Telegram Info Kazakh


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Telegram


Чат @tginfokkchat
Ағылшынша нұсқасы: @tginfoen
Бета нұсқа жайлы: @betainfoen
Анонимді кері байланыс @infowritebot
Талқыға арналған чат: @tginfochaten

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Telegram
Статистика
Фильтр публикаций


Жұлдызды реакциялар жіберудегі құпиялылықтың жасырын қырлары
2024 жылдың тамызында Telegram пайдаланушыларға канал жазбаларына жұлдызды реакциялар жіберу мүмкіндігін қосты, ал 2025 жылдың ақпанында мұндай реакцияларды тек өз атыңыздан ғана емес, кез келген ашық арнаңыздың атынан да жіберуге рұқсат берді.

Алайда, екі жағдайда да құпиялылық параметрлері түсініксіз жұмыс істейді. Егер сіз өз атыңыздың құпия сақталатынына сенімді болсаңыз, келесі жайттарды ескеріңіз:
1. Егер сіз жұлдызды реакцияны өз атыңыздан жіберсеңіз, қосымша «Мені көшбасшылар арасында көрсету» опциясын өшіруге мүмкіндік береді. Егер бұл параметр өшірілсе, пайдаланушының аты мен аватары басқа канал жазылушыларына көрсетілмейді, тіпті егер ол постқа ең көп жұлдыз жіберген үш адамның қатарына кірсе де.
Дегенмен, мұндай жағдайда да жұлдыз жіберілген каналдың иесі оның кімнен келгенін канал баптауларындағы «Монетизация» бөлімінен көре алады.
2. Жұлдызды реакция жіберу кезінде қосымша пайдаланушыға өзі иелік ететін ашық арналардың бірін таңдау мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда топ-3 жұлдыз жіберушілер тізімінде қолданушының аты емес, таңдалған арнаның атауы көрсетіледі.
Алайда, жұлдыз алған каналдың иесі «Монетизация» бөлімінде нақты кім жұлдыз жібергенін көре алады. Осы деректерді постқа жұлдыз жіберген үш үздік қолданушының тізімімен салыстыра отырып, канал иесі жұлдыз белгілі бір арна атынан жіберілгенін және сол арнаның нақты иесін анықтай алуы мүмкін.

Абай болыңыз: Telegram қосымшалары жұлдызды реакцияларды жіберушілерге бұл нюанстар туралы ешқандай ескерту жасамайды.

#реакциялар #жұлдыздар #құпиялылық


Telegram Desktop 5.11.0 нұсқасына жаңартылды

Жаңа мүмкіндіктер:
• Жылдам пернелерді өзгерту бөлімі: Баптаулар › Чат баптаулары › Пернелер тіркесімі
• Бейне сілтемелерін нақты уақыттан бастап көшіру.
• Каналдарға бейне жариялау кезінде мұқабаны реттеу.
• Канал атынан ақылы реакциялар жіберу.

Жүктеу: ресми сайт немесе GitHub.

#жаңарту #desktop


Telegram капча қолдана бастауы мүмкін

TDLib бастапқы кодындағы өзгерістерге қарағанда, мессенджер кейбір әрекеттер орындалған кезде капча – «Робот емес екеніңізді дәлелдеңіз» тексеруін көрсетуі мүмкін. Кодқа сәйкес, бұл тексеру тек ресми Telegram қосымшаларында қолданылатын болады.

Әдетте, капча спамнан және басқа да қажетсіз сұраныстардан қорғау үшін қолданылады. Бұрын мессенджер мұндай күмәнді әрекеттерді тек бұғаттай алатын.

Қазіргі уақытта қандай әрекеттер үшін және қаншалықты жиі тексеру қажет болатыны белгісіз. @tginfo редакциясының пікірінше, капча кейбір қолданушылар тап болатын қателер мен floodwait жағдайларын азайтуы мүмкін. Алайда, егер бұл керісінше жағдайды нашарлатса, Telegram жүйені қатаңдатып, капчаны қосымша қиындық тудыратын элементке айналдыруы ықтимал.

Бастапқы кодта Google-дың пайдаланушыны тексеру шешімі – reCAPTCHA аталған. Болжам бойынша, мессенджер дәл осы технологияны қолданады. Қазіргі уақытта бұл мүмкіндік әлі әзірлену үстінде – Telegram командасы оны өзгертуі немесе мүлде алып тастауы мүмкін.

#tdlib #антиспам


Telegram Premium неміс аккаунттарына қолжетімді болды

Неміс телефон нөмірлері бар пайдаланушылар @PremiumBot боты арқылы Telegram Premium жазылымын сатып алу және оны басқа қолданушыларға сыйлау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, бұл пайдаланушыларға жұлдыздарды сатып алу, басқа қолданушылардың эмодзи-статустарын көру және платформаның барлық басқа функцияларын пайдалану мүмкіндігі ашылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін неміс телефон нөмірлеріне тіркелген аккаунттар үшін фиат валютасымен төлем жасау мүмкін емес еді.

#премиум #Германия


Telegram хикая жариялау шектеулерін күшейтті

Telegram Premium жазылушылары емес қолданушылар енді күніне тек 2 хикаяға дейін және аптасына 5 хикаяға дейін жариялай алады. Айлық лимит те өзгерген болуы мүмкін, бірақ қазіргі уақытта оны нақтылай алмаймыз.

Бұрын мұндай қолданушылар күніне 3 хикаяға дейін, аптасына 7 хикаяға дейін және айына 30 хикаяға дейін жариялай алатын.

Сондай-ақ, Ресей, Украина, Үндістан және Иран нөмірлері бар қолданушылар Telegram Premium-ға жазылмайынша хикаяларды мүлдем жариялай алмайтынын атап өткен жөн.

#premium #хикая


Google Play Protect Telegram қосымшасын қате түрде қауіпті деп тануы мүмкін

Шамамен бір сағат бұрын қолданушылар Google Play қорғау жүйесінің Telegram қосымшасы туралы ескерту жасап жатқанын хабарлай бастады. Қауіпсіздік жүйесі қосымша пайдаланушы деректерін ұрлауы мүмкін деп мәлімдеп, оны орнату мен жаңартуға тосқауыл қояды.

Айта кету керек, бұл ескерту тек @tandroidapk ресми Telegram арнасы арқылы қосымшаны орнатқан немесе жаңартқан қолданушыларға ғана әсер етеді. Google Play Store дүкенінен жүктеген қолданушылар мұндай ескертулерге тап болмайды.

@tginfo редакциясы Google қорғау жүйесінің қосымшаны қате түрде қауіпті деп тануда деп есептейді. Біз @tandroidapk ресми арнасында жарияланған файлдың қауіпсіздігіне күмәндануға негіз жоқ деп санаймыз.


Android және iOS үшін Telegram 11.7 нұсқасына, ал Telegram Desktop 5.10.5 нұсқасына дейін жаңартылды

Қолданбалар пайдаланушыларға келесі жаңа мүмкіндіктерді ұсынады:

Коллекциялық сыйлықтарды “тағу” мүмкіндігі
Коллекциялық сыйлық иелері енді оларды “таға” алады: мұндай сыйлықтардың эмодзи, фон және үлгілерін өз профилін безендіру үшін қолдана алады. Ол үшін коллекциялық сыйлық экранындағы “wear” батырмасын басыңыз.

Коллекциялық сыйлықтарды блокчейнге жіберу мүмкіндігі
Енді сыйлықтарды – коллекциялық username мен анонимді телефон нөмірлері сияқты – TON блокчейнінің көмегімен басқа адамға аударуға немесе аукционға қоюға болады. Осылайша, сыйлық иелері Telegram аккаунттарына қол жеткізуді жоғалтса немесе оны жойса да, коллекциялық сыйлықтарды басқаруды сақтай алады.

Сыйлықты блокчейнге ж"іберу үшін: “Параметрлер" > Менің профилім" > "Менің сыйлықтарым” бөліміне өтіп, сыйлықтың бірін таңдап, “Аудару > Блокчейн арқылы жіберу” опциясын таңдаңыз.

Арналарға сыйлықтар беру мүмкіндігі
Енді басқа қолданушыларға ғана емес, арналарға да сыйлық беруге болады. Ол үшін арнаны ашып, төменгі оң жақ бұрыштағы 🎁 батырмасын басыңыз немесе арна профилін ашып, экранның жоғарғы бұрышындағы үш нүктелі мәзірден сәйкес опцияны таңдаңыз.

Сыйлық алған арнаның иесі оны арна профилінен жасыра алады, жаңарта алады немесе оны басқа пайдаланушыға, басқа арнаға немесе блокчейнге жібере алады.

Сондай-ақ, арна жазылушылары жасыруға жатпайтын сыйлықтарды көре алады және арнаның қоғамдық сыйлықтар тізіміне түрлі сүзгілер қолдана алады.

Назар аударыңыз: арналарға сыйлық жіберу мүмкіндігі әртүрлі аймақтарда біртіндеп қолжетімді болады. Бірақ ол @durov арнасы үшін қазірдің өзінде қолжетімді.

Сыйлықтарды стористерде жариялау және оларға сілтемелер жасау
Енді сыйлықтарыңызды стористерде бөлісе аласыз. Бұдан бөлек, әрбір коллекциялық сыйлыққа t.me/nft форматында бірегей сілтеме беріледі.

Сонымен қатар, Telegram iOS қолданушылары бейнелер жариялау кезінде мұқабаны таңдауға және қоғамдық арналардың атынан арна посттарына жұлдыз реакцияларын жіберуге мүмкіндік алды.

Telegram ресми блогындағы мақала
https://telegram.org/blog/wear-gifts-blockchain-and-more

• Android: Google Play, APK ресми сайт немесп тексерліген арна.
• iOS: App Store.
• Windows/macOS/Linux: ресми сайт немесе GitHub.
• Windows: Microsoft Store.
• Linux: Flathub немесе Snapcraft.

#жаңарту #Android #iOS #desktop в


Telegram Mini-App қосымшалары үшін блокчейн қолдану талаптарын жаңартты

2025 жылғы 21 қаңтарда TON-мен жасалған келісімнен кейін Telegram бот әзірлеушілеріне арналған қызмет көрсету шарттарын жаңартты. Жаңа ережелер блокчейн қолданатын немесе криптовалюта қызметтерін ілгерілететін мини-қосымшаларға қатысты талаптарды енгізді.

Негізгі Өзгерістер:
Тек қана TON Blockchain: Мини-қосымшалар криптовалюта токендері мен блокчейн активтерін құру, тарату және басқару үшін тек TON Blockchain-ді қолдануы тиіс.
TON Connect SDK-ны міндетті қолдану: криптовалюталық әмияндармен өзара әрекеттестік тек TON Connect SDK арқылы жүзеге асуы қажет. Басқа протоколдар тек басқа блокчейндерден активтерді аудару үшін рұқсат етіледі.
Әмияндарды ілгерілетуге шектеу: Криптовалюта әмияндарын жарнамалауға тек келесі шарттарды орындаған жағдайда рұқсат етіледі:
- Әмиян тек TON Blockchain-де жұмыс істесе;
- Қосымша өзара әрекеттестік үшін тек TON Connect қолданылса;
- Қызметтер негізінен TON-мен байланысты болса.

Әзірлеушілер үшін Мерзімдер мен Әрекеттер:
Дереу: Токендер мен активтер үшін басқа блокчейндерді қолдануды тоқтатып, TON Blockchain-ге көшу.
2025 жылғы 1 ақпанға дейін:
- Әмияндарға қатысты қосымшалар үшін TON Connect SDK-ға ауысыңыз.
- Жаңа талаптарға сай келмейтін әмияндар мен қызметтерге арналған жарнамалар мен сілтемелерді алып тастаңыз.
2025 жылғы 21 ақпанға дейін: Қосымшаны, соның ішінде активтер мен смарт-келісімшарттарды, толықтай TON Blockchain-ге ауыстырыңыз.

Кімге әсер етілмейді:
• Мини-қосымшалары жоқ қарапайым бот әзірлеушілеріне.
• Blockchain технологиясын қолданбайтын мини-қосымшалардың жасаушыларына.
• Blockchain-мен байланысты қызметтерді ілгерілетпейтін мини-қосымшалар әзірлеушілеріне.
• TON multi-chain әмияндарына, пайдаланушыларға Bitcoin, Ethereum, USDT және басқа криптовалюталарды жіберуге және қабылдауға мүмкіндік беретін.
• Bitcoin, Ethereum және басқа токендерге арналған стейкинг бағдарламаларын ұсынатын әмияндарға.
• Қосымша интерфейсі арқылы cross-chain токен алмасуды іске асыратын әмияндарға.

Telegram-ның ресми қызмет көрсету аккаунттары мини-қосымшалар әзірлеушілеріне blockchain қолдану талаптарына бейімделуді талап ететін хабарламалар жіберуде. TON-ге көшу процесі бойынша сұрақтары бар әзірлеушілерге @BotSupport аккаунтына #MigrationToTON хэштегімен хабарласу ұсынылады.

Айта кетерлігі, Telegram бұл шешімді оның негізін қалаушы Павел Дуровтың App Store монополистік саясатына сын айтқаннан кейін қабылдады. Енді Telegram платформасында блокчейн қызметтерін монополизациялау талпынысы ретінде қабылдануы мүмкін шектеулер енгізіп отыр.

#TON #боттар


Telegram Desktop 5.10.4 нұсқасына дейін жаңартылды

Не жаңалық:
• Арналарда пікірлерінен хабарламаларды іздеу мүмкіндігі қосылды.
• Блокчейнге ерекше сыйлықтарыңызды жіберу мүмкіндігі қосылды.
• Linux жүйесінде фондық режимде жұмыс істеу мүмкіндігі қосылды.
• macOS-та қосымшаны жабу кезінде мүмкін болатын тұрып қалу мәселесі түзетілді.

Жүктеп алу:
Windows/macOS/Linux: ресми сайттан немесе GitHub-тан.

#жаңарту #desktop


Павел Дуров Telegram модерациясын жақсартуға уәде берді

Павел Дуров Франция сотына куәлік беріп, контент модерациясын жақсартуға уәде етті.

Негізгі мәлемет:
• Павел Дуров «Telegram қылмыскерлер үшін жасалмаған» деп мәлімдеп, модерация процедураларын жақсартуға уәде берді.
• Ай сайын платформа ережені бұзғаны үшін 15-20 миллион аккаунтты және екі миллионға дейін каналдар мен топтарды жою қажет.
• 2024 жылдың алғашқы 6 айында Telegram 10 000-нан астам қолданушының деректерін ашты.

Сот Telegram-ды қылмыскерлердің пайдалану фактілері арта түскенін атап өтті: Франция жандармериясының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы 5 айында Telegram-да заңсыз әрекеттерге байланысты 535 қылмыстық іс қозғалған. Салыстыру үшін, 2023 жылы мұндай істер саны 808 болған.

Соттар Telegram-ның «Жақындағы адамдар» функциясына ерекше назар аударды. Бұл функция Павел Дуровтың тұтқындалуынан кейін өшірілген. Күдікке сәйкес, ол геолокация арқылы есірткі саудасы немесе жезөкшелік сияқты заңсыз қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылған.

«Көптеген елдерде бұл функция заңсыз әрекеттер үшін емес, игі мақсатта қолданылады», – деп атап өтті Дуров.

2024 жылдың желтоқсанында мессенджер алғаш рет жылдық пайда туралы хабарлады. Дегенмен, Дуров тергеушілерге платформаның $2 миллиард қарызы бар екенін айтты.

#соттар #Франция


Telegram DC2 деректер орталығында уақытша баяулау

14:25-тен 19:40 (Астана) аралығында Telegram қолданушылары DC2 деректер орталығында (Еуропа) уақытша кідірістерді байқады, бұл кезде хабарламалар баяу жіберіліп, жүктелді.

Бұл қысқа мерзімді ақаудың ықтимал себебі Ресейде болған ірі интернет үзілісі болып көрінеді. Сол уақытта Telegram жұмыс істеп тұрған санаулы ірі платформалардың бірі болды.

Жаңарту 19:55 (Астана).
19:40-тан кейін ресурстарға қолжетімділік біртіндеп қалпына келе бастады.

#үзілістер #Ресей


Telegram Android және iOS 11.6.2 нұсқасына дейін жаңартылды.

Пайдаланушыларға жақсартылған сыйлықтармен бөлісу мүмкіндігі пайда болды. Енді бұл сыйлықтарды хикаяларда жариялауға да болады.

Ол үшін «Менің профилім» бөліміне кіріп, «Сыйлықтар» қойындысын ашып, жақсартылған сыйлықты таңдап, «Бөлісу» түймесін басу қажет.

Сонымен қатар, жақсыртылған сыйлықтарға енді t.me/nft/PlushPepe-171 форматындағы тікелей сілтемелер арқылы қол жеткізуге болады. Мұнда PlushPepe – сыйлықтың атауы, ал 171 – оның реттік нөмірі.

Жаңартуды жүктеу:
Android: Google Play, ресми сайттағы APK немесе расталған арна.
iOS: App Store.

#жаңарту #Android #iOS #NFT #сыйлықтар


Telegram АҚШ органдарымен ынтымақтастығын өзгертті

Telegram таратқан жаңа мәліметтерге сәйкес, мессенджер 2024 жылы АҚШ құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты едәуір арттырған.

• Telegram 2024 жылы АҚШ билігінен келген 900 сұранысты қанағаттандырып, 2 253 пайдаланушы туралы деректерді берді.
• 2024 жылдың қазанына дейін тек 108 пайдаланушыға қатысты 14 сұраныс өңделген.
• Тамыз айында Telegram бас директоры Павел Дуров Францияда тұтқындалғаннан кейін қанағаттандырылған сұраныстар саны күрт өскен.
• Қыркүйекте Telegram өзінің құпиялылық саясатын жаңартып, IP мекенжайлар мен телефон нөмірлерін құқық қорғау органдарына заңды талап болған жағдайда ғана ашуға рұқсат берген.

Сарапшылар Telegram саясатының өзгеруін әртүрлі елдердегі реттеушілердің өскен қысымымен байланыстырады. Бұған дейін компания пайдаланушылар деректерін беру мәселесінде билікпен ынтымақтасудан бас тартуымен танымал болған.

Осы пост жазылған сәтте Telegram сұраныстардың күрт өсуі бойынша ресми түсініктеме берген жоқ.

#АҚШ


Сыйлықты ерекше етіп жаңарту және оны NFT-ке айналдыру
ᅠᅠ
Не жаңартуға болады?

Қазіргі таңда Telegram-да 72 сыйлық бар. Олардың 61-і шектеулі. Шектеулі сыйлықтардың ішінде 21-ін қазір ерекше етіп жаңартуға болады.

Павел Дуровтың айтуынша, жаңартуға болатын сыйлықтардың тізімі кемінде 25 ерекше сыйлықпен толықтырылады.

Бұл жазба жарияланған кезде келесі сыйлықтарбы жаңартуға болады: t.me/tginfokkchat/17962

Сыйлықты қалай жаңартуға болады?

Сыйлықты ерекше етіп жаңарту үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Жаңарту мүмкіндігінің қолжетімді екенін тексеріңіз.
2. Сыйлықты таңдаңыз.
3. «⭐️ 25 үшін жаңарту» батырмасын басыңыз.
4. Жаңарту барысында сыйлық жіберушінің профиліне сілтемені және олардың пікірін қалдыру немесе бұл ақпаратты жасыруды таңдай аласыз.

Жаңартудан кейін не болады?

Жаңартылған сыйлық келесі ерекше сипаттамаларға ие болады:
• Бірегей сериялық нөмір;
• Сыйлықтың моделі;
• Фон үлгілері;
• Фон түсі.

Бұл ерекшеліктер кездейсоқ түрде жасалады, ал олардың сиректігі түсу ықтималдығына байланысты анықталады. Қандай да бір ерекшеліктің түсу ықтималдығы төмен болған сайын, сыйлық соғұрлым ерекше болады.

Маңызды мәліметтер:
• Сыйлықты қайта жаңарту мүмкін емес.
• Егер сыйлықтың берушінің мен пікірін жасырмасаңыз, оны кейін өзгерту мүмкін болмайды.
• Сыйлықты жаңартқаныңыз туралы, сондай-ақ оның барлық жаңа сипаттамалары көрсетілген хабарлама сыйлық жіберушімен болған диалогқа жіберіледі.

Сыйлықты NFT-ке қалай айналдыруға болады?

Жаңартылған сыйлықты 21 күннен кейін ғана TON блокчейнінде NFT-ке айналдыруға болады.

Таймер ерекшеліктері: Егер жаңартылған сыйлық қайта жіберілсе немесе алынса, таймер 21 күнге қайта орнатылады.

Мысалы, досыңыз сыйлықты 11 күн бұрын жаңартып, сізге берді делік. Оны NFT-ке айналдыру үшін алған күннен бастап 21 күн күтуіңіз керек.

Сосын сыйлық пен нестейім?

Айналдырудан кейін сыйлық NFT ретіңде сіздің кастодиалдық емес әмияныңызға жіберіледі. Сіз оны нарық алаңдарында, мысалы, Fragment.com сияқты платформаларда сата аласыз немесе өз қалауыңыз бойынша қолдана аласыз.

#NFT


Telegram Desktop 5.10.0 нұсқасына дейін жаңартылды

Жаңалықтар:
• Сыйлықтарға көптеген өзгертулер енгізілді.
• Қызметтік хабарламаларға реакция қою мүмкіндігі қосылды.
• Үшінші тараптардан тексеруден өту мүмкіндігі бар.
• Қапшық атауларында арнайы премиум эмодзилер қолжетімді.

Жүктеп алу:
• Windows/macOS/Linux: ресми сайттан немесе GitHub арқылы.

#жаңарту #desktop


Сыйлықтарды NFT-ке түрлендіру туралы

Қазіргі уақытта сыйлықтарды түрлендіру процесінде пайдаланушыларға түсініксіз кейбір ерекшеліктер бар.

Әр сыйлық түрлендіріле бермейді

Біріншіден, тек шектеулі сериядағы сыйлықтарды ғана түрлендіруге болады.

Екіншіден, мұндай сыйлықтардың өзі де қазіргі уақытта әрдайым түрлендірілмейді. Қазіргі кезде тек келесі сыйлықтарды NFT-ке түрлендіруге болатын сияқты: t.me/tginfokkchat/17962.

Мүмкін, болашақта Telegram кез келген шектеулі сыйлықтарды түрлендіруге мүмкіндік бере бастайды.

Жойылған аккаунттан алынған сыйлықты NFT-ке түрлендіру мүмкін емес
Егер сыйлық жіберушінің аккаунты жойылған болса, оны түрлендіруге тырысқанда, платформа жұлдыздарыңызды есептен шығарады, бірақ түрлендіруді жүзеге асыра алмайды. Telegram бұл қателікті түзеткенге дейін жойылған аккаунттардан алынған сыйлықтарды NFT-ке түрлендіруге тырыспауды қатаң түрде ұсынамыз.

#NFT


Telegram Android және iOS үшін 11.6 нұсқасына жаңартылды

Бұл жаңартудағы жаңалықтар:


Үшінші тараптардан верификация
Telegram енді верификация белгісін тек Telegram платформасының өзінен ғана емес, басқа ұйымдардан да ала алады. Алдымен бұл ұйымдар өздерінің боттары үшін Telegram-нан верификация алуы керек, содан кейін олар басқа пайдаланушыларға осындай белгілерді бере алады. Бұл белгілердің көрінісі Telegram-ның ресми верификация “белгісінен” өзгеше.
Мұндай белгілерді беру және оларды беру құқығын алу процедурасы Telegram-ның ресми сайтындағы арнайы бетте сипатталған.

Коллекциялық сыйлықтар
Пайдаланушылар сыйлықтарын бірегей коллекциялық заттарға айналдыра алады. Бұл коллекциялық сыйлықтардың ерекше сипаттамалары бар және оларды басқа пайдаланушыларға беру немесе NFT нарықтарында аукционға қоюға болады.

Жалпы іздеу үшін чат түрін сүзу
Жалпы іздеу экранында пайдаланушылар «Барлық чатты» батырмасын басып, қолданбаның қай чаттардан мәтінді іздеу керектігін таңдай алады: барлық чаттар, тек жеке диалогтар, топтар немесе арналар.

Қызметтік хабарламаларға реакциялар
Енді сіз қызметтік хабарламаларға да реакция жібере аласыз: топқа жаңа мүше қосылуы, топтан шығуы, чаттың аты немесе аватарын өзгертуі, сыйлық хабарламасы және тағы басқа оқиғалар туралы хабарламаларға.

Бумалардың атауларына эмодзилер қосу
Енді қалтаның атауына эмодзилерді қосуға болады. Эмодзиді таңдау үшін қалтаның баптау экранындағы атаудың оң жағындағы батырманы басу қажет. Стандартты эмодзилер ғана емес, сондай-ақ арнайы эмодзилер де қолжетімді. Сонымен қатар, қосылған эмодзидің анимациясын өшіруге болады.

Кіріктірілген камера арқылы QR кодын сканерлеу
Премиум пайдаланушылар енді Telegram қолданбасынан шықпай-ақ QR кодтарын сканерлей алады. QR кодты тек сторис түсіруге арналған камера арқылы сканерлеуге болады. Сонымен қатар, QR кодта тек пайдаланушы профиліне, ботқа, ашық топқа немесе арнаға (яғни, қоғамдық пайдаланушы аты бар нысандарға) сілтеме болуы керек.

Өзіңізге сыйлық жіберу мүмкіндігі
Енді пайдаланушылар өздеріне жұлдызды сыйлықтар жібере алады. Мұны істеу үшін «Параметрлер › Сыйлық жіберу» бөліміне өтіп, өз атыңызды басыңыз.

Мақала: https://telegram.org/blog/collectible-gifts-and-more/ru

Жүктеп алу:
Android: Google Play арқылы, ресми сайттан APK жүктеп алу немесе расталған арнадан.
iOS: App Store арқылы жүктеп алу.

#жаңарту #Android #iOS


Сыйлықтарды NFT-ке түрлендіру мүмкіндігі жаңа жаңартуда пайда болады

Telegram Android үшін бастапқы кодында сыйлықтарды NFT-ке түрлендіруге қатысты мәліметтер табылды. Пайдаланушылар сыйлықтарды ерекше коллекциялық нысандарға айналдыра алады.

Коллекциялық нысандар:
• Telegram ішіндегі басқа пайдаланушыларға жіберілуі мүмкін.
• Telegram-да жұлдыздарға сатылуы мүмкін.
• Үшінші тараптың NFT платформаларында сатылымға шығару үшін сыртқы блокчейн мекенжайларына жіберілуі мүмкін (шектеу мерзімі өткеннен кейін).

Коллекциялық нысандарда NFT-ке тән қасиеттер болады:
• Бірегей нөмір.
• Модель.
• Фон.
• Белгі.
• Шығу тарихы (кім сыйлады және қашан).

Ескерту: бұл ақпарат қосымшаның бастапқы кодына негізделген, сондықтан бұл функциялар шығарылымға дейін елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

Біз бұл мүмкіндіктің дамуын бақылауды жалғастырамыз және жаңалықтар белгілі болған сәтте сіздермен бөлісеміз. Telegram Beta нұсқалары туралы толығырақ ақпаратты біздің @betainfo арнамыздан оқи аласыздар.

#сыйлықтар #NFT


iOS-қа арналған Telegram енді құрылғыны қызып кетпейді

19 желтоқсанда пайдаланушылар Telegram iOS нұсқасының 11.5.2 (29993) құрылғының қызып кетуіне және батареяның өте жылдам бітуіне себеп болатыны туралы хабарлады.

Telegram iOS 11.5.3 (30003) нұсқасына дейін жаңартылды, оны App Store-дан жүктеп аласыз.

Қолданбаңызды жаңартыңыз және iPhone қалай жұмыс істеп жатқанды жазып кеттіңіз.

Жаңарту 27.12.2024 05:20 (Астана уақыты):
Telegram iOS 11.5.3 нұсқасында жаңа қате анықталды: бейнехикаяны қарау кезінде қосымша тек дыбысты ойнатады, бірақ бейнені көрсетпейді.

#iOS


Жаңа жылдық визуалды эффекттер

Жыл соңында Telegram-ның Android қосымшасындағы бүйірлік мәзірдің көрінісі сәл өзгереді:

24 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін бүйірлік мәзірде жаңа жыл тақырыбындағы иконкалар мен қардың жауу анимациясы пайда болады.

Тек 1 қаңтар күні қар жауу анимациясы чаттарда және чаттар тізімінің жоғарғы бөлігінде көрінеді.

Ескерту: Қардың жауу анимациясы төмендегі баптау қосылған жағдайда ғана көрінеді:
Параметрлер > Энергияны үнемдеу > Чаттардағы анимация > Тұсқағазды айналдыру.

Telegram Desktop-та қар ұшқынының иконкалары бүйірлік мәзірдегі профиль бөлімінде орналасқан. Егер Энергияны үнемдеу > Интерфейс анимациялары параметрі қосылған болса, олар анимацияланады.

#ЖҚС

Показано 20 последних публикаций.