, әлемнің қай бұрышында өмір сүрсек те, жүрегіміздің бір түкпірінде бізге бірдеңе жетпейтінін сеземіз. Сол сезіммен қосақталып өмір сүреміз. Маңызды затымызды жоғалтқандай, оны кері қайтара алмаймын ау деп қорқамыз. Асылы, несі кеміс екенін анық білетін адам аз.

Показано 20 последних публикаций.