Тимурдан инфо

@timurdaninfo Нравится 0

✔Ақпараттық технология (ІТ),
✔кәсіп бастау,
✔Интернет маркетинг,
✔жаңа медиа,
✔әлеуметтік желілер және тұлғалық даму бойынша ақпарат жазуға тырысамын.
📬 Сұрақты жекеге @timurbektur қойсаңыздар болады.
Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии


Написать автору
Гео канала
Казахстан
Язык канала
Казахский
Категория
Технологии
Добавлен в индекс
15.04.2018 02:12
19 Mar, 17:54 (126 дней назад)
АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ!

Қазір халық арасында Президенттің биліктен кетуіне байланысты небір қаңқу сөздер, жалған видеолар мен фотолар, тіптен аудиолар таралуы әбден мүмкін. Сондықтан да өзіңізге келген ақпаратты өзгеге жібермес бұрын мыналарға НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

- Ақпарат қаншалықты сенімді? Фото не видео, аудиода сенімсіздік тудыратын элементтер бар ма? Олардың кез-келгенін қарапайым іздеу жүйелері арқылы тексеруге болады. Жеті рет оқып, бір рет жіберіңіз.
- Әсіресе, whatsapp арқылы таратылған ақпаратқа абай болыңыз. Бұл мессенджерде фейк ақпарат жиі таралады.
- Мәтін күйінде жіберілген ақпаратты мұқиятпен оқыңыз. Әдетте, жалған ақпарат қатеге немесе тікелей аудармаға толы болады.
- Кез-келген деректі ресми ақпарат көзімен тексеруге тырысыңыз. Ол үшін ресми органдардың сайты мен әлеуметтік желілерді бір қарап шығу да жеткілікті.
- Басқа ұлт өкілдеріне қатысты немесе ұлтараздық, дінараздық ақпарат таратпауға тырысыңыз. БАЙҚАҢЫЗ! Бұл үшін ҚР ҚК-нде 174- және 256-баптардың бар екенін ұмытпаңыз.
- Арандатушы контент таратпаңыз.
- Қызық қуам, прикол ұстайм деп желілік лаңкес немесе қылмыскер болып кетуден сақтаныңыз.
- Түрлі мессенджерлер мен интернетте жүрген ақпаратқа сене бермеңіз.

Осы қарапайым бірнеше ережені ұстану арқылы сіз өзіңізді және жақындарыңызды ЖАЛҒАН АҚПАРАТТЫҢ құрбаны болып кетпеудің алдын аласыз.

Кейбір ақпаратты біз де бірден тексеріп отыруға тырысамыз. Ол үшін келесі парақшаларды оқыңыз:
facebook үшін: Fact Checking Kazakhstan және FactCheck.KZ
insta: factcheck_kz
telegram: https://t.me/birgeteksereik
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

АБАЙЛАҢЫЗ, ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТЫП, ОПЫҚ ЖЕП ҚАЛМАҢЫЗ!