Қазақ рэбінің атасы!
Жаңа ғана телеграм ақтарып отырып hasper деген біреудің каналына тап боп қалдым. Сөйтсем, алдында "Гәкку" арнасы қазақстандық рэперлердің тізімін жасаған екен. Әлгі hasper соған ашуланып, "Шыңғыс - қазақ рэпінің бастаушысы" деген әңгіме айтыпты.
Оооо, щеголдар...
Сіздер қазақша рэп пен қазақстандық рэпті менен сұраңсайш.
Вапше, қазақстандық рэптің іргетасы - Ақтауда, Маңғыстау облысында қаланған еді. Сондай-ақ қазақша рэпті де ең алғашқы оқыған ақтаулық чувактар болатын.
Сонымен...
Флэшбэк
90-шы жылдар. Самсон Аракелян. Сіздер оны BigSom деген атпен танисыздар. Жасы 40-тан асса да әлі күнге дейін ол өзінің сүйікті ісін тастамаған. Америкалық рэперлерден жұққан әдет - тек рэп оқу емес, көше баскетболы да оны Қазақстандағы танымал рэперлердің қатарынан көрсетті. Қазір ол Ақтаудағы көше баскетболының дамуына күш салып, жеке баскетбол клубын ашып, жеке стадион ашып, көше спортын дамытуға қатты үлес қосып жүр.
95-ші жылдар. Самсон қазақстандық рэптің орысшасын дамытса, өмірге ДМХ деген топ келді. Ол кездегі рэппен ауырған адамдар бульдог DMX-пен шатастырмасын. Бұлар - Долина Маленьких Хулиганов. Бұлардың рэп оқудағы шеберліктерінен бөлек тарихта аты қалар жаңашылдығы сол - 2000 жылдар басталмай тұрып ең алғаш рет қазақша рэп оқыған болатын...
"Мен қазақпын" деген сингл баршаңыздың есіңізде болар? Нағыз бомба еді. Қазір ғой сіздер анау қыздар құсап майысып қалған нәзік кейпоп қазақшалап жібергенге мәз боп жүрген. Ал ол кезде қазақша рэп оқу деген - нағыз сенсация һәм жүрекжұтқандық еді. "ДМХның" "Мен қазақпынын" жұрт өте жылы қабылдады. Ал мына жақта жұрттар күні кешегі Шыңғысты қалай ұялмай айтады, ә?
Анау Қыдырәлінің "Неге біздің қазақ эстрадасы Ресейдің көшірмесі болу керек? Неге бір түйір қазақ әні жоқ үлкен сахнада?" деп намыстанып, "Азия дауысында" маңғыстаулық жыршы-термеші Сүгірдің "Ауылға да Сүгір-ай келді дебін" бүкіл қазақтың делебесін қоздырып алып шығатын кездер естеріңізде ме? Сол кезде артында тұрған қалың қазақтың сұранысын сезе білген және жаңа заман музыкасын қазақыландыра білген осы "ДМХ" мен Қыдырәлі еді ғой.
98-ші жылы, Жетібайдан Ақтауға келгем оқуға. 10-11-ді "Дарынның" интернатында жатып бітірдім. Сол кезде партадан, аннан-мыннан ДМХ деген жазуларды көріп қалатынмын. Сөйтсем, мына фотода ортада отырған ақ киімді жігіт, соның белді мүшесі Мұратпен интернатта бір бөлмеде тұрады екенбіз. Параллель класта оқыды. Шығармашылық лақабы - Long Beach.
Ол кезде компьютердің құны - машинамен бірдей, ал музыкалық аппараттар мүлдем қат, сондықтан біздің рэперлер барлық дерлік өлеңдерін АҚШтағы танымал рэперлердің минустарына жазатын. Эминемнің атақты Stan-інің әуеніне, ақтаулық Айнұр Жұмағалиева Dido-ның орнына қосылып "Письмо без ответаны" шығарды ғой.
2000 жылдардан кейін күн тәртібіне жаңаөзендік бауырым - Амангелді шықты. Оның дауыс тембрі деген енді сұмдық. Нағыз рэпер, нағыз заманауи жырау. Сіздер оны Жақау деген атпен танитын болуларыңыз кәдік. Оның қазақша рэптері енді бүкіл қазақ даласын жарды. Жақау - соло болса, ақтаулық келесі бір қазақша рэп тобы - West stars. Әлқуат деген бала болды құрамында.
Біздің балалардың таланты мен қарымы және шығармашылығы қанша мықты болса да оларды ешкім шоу-бизнес ретінде көрмей, демеушілік жасамады. Кейін барып алматылық, шымкенттік топтар шоу-бизнес ортасында болып, демеуші тауып, алға шығып кетті.
Қысқаша айтқанда, қазақ рэбінің жағдайы мен тарихы - осылай. Өз таланттары мен дарынды ұлдарын ешқашан менсінбейтіні болмаса, Маңғыстаудан талай мықтылар шығып жатыр ғой. Содан соң өзгелер қайдан есіне алсын...